7


  • Учителю
  • Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері. Киіз үй.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері. Киіз үй.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бейнелеу Күні:

Тақырыбы: Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері. Киіз үй.

Мақсаты:

Оқушыларға өткенді еске түсіртіп, жаңа сабақпен таныстыру.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерімен таныстыру.

Соның бірі киіз үй туралы айту. Қызығушылығын ояту.

Есте сақтау, логикалық ойлау, суретті жақсы салу қабілеттерін дамыту.

Еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: Сурет, оқулық, түсті қарындаштар, гуашь

Түрі: аралас сабақ

әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.

сабаққа даярлық. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, психологиялық дайындық өткізу.

Өзін-өзі тану бағдарламасы бойынша «Жүректен жүрекке»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ . Өткенді қорыту

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері. Киіз үй.

. Суреттермен жұмыс жүргізу.

Оқулықпен жұмыс.

-Тізбектей оқу мәнерлеп оқуын қадағалау

-Жеке-жеке оқу.

Киіз үй

Кереге уық

Шаңырақ

Кереге - киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Керегенің әр ағашын желі, ал керегелік желінің ең ұзынын - ерісін, қысқалауын - балашық, ең қысқасын - сағанақ деп атайды.

Керегенің көктеліп біткен әр бөлігін қанат деп атайды. Қанат саны (3 қанаттан бастап 12 қанатқа дейін) үй көлеміне қарай көбейе береді. Керегенің бас санына қарай уық саны азайып, көбейіп отырады.

Уық - кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні

деп атайды.

Уықтың жоғары түзу жағын қары, шаңырақ көзіне сұғынатан төрт

қырлы ұшын қаламы дейді.Уықтың кеғреге басына байланатын жағын

тесіп, бау өткізеді, оны уық бау дейді.

Шаңырақ - киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез.

Оны көбіне тораңғыдан, сом қайыңнан иіп қиюластырады, қоспаларын

жылтырауық металмен, күміспен құрсайды. Шаңырақтың дөңгелек

шеңберін тоғын дейді.

Оған уық сұғынатын төрт қырлы көз - қаламдықтар теседі.Түндікті

көтеріп тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын - шашын іркілмеуі

үшін 45 градус шамасында айқастыра бекітілген ағаштарды күлдіреуіш

деп атайды.


Сергіту сәті: «Күн,түн» ойыны

ҮІ. Альбоммен жұмыс.

Өздері сурет салады - Киіз үй.

ҮІІ. Бекіту.

Тапсырмалар орындау

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

Киіз үйдің суретін аяқтап келу.

бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал