7


  • Учителю
  • Урок по әдебиеттік оқу на тему 'Сабырсыз, арсыз, еріншек' 3 класс

Урок по әдебиеттік оқу на тему 'Сабырсыз, арсыз, еріншек' 3 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: А. Құнанбаев.

Сабырсыз, арсыз, еріншек.
Мақсаты:

Білімділігі:

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып,

өлеңнің негізгі идеясын ашу арқылы сабақ бойынша түсінік қалыптастыру
Дамытушылығы:

Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы

ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.Оқушылардың сөздік қорын молайта

отырып,мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру. Тәрбиелілігі:

Өлең жолдары арқылы адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ

ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу, іздену, қорытындылау.
Көрнекілігі: БҮҮкестесі, топтастыру,бес жол өлең,Абай портреті,слайдтар топтамасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық!
ІІ.Өткенді пысықтау

*Мұхтар Әуезов.Жолда.

*Сұрақ-жауап:

1.Мәтіннің авторы кім?

2.Мәтін кім туралы?

3.Мәтіндегі кейіпкерлерді ата.

4.Құнанбай деген кім?

5.Мәтін қай романнан алынған?

6.Анасы Ұлжан Абайға не айтты?

7.Абайдың қандай қасиеттерін байқадық?

ІІІ.Ой қозғау

«Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой.
Бес асыл іс - көнсеңіз».
- Бұл үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
- Абай ата туралы не білеміз,соны ортаға салайық.

Бүгін біз сабағымызды «Абай ауылына саяхат » жасаудан бастаймыз.



І топ «Абай өлеңдері »

Абай өлеңдері

ІІ топ «Абайдың қара сөздері »

Абай дың қарасөздері

ІІІ топ «Абайдың әндері»

Абай дың әндері



ІV.Жаңа сабақ.

Абай Құнанбаев-қазақ халқының ұлы ақыны,асыл сөздің зергері.Азан шақырып қойған аты-Ибраһим.Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен.Осыдан кейін Ибраһим дейтін шын аты аталмай,ел арасында Абай атанып кетеді.

Өлеңдерінен басқа 3 поэмасы,45 қара сөзі бар.Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жаңатаевтың атымен жариялаған.Алматыда Абай ескерткіші,Абай көшесі,Абай атындағы университет,Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар.Абайдың анасының аты-Ұлжан,әжесінің аты-Зере.Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өседі.


Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін созылған

20 жылдық әдеби қызметінде 8000 өлең жолы мен 45 нақыл сөзін жазып қалдырды. Ол нақыл сөздер "Абайдың қара сөздері" деп аталады.

ІV.Оқулықпен жұмыс

Сабырсыз, арсыз ,еріншек

Сабырсыз,арсыз, еріншек,

Көрсеқызар,жалмауыз,

Сорлы қазақ сол үшін

Алты бақан,алауыз.

Өзін-өзі күндейді,

Жақынын жалған міндейді,

Ол-арсыздық белгісі.

Ұятсынбай,ойланбай,

Қой дегенге тіл алмай,

Іс қылмай ма ол кісі?

Бір-ақ секіріп шығам деп,

Бір-ақ қарғып түсем деп,

Мертігеді, жатады.

Ұрлықпен мал табам деп,

Егессе ауыл шабам деп,

Сүйтіп құдай атады.


1) Мәтінді мұғалімінің мәнерлеп оқуы.
2) Оқушыларға оқыту:

І топ:

*мәнерлеп оқу

ІІ топ:

*тізбектей оқу

ІІІ топ:

*жұппен оқу

V.Сөздік жұмыс

Алауыз-береке-бірлігі жоқ,ынтымақсыз.

Күндейді-қызғанады.

Мертігеді-бір жері сынады,шығады.

Міндейді-мін тағады,жамандайды.

VІ.Дәптермен жұмыс

Желтоқсанның бесі

Абай Құнанбаев

Сабырсыз,арсыз,еріншек

(Үзінді)

VІІ«Мағынаны аш»
І топ - Сабырсыз
ІІ топ - Арсыз
ІІІ топ - Еріншек

VІІІ.Сергіту сәті

Электронды оқулықтан Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдау



ІХ.Кестемен жұмыс


Адамның мінез-құлықтары

жағымсыз

сабырсыз

арсыз

еріншек

жалмауыз

көрсеқызар

алауыз

өсек

өтірік

мақтаншақ

еріншек

бекер мал шашпақ

жағымды

сабырлы

арлы

еңбекқор

сыпайы

білімді

ақылды

талап

еңбек

терең ой

қанағат

рахым

Х.Шығармашылық тапсырма

І топ: Бес жол өлең

1.Зат есім (бір сөзден)

2.Сын есім (екі сөзден)

3.Етістік (үш сөзден)

4.Сезімді білдіретін сөздер (төрт сөзден)

5.Синоним

ІІ топ: «Абай» топтастыру





ІІІ топ:БҮҮ кестесі

Білетінім

Үйренгенім

Үйренгім келеді




ХІ. Қорыту.

-«Жақсы сөз - жан азығы» - дейді қазақ. Мына жүрекшені бір - бірімізге бере отырып, қандай адам болу керектігін білдіретін тілегімізді айтайық:
Жүрекше соңында мұғалімнің қолына қайтып келеді.
- Абай рухы - туған тілдің тірегі.
Абай рухы - қазағымның жүрегі.
Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,
Намысыңды қамшыласын үнемі.- деп бүгінгі сабақты қорытындылай келе (бағаларын айту, мадақтау)
ХІІ. Үйге тапсырма.

1. Өлеңді жатқа айту
2. 3-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығынан Абай өлеңдерінің аттарын теріп жазу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал