7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: 'Тазалық-денсаулық кепілі' (5 сынып)

Тәрбие сағаты: 'Тазалық-денсаулық кепілі' (5 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Тақырыбы: «Тазалық-денсаулық кепілі»


Мақсаты: Балаларды Айбалит дәрігердің кеңестерімен таныстыру.

Дәрумендердің адам ағзасын нығайтудағы пайдасын түсіндіру. Денсаулықты сақтап,қадірлей білуге тәрбиелеу.


Қажетті құралдар: телефон, жеміс-жидектер, көкөністер, маскалар, әр түрлі суреттер.


Шаттық шеңбері

-Денің сау болсын десең

-Шынығу керек.

- Денің сау болсын десең

-Ерте тұру керек

-Денің сау болсын десең

-Күнде жаттығу керек

Денің сау болсын десең-

-Салауатты болу керек.


Жүргізуші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыстың қай айы?

Аптаның қай күні?

Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы : «Тазалық денсаулық кепілі».

Балалар, адамдардың көңілді жүруі неге байланысты?

Дені сау адам қандай адам?

Балалар, жеке бас тазалығымызға және деніміздің сау болуына ауырмау үшін не істеуіміз керек?


Балалар: Күнде жаттығу жасау керек, таңертең және кешке тісімізді 2 рет тазалау керек, қолымызды тамақтанар алдында жуу керек. Қысы-жазы шынығуымыз керек. Қыста не істейміз? Жазда ше?


Суретпен жұмыс.

Сергітусәті:

Сылдырлайды мөлдір су

Мөлдір суға тісіңді жу

Жуынсаң сен әрдайым

Аппақ бетің маңдайың

Тазалықтың досы

Су дегенің осы


Жүргізуші: Балалар, сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдерме?

Шомылған баланы

Аймалап алады.

Сүртеді қолында

Сүртеді жанында бұл не? (орамал)

Күнде оған қараймын

Қара шашты тараймын.

Дымқылдап күнде сен.

Қолыңды сүйкесең

Тап-таза боласың.Бұл не? (сабын)


Ойын : «Қайсы артық».

Слайд.

Балалар бізге біреу телефон соғып жатыр-ау деймін.

Алло,алло! Бұл кім екен? Дәрігер Айболит па?

Иә-иә-иә! Бізге келіңіз дәрігер, сізді асыға күтеміз.

Балалар, бізге қонаққа дәрігер Айболит келе жатыр. Сонау Африкадан ұшып келеді. Ол жақтағы ауру аңдарды емдеп, енді бізбен танысуға және біздің денсаулығымызды қарауға келе жатыр екен.

Айболит: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендерге сонау Африкадан келдім. Ол жақта аңдарды емдедім. Мен сендермен тенысып, сендердің денсаулықтарыңды тексеруге келдім. Қазір мен сендерді тексеремін! Күлімдеген көздеріңді, қызғылт түсті беттеріңді және әдемі күлкілеріңді, сау тістеріңді қарағым келіп тұр.

(Дәрігер Айболит балаларға жақындап,олардың бастарынан сипалап, денсаулықтарын сұрайды)

Айболит: Балалар, сендер тістеріңді тазалайсыңдар ма?

Балалар: Иә, тісімізді таңертең және кешке тазалаймыз.

Айболит: Балалар, сендер жуынғанды жақсы көресіңдер ме?

Балалар: Иә! Балалар, таңертең және кешке жуынып жүру керек! Ал, жуынбаған салақ балаға ұят және ұят!

Жүргізуші: Балалар, сендер дәрігерге тазалық, денсаулық туралы тақпақ айтып бересіңдер ме?

Айшолпан: Ашытады көзімді

Сабынданған кезімде

Бола -білсең төзімді

Тап-таза етер өзіңді

Тазалықтың досы

Су дегенің осы

Айдана: Сылдырлайды мөлдір су.

Мөлдір суға қолыңды жу

Тазалықтың досы

Су дегенің осы

Айшолпан: Кәмпит жесең көбірек.

Тісің жүрер мазалап

Не жесең де күніне

Екі рет жу тазалап

Айболит: Жарайсыңдар, балалар деп қалтасынан конверт алып:

Бұл хатты сонау Африкадағы аңдар жіберіпті.

Деніміз сау болу үшін әрқашан тілалғыш болу керек. Тамақ ішер алдында үнемі қолды жуып, тісті таңертең және кешке тазалау керек. Жеміс-жидектер мен көкөністерді көп жеу керек, өйткені олар дәрумендерге өте бай, сонда ауырмайсыңдар.

Жүргізуші: дәрігер Айболит бүгін біздің сабағымызға дәрумендер келіпті.

Айшолпан: Мен алмамын, алмамын.

Балдай тәтті бар дәмім.

Айдана: Мен алмұртпын, алмұртпын.

Аузындамын бар жұрттың.

Мөлдір: Мен шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін.

Айшолпан: Мен өрікпін, өрікпін.

Табиғатқа көрікпін.

Дана: Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім

Айшолпан: Піскен кезде құлпынай,

Қандай әсем көркін- ай

Қарай бергің келеді

Дүркін, дүркін, дүркін-ай.

Дәрігер: балалар, сендер нүкте жаттығуларын жасайсыңдар ма?

Жүргізуші: Әрине дәрігер, біздің балалар күнделікті нүкте жаттығуларын жасап жүр. Балалар, біз сендермен Дәрігерге нүкте жаттығуларын жасап көрсетейік.

1. Мұрынға нүкте жаттығуын жасау. Мұранның ұшын саусақ ұшымен айналдыра сипалау.

2. Қасымызға бас бармағымызбен нүкте жаттығуын жасаймыз

3. Көзімізге нүкте жаттығуын жасаймыз.

4. Құлаққа нүкте жаттығуын жасаймыз.

5. Маңдайымызға нүкте жаттығуын жасаймыз.

6. Алақанымызды ашып жабамыз.

Балаларды дәрігер Айболит мадақтап, олармен қоштасады және оны Африкада күтіп жатқанын айтады.

Жүргізуші: Дәрігер Айболит біздің балалар сізге сыйлыққа ән айтқылары келіп тұр екен.

Балаларға денсаулықтарын күтіп жүрулеріне тілек білдіреді.

(Сыйлыққа дәрумендер береді)

Қорытындылау:

Балалар бүгін біздің сабағымыз не туралы болды?

Бізге қонаққа кім келді?

Біз қандай жаттығулар жасадық?

Қандай ойын ойнадық?

Біздің деніміз сау болу үшін не істеу керек екен?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал