- Учителю
- Әдебиеттік оқу пәнінен 'Менің атым-қожа' 4 сынып сабақ жоспары
Әдебиеттік оқу пәнінен 'Менің атым-қожа' 4 сынып сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақпаевтің « Менің атым Қожа» әңгімесі
Сабақтың мақсаттары: Автордың өмірбаянынан мәлімет беру; өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру; сахналау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту; өнер сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сахналау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактив тақтасы, автордың портреті, видиофильм.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, музыка, өнер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут
Сәлемдесі, көңілді щеңбер құру. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру - 7 минут
Өткен сабақта Төлеген Айбергеновтың «Қыс» өлеңін жаттау болған. Тізбектеп сұрап шығамын.
ІІІ. Негізгі бөлім - 25-30 минут
А) Психологиялық дайындық.
- Балалар «Менің атым Қожа» деген әңгімеден естулерің бао ма?
Ол әңгіменің негізінде Қазақстанда «Менің атым Қожа» «Меня зовут Кожа» фильмы түсірілді. Балалар білгендерін айтып береді.
-
Сонымен балалар біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Бердібек Соқпақпаевтің « Менің атым Қожа» әңгімесі.
Ә) Автордың өмірбаянымен жұмыс жасау
Дүниеге келгені: 1924 қазан
Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе селосы
Қайтыс болғаны: 1992
Алматы
Мансабы: жазушы
Бердібек Соқпақбаев (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе селосы) - қазақ жазушысы. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген соң (1949) Нарынқол ауданында мұғалім болды. «Жүлдыз», «Балдырған» журналында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70). «Бұлақ» (1950) өлеңдер жинағы, «Он алты жасар чемпион» (1951), «Бақыт жолы» (1952), «Алыстағы ауылда» (1953), «Балалықшаққа саяхат», «Дала жүлдызы» (1960), «Аяжан» (1963, орыс тілінде 1965), «Гауһар» (1966) повестерін жазды. «Менің атым Қожа» (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы «Қазакфильм» студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. «Балалық шаққа саяхат» атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965). «Менің атым Қожа» фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды. Б. Соқпақбаев «Бозтөбеде бір қыз бар» (1958), «Әпенденің айласы» (1960), «Менің атым Қожа» (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды. Б. Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған «Өлгендер қайтып келмейді» романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969).
Ұста
Жазушы Ақын драматург
Б) Мәтінмен жұмыс
Сөздік жұмысы
Әрекет - действия, дела
Қабырға сағат -настенные часы
Мұрынды көкке шейіру - задирать нос
Тәжім ету - поклонится
Сылтау-причина
Тәсіл-прием
Тізім-список
Титықтау - сильно уставать
Меңіреу-непонятливый
Асығыс салу-положить в спешке
Берілген мәтінді оқу
Мәтінді бөліктерге бөлу
Әр бөлімге ат қою
В) «Менің атым Қожа» фильмнен үзінді қөрсету.
Оқушыларға сұрақ қою, олардың қандай сезімде екенін сұрау.
Қожаға мінездеме беру
Г) Шығармашылық жұмыс
Оқушыларды рөлдерге бөліп, алдын ала дайындаған сценарилерді таратып, сахналау
ІV. Қорытынды
А) Сабақты бекіту
Қаралған фильм арқылы балаларға сұрақ қою
Ә) Үй тапсырмасын беру «Менің атым Қожа» әңгімісі бойынша эссе құру
В) Сабақты бағалау