7


  • Учителю
  • Ашық шара 'Зерде'интеллектуалды ойын

Ашық шара 'Зерде'интеллектуалды ойын

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


«Зерде» интеллектуалдық ойын

Мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа, пәндерге деген қызығушылыққа,

жауапкершілікке, шапшаңдыққа тәрбиелей отырып,ойлау қабілетін,

ой ұшқырығын,оқуға ынтасын арттыру,ұйымдастырушылық қабілетін

дамыту.

Көрнекілігі; флипчарт:логикалық есептер,нақыл сөздер

Барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе

Ашық шараның тақырыбын,мақсатын хабарлау.

Құрметті,ұстаздар! 4«а» сыныбына қонаққа қош келдіңіздер!

Бүгін менің оқушыларым екі топқа бөлініп,бір-бірімен жарысқалы отыр.

Ал,балалар!

Сіздерді сайысқа шақырамын,

Сұрақтармен бастарыңды қатырамын.

Әр пәнді сендерге ұғындырып.

Аз да болса білімдеріңді толтырамын.


Шын жүйрік шабысынан танылады.

Нақты білім,терең ой саналады.

Баға беріп сарапшылар ортамызда,

Сіздерге құрметпенен қол соғады.

-Балалар,бүгін «Зерде» атты интеллектуалды сайысына түскелі отырсыңдар.


Мықты болсаң-алдағыны басып оз,

Мықты болсаң-арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң-тайғанама,құлама!

Мықты болсаң-бөгеттерден бұзып өт! -дей келе әр топ өздерін таныстырып өтуді сұраймын.



Таныстыру

Әр топ өздерін таныстырады.

І топ - «Жұлдыздар»

ІІ топ-« Алау»


І-кезең - « Полиглот» деп аталады.



Мен сендерге мақал-мәтелдер оқимын,ал сендер түсіп қалған сөзді тауып,

оны қазақша және орысша тілде айтасыңдар.


І-топ

ІІ-топ


ІІ-кезең - «Ойнайық та,ойлайық»деп аталады.

Әр топқа мультфильмдерден музыка тыңдатамын,оқушылар оны табады

ІІІ-кезең - «Ойлан,тап» деп аталады.

Оқушыларға imektep сайтынан тапсырмалар беріледі

«Қошақан» әні орындалады.

ІҮ-кезең-«Блиц турнир»деп аталады.

Яғни,ортаға әр топтың топ басшыларын шақырып,1минуттың ішінде қанша дұрыс жауапбереді екен байқайық

1. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?

2. Бәсіре деген не?

3. 7*6

4.есту мүшесі.

5.тудың авторы

6. 550 қазақ елімен қандай байланысы бар?

7.Әліппенің атасы.

8. «Ақ киімді денелі,ақ сақалды»өлеңінің авторы?

9.Ауданды қалай табамыз?

10. Дала жұлдызы

11.Қай сөз табы кім не сұрағына жауап береді?

12.Көру мүшесі

13.Қалтасы бар жануар

14 Дүниежүзіндегі ең биік ағаш

15.Ы.Алтынсарин кімнің тәрбиесінде болған?

16.Шырағым,есікті жапшы. Шырағым деген қандай сөз?

17. 9*8

18. Әбділда Тәжібаев кім?

19 Кез келген санды 0 көбейтсек не шығады?

20.Ең алғаш ғарышқа ұшқан кім?

21.Қазақстанның президенті.

22. Тянь-Шань тауының биік шыңы?

23.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері.

24 Қосымша қаншаға бөлінеді?

25.Орман емшісін ата

26.Ауа құрамындағы ең көп газ

27.Еңбекқор жәндік

28.Күнге тік қарайтын құс

29. Гимнің әнін жазған

30.Халықтың Ерасылға берген аты.


Ү-кезең «Тез ойлан»

Әр пәндерден тапсырма беріледі.


Дүниетану Ана тілі





Қазақ тілі


Математика

Логикалық есептер


ҮІ-кезең - «Бейне сұрақ» деп аталады.


Цифрларды таңдап,бейне сұраққа жауап алу.

1.Мемлекттік рәміздерді ата.Авторлары кім?

2.Адамның сезім мүшелерін ата. Оларды қалай күтесіңдер?

3. «Қазақ хрестоматиясы » оқулығының авторы кім?Ол туралы не білесіңдер?

4. Біртаңбалы үш санның қосындысы да,көбейтіндісі де 6-ға тең.

Олар қандай сандар?

ҮІІ-кезең «Бұл не?»

Суреттің беті бөліктерге жабылады,оқушылар өздері таңдаған бір бөлікті ашып,ненің суреті бейнеленгенін табады.

Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал