- Учителю
- 1 сыныпқа арналған сабақ жоспары: Заттың атын білдіретін сөздер. І. Жансүгіров «Жазғытұрым»
1 сыныпқа арналған сабақ жоспары: Заттың атын білдіретін сөздер. І. Жансүгіров «Жазғытұрым»
№ 9 орта мектеп
Ашық сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер
І.Жансүгіров «Жазғытұрым»
Пәні: Ана тілі
Сыныбы: 1
Бастауыш сынып мұғалімі: Айтқожақова Айғаным
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Ә.Өскімбай
Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер
І.Жансүгіров «Жазғытұрым»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Заттың атын білдіретін сөздерге дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.Жаттығуларды орындай отырып, талдап өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілігі:Ұқыптылыққа,ұжымшыл болуға,достыққа,таза,сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік,жаңа білімді игерту.
Көрнекілігі:Слайдтар, суреттер, ереже.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға ізетпен,
Бас иеміз біз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Мемлекеттік рәміздерді ата(Ту, Елтаңба, Әнұран) 2.Әнұран не үшін орындалады: ( Мемлекеттік жиындарда)
3.Сөзін жазған кімдер.Ж. Нәжімеденов,Н.Назарбаев.
4.Әнін жазған кім.Ш.Қалдаяқов.
5.Жіңішке дауысты дыбыстарды атаңдар.
6.Жіңішке айтылатын сөздер ойлап айтайық.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Гүл, машина,доп,
Осы сөздерге сұрақ қояйық.Ереже шығарайық.
Заттың атын білдіретін сөздерге Кім? Кімдер? Не? Нелер?
деген сұрақтар қойылады.
ІV.Оқулықпен жұмыс
82-жаттығу.Ауызша сөздерді оқып сұрақ қою.
Аю,бүркіт,сүт,өзен,ұшқыш,тігінші.
83-жаттығу.Тақтамен жұмыс.Суретке қарап кім?не? сұрақтарына жауап
беретін сөздерді табу.
Кім? Не?
Бала қуыршақ, көйлек,туфли
қыз алма, шалбар, шырша,тау, шөп
V.Өзіндік жұмыс. Сурет бойынша жұмыс жүргізу.
-Суреттен нені көріп тұрсыңдар?Дәптерге жаза қойындар.
(Күн,ағаш ,су,шөп, шырша,тау)
VІ.Сергіту сәті
7.Қар,мұз еріп, Жапырақ ашып
Су көбейіп, Гүл,бәйшешек басады.
Сай салаға ағады. Бөбектерім айтыңдаршы,
Бүршік шашып, Бұл қай кезде болады. (көктем)
-Ендеше көктем деп аталатын тараумен танысамыз.
-Көктем айларын атаңдаршы: (наурыз, сәуір, мамыр)
VІІ. Оқу материалымен жұмыс
1.Автор туралы түсінік беру.
І.Жансүгіров 1894 жылы 5-мамырда Алматы облысы ,Ақсу
ауданында дүниеге келген. «Күй», «Күйші», «Құлагер», «Өтірік», «Балаларға базарлық».
Мектеп,тағыда басқа көптеген туындылары бар.Ол 1938 жылы дүниеден өткен.
2.Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру. Көктемнің қандай белгілері бар.
(Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау)
3.Оқушыларға тізбектеп оқыту
VІІІ.Сабақты қорытындылау.
«Доп лақтыру» ойыны.Заттың атын білдіретін сөздерді атаңдар.
ІХ.Үйге тапсырма 84-жаттығу. Өлеңді жаттау.
Х.Бағалау.