7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему: Ч әрпі мен дыбысы

Открытый урок на тему: Ч әрпі мен дыбысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ч дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ч дыбысы мен және оның әріп таңбасымен таныстыру.

Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту.

Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. Балалардың «Ч» дыбысы бар сөз ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік корларына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, әңгімелету ойын, сұрақ - жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, текшелер, суретті үлгілер, буындар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушыларға оқу құралдарын алғызып, сабаққа дайындату.

I. Сабақты «Құлпынайды жинаймыз» ойынымен бастау.

Ойын арқылы өтілген дыбыстарды қайталау.

Ойын шарты: Бұл ойын дыбысқа байланысты. Тақтада құлпынай мен себеттер тұрады. Оны жеке оқушылар келіп алады. Артындағы дыбысты танып, сөз ойлайды. (А, М, С, О, И, X, Ф). Балаларды хормен оқыту.

II. Жаңа сабақ.

  • Балалар мынау не?

  • Чемодан.

  • «Чемодан» сөзі қай дыбыстан басталады?

  • Қане, бәріміз айтайық-ч

  • Ч дауыссыз дыбыс. Себебі ол созылмайды. Ендеше қай үйшікке барады?

  • Балалар қане жұмбақ шешейік.

Орындық түр -

Қарайық,

Ұқсайды оған қай эріп? (Чч)

  • Ч әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.

  • Ч әрпі қандай затқа ұқсайды? (Ч)

  • Кеспе әріптермен Ч дыбысы бар сөздерді тақтаға жазу.

Че - мо - дан, чек.

Сергіту сәті:

Топ - топ етіп басайық

Жалаудан күн жасайық.

Жаса - жаса жарқын күн,

Жаса - жаса жарқын күн. Дәптермен жұмыс:

  • Балалар «Ч» дыбысын ауауда жазып көрсетейікші. Алдымен мен жазайын, сендер ауада жазып қайталаңдар.

  • Өте жақсы, қазір дәптерлеріңді ашып, үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, Ч әрпінің баспа түрін жазайық.

  • Ал енді балалар буындарды оқиық (ча, чу, че, чи).

III. Жаңа сабақты бекіту:

Ойын:

«Тез ойла, сөз ойла» ойыны.

Шарты: Чч әрпіне сөз ойлау. (чемодан,чемпион, чех)

IV. Бағалау: Балаларды мадақтау, жақсы қатысқан балаларға жұлдызша беру.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал