7


  • Учителю
  • Поурочный план по предмету қазақ тілі на тему Етістік (2 класс)

Поурочный план по предмету қазақ тілі на тему Етістік (2 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Етістік Шарипова Д.Қ.

Мақсаты

Білімділік: Оқушыларға етістікті сөз табы ретінде таныту. Етістік пен зат есімнің байланысы, сөйлем құрайтын жаттығулар, тапсырмалар орындау барысында байқату.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуін, ой - өрісін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Грамматикалық және орфографиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: интербелсенді тақта, суреттер.

Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, топтастыру.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi,

Орнымыздан тұрып алып.

Жүгiрейiк бiр уақыт,

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық,

Тiк көтерiп, қозғайық,

Тым сылбыр да болмайық.

Алға қарай озбайық,

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

- Иә, балалар! Біз бірінші сыныпта заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздермен таныстық. Оларға қандай сұрақтар қойылады?

Оқушылар:

- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерге не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.

Оқытушы:

- Дұрыс, балалар! Бүгінгі сабақта ондай сөздер табынан етістік деп аталатынын біліп, танып, сәйкес жаттығулар орындаймыз.

Тақтадағы суретке қарап, балалардың, әженің не істеп жатқанын айтыңдаршы. Қандай қимыл жасап жатыр?

Ол сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Ағаш жарды. Гүл суарды. Қыз секірді. Әже ұршық иірді. Домбыра тартты.

(оқушылардың жауаптары)

- Дұрыс! Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді, сөз табын етістік дейміз.

Етістіктерге не істейді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.

(Ережені түсіндіру, оқыту, талдау).

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Терме диктант. Дара етістіктерді теріп жазу

Бір сөзге сөйлем құрау.

Еріді, жанды, жинап жүр, ертіп келді, тыңдап отыр, айтып тұр, күлді.

«Түйсіну» тапсырмалары ІІІ деңгей

1. Өлең шумақтарын құрастыру.

......... көңілді,

......... өңірді,

......... төгілді,

......... көрінді.

3. Семантикалық карта

Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

Ой толғаныс

- Сабағымызды сұрақтар арқылы бекітеміз, қорытындылаймыз.

- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді не дейміз?

- Жинады, ойнады сөздері қай сөз табына жатады?

- Етістіктерге қандай сұрақтар қойылады?

- Сөздерге етістік қосып айтыңдар. Түйе..... Мысық.... Қой.... Балалар..... Қар....

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау</</p>



Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Поурочный план по предмету қазақ тілі на тему Етістік (2 класс)Поурочный план по предмету қазақ тілі на тему Етістік (2 класс)

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал