7


  • Учителю
  • Тәуелсіз елім, Қазақстан (4 сынып)

Тәуелсіз елім, Қазақстан (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:01.09.2015

Бекітемін: МДТЖЖО:Хасанова І.


Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім-Қазақстан!

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің қаһармандарын ұмытпай, оларды үлгі тұтуға шақыру, Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Отаны үшін отқа түсетін елжанды азамат етіп тәрбиелеу. Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.


Мұғалім:

Тәуелсіздік - елдігім мен ерлігім,

Соған сүйін, Сүйсіне алсаң сен бүгін!

Мақтан соған, Қуан соған баладай

Соған арнап жер жаһанның тер гүлін!

Тәуелсіздік - азаттығың мәңгілік,

Соны жырла, Соны шырқа ән қылып!

Соны ғана әспеттеуге арналсын,

Барша дәстүр, Барша өнеге, Бар ғұрып!

Армысыздар, Егеменді елдің азат ұрпағы!


Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазаққа тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Тарих беттеріне шолу жасасақ, талай батырларымыз Отанымызды ат үстінен түспей қорғап, қан кешкен болатын. Бір ғана ХІХ ғасырдың өзінде отаршылдыққа қарсы күрескен батырларымыз қаншама?! Кешегі Сырым Датұлы, Есет батырлар, Исатай Тайманұлы, Кенесары Қасымұлы, Желтоқсан оқиғасының ұл мен қыздары!..

Тәуелсіздікті ту еткен Кенесары көтерілісі кешегі кеңес өкіметі кезінде «феодалдық монархиялық қозғалыс» деп, ал Кенесары туралы жазғандары бас бостандығынан айырған болатын. Алайда, қазақ халқының соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы заманының кемеңгері, мемлекет қайраткері, көреген стратегі, батыр болған адам.

Ол 10 жыл бойы (1837 - 1847) басынан бақайшағына дейін қаруланған патша өкіметінің тұрақты әскеріне қарсы күрескен, соңынан үш жүздің батырларын ерте білген, өте ақылды адам болған.

«Халқым!» деп айта алу да азаматтық. Ал халық басына күн туғанда, қасқайып халқын қорғау - азаматтықтың шыңы. Қилы кезең сын сағаттарда бір емес, бірнеше дүркін қасқайып тұрып халық мүддесін сөйлеген Жұбан Молдағалиев ағамыз еді. Халық Азаттық атты ұлы сөзді ақынның есімімен байланыстырады.

Мен - қазақпын

Авторы: Жұбан Молдағалиев


Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен - жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым.

Жаза алмадым, қайтейін, хат білмедім

Білдім бірақ найза мен аттың белін.

Ат үстінде ұмыттым кедейлікті,

Ат үстінде өлсем мен шатпын дедім.

Ал бүгін ше? Бүгін мен азаматпын,

Жаза алатын, ғылымды қаза алатын,

Жаза алатын дүниелік дастандарды,

Жаза алатын тарихқа қазақ атын.

Атымның да кеше еді ғой танылғаны,

Оған дейін не таңба танылмады?

Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз -

Шолпан қызы, шапақты таң ұлдары.

Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті.

-1937 жылы асыра сілтеудің кесірі - біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды.

-Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.


Құрбандарым жазықсыз құрбандарым,

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.

Құрбандарым жазықсыз құрбандарым.

Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауырда әділетсіз көтерілістің бірі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Бұл оқиғаға жастарымыз бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысты.

Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырыс - қан қазақтың қарусыз жастарына қарсы жазалау үшін кеңес елінің басқа жерлерінен арнайы жасақталған әскерлер әкелінді. Жүздеген қазақ жастары сотталды, мыңдаған қазақ жастары оқудан, қызметтен қуылды. Бірнеше апаларың, аталарың қыршынынан қиылды. Оның ішінде қазақтың батыр ұлы Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асанова апаларың да бар еді.


Экраннан 1991 жыл 16 желтоқсан күні көрсетіледі.

-1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп жарияланды.

Далада думан, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.


ІІІ Қорыту:


-Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіз елім-Қазақстан атты сабағымызды аяқтаймыз. Сөз соңында айтарым:


Енді айтарым жастар елін сүйсін деймін,


Елі үшін, еркіндік үшін күйсін деймін.


Бұрынғы өткен батыр ер бабалардай,


Жерін, елін, халқын қорғап жүрсін деймін.

Ақшұқыр мектеп-лицейі






Тақырыбы:

Тәуелсіз елім-Қазақстан










4 «В» сыныбы

Сынып жетекшісі: Ескелді Тойжан













2015-2016



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал