- Учителю
- Ана тілі - білімнің кілті
Ана тілі - білімнің кілті
Ана тілі - білімнің кілті
(интеллектуалды сайыс)
Күні:17.09.2015
Уақыты: 15:35
Қатысушылар:2,3,4 сынып оқушылары
Тақырыбы:Ана тілі - білімнің кілті
Мақсаты: Оқушылардың ой өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету. Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, салт - дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: топтық сайыс сағаты
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағадар, әріптер
Барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау
3)Сайыстың мақсатымен таныстыру
1 - жүргізуші Армысыздар ұстаздар, қонақтар, білікті жандардың жұлдызы жанатын қатысушылар!Бұл «Ана тілі - білімнің кілті» интеллектуалды сайысы. Қазақ тілі апталығына орай ұйымдастырылып отырған сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.Бала би қартайған шағында халқын жинап, оттан ыстық не?, көктен биік не?судан терең не?, жерден ауыр не? - деп сұрапты. Бірақ бұл сұрақтың жауабын ел арасында ешкім таба алмаған көрінеді. Сонда бала би тұрып, оттан ыстық дегенім - адамның өмірі, көктен биік дегенім тәкапардың көңілі, судан терең дегенім - оқу мен ғылым, ал жерден ауыр дегенім - ақыл мен білім деген екен. Ендеше осы сайыста көрсеткен білімдерің, күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашақтарыңа алғашқы қадамдарың болып табылады..
2 - жүргізуші Бүгінгі сайысымызға 2 топ қатысады, әр топта 8 оқушыдан.
Әр топтың ұраны, эмблемасы, сәлемдемесі болуы керек.
1 - жүргізуші Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Демекші, әділ қазыларды сайлап алайық.
------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------
2 - жүргізуші
Енді бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін:
1 - кезең « Топты таныстыру» (топ басшылары)
2 - кезең «Қазақтың ұлы тұлғалары» (суреттерді анықтау)
3 - кезең « Сіз салт - дәстүрді білесіз бе?» (берілген тапсырманы орындау)
4 - кезең «Тұрақты сөз тіркестері»
5 - кезең «Картамен жұмыс» (қай қала екенін табу)
6 - кезең « Адасқан әріптер» сөз құрау
7 - кезең « Топ басшылар сайысы» (өз тобына сөздер жасырады)
Бүгін оқушылар тартысты ойын көрсетеміз деп келіп отырған шығар. Ендеше бүгінгі ойын көркін қыздырар ойыншылармен таныс болайық.
1 - топ Алғырлар тобы
2 - топ Білгірлер тобы
1 - жүргізуші
Сайыс бізге сын болсын,
Білмегенге мін болсын.
Командаларды қолпаштап,
Қол соғыңдар кім болсын.
2 - жүргізуші Біз сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз. « Топты таныстыру». Әр топ өздерін таныстырып өтсін.
1 - жүргізуші Сайысымыздың келесі кезеңі «Қазақтың ұлы тұлғалары» деп аталады. Суреттер бойынша жұмыс, суретте көрсетілген тұлғаны тауып шығуымыз керек.
2 - жүргізуші Келесі кезең « Сіз салт - дәстүрді білесіз бе?»
-
сұрақ «Алғырлар» тобына «Күлдіреуіш» киіз үйдің қай бөлігі?
1 - тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2 - күлдіреуіш. Сәмбі талынып иіліп жасалады. Әр иінде 3 - күлдіреуіштен 8 - ге дейн болады. 3 - беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдыырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4 - шаңырақтың көзі.
2 - сұрақ «Білгірлер» тобына . «Шанақ» домбыраның қай бөлігі?
Домбыра
1 - бас, 2 - мойын, 3 - шанақ, 4- ішек.
1 - жүргізуші
4 - кезең «Картамен жұмыс» (қай қала екенін табу)
«»- тобына
-
Атырау
-
Қостанай
-
Қарағанда
-
Өскемен
-
Шымкент
«» - тобына
-
Маңғыстау
-
Қызылорда
-
Астана
-
Павлодар
-
Алматы
2 - жүргізуші
5 - кезең « Топ басшылар сайысы» (өз тобына сөздер жасырады)
«» - тобы
-
Қоян
-
Бастық
-
Ренжулі
-
Су
-
Аяқ киім
-
Жастық
-
Доп
-
Мысық
-
Қылыш
-
Әнші
«»- тобы
-
Махаббат
-
Аю
-
Тышқан
-
Шырша
-
Музыка
-
Қорқу
-
Балапан
-
Қар
-
Шелек
-
Батыр
1 - жүргізуші
Сайысымыздың соңғы кезеңі
« Адасқан әріптер» сөз құрау
А,Р,Т,С,М,Б,А
Мата, арба, асар, таса, бата, тара
-
Шүберек, ол не? (мата)
-
Ат..., ешек.... (арба)
-
Жұмыла көтерген жұмыс (асар)
-
Ық, пана сөзіне синоним (таса)
-
Улкен кісілерден не аламыз? (бата)
-
Шашты... (тара)
«» - тобы
А,Қ,Н,Ы,Т,Ш,А,С
Саты, қына, ақын, сақа, шана, тана
-
Басқыш, баспалдақ синоним (саты)
-
Ақыл басқа бітеді
-
.... қына тасқа бітеді (қына)
-
Қыс көлігі (шана)
-
Асықтың үлкені (сақа)
-
Сиырдың ұрғашысы (тана)
2 - жүргізуші Әділ-қазылар алқасы нәтижесін шығарғанша, музыкалық үзіліске кезек берейік.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сендер көрдіңдер.
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер, деп
Сайысымыздың қорытындысын шығару үшін сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.
1-жүргізуші:
Осымен «Ана тілі - білімнің кілті» атты интеллектуальды сайысымызды аяқтауға рұхсат етіңіздер.