- Учителю
- Ашық сабақ жоспары Білім - асыл қазына
Ашық сабақ жоспары Білім - асыл қазына
Білім-асыл қазына
Мақсаты: Оқушыларды жан-жақты білімді болуға, шығармашылыққа баулу, сөйлеу шеберлігін жетілдіру,і зденіске жетелеу, белсенділігін жетілдіру.
Көрнекіліктер:слайд, нақыл сөздер, төсбелгілер,тәжірибеге арналған құралдар.
Сабақ кезеңдері: 1.Қайталау-білім айнасы (кіріспе)
2.Келіңіз, танысайық!
3.Кім шапшаң? (сұрақтарға жауап)
4.Жақсы оқып жүреміз (әдебиеттік оқу)
5.Жарысамыз бәріміз (қазақ тілі)
6.Білім деген байлық бар (математика)
7.Білімнен бақыт табамыз (дүниетану)
8.Оқуда озат боламыз (қорытынды)
Сабақ барысы:
Қайталау-білім айнасы
Егор: Бүгін көктемнің 1-күні. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Алихан: Бүгін-алғыс айту күні. Құрметті ,ұстаздар! Бізге білім беріп жүргендеріңіз үшін алғыс айтамыз!
ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев «Келешек білімді ұрпақтың қолында» десе, 2016 жылды Білім жылына арнады. «Қайталау-білім айнасы» дейді ғой, ендеше бүгінгі сабақта нені меңгергенімізді ортаға салайық.Сәттілік тілеймін!
* Слайд «Келешек білімді ұрпақтың қолында»
Келіңіз,танысайық!
«Алау» тобы: Шаршамаймыз, талмаймыз,
Оттай болып лаулаймыз.
«Жалын» тобы: Жалын болып жанамыз,
Алға қадам басамыз.
«Ұшқын» тобы: Биіктерге шығамыз,
Ұшқын болып ұшамыз.
Болғың келсе білімді, Танырсың жатты,өзіңді,
Кітаппен достас мәңгілік. Ашарсың сөйтіп көзіңді.
Жадыңа білім жаңғырып, Кітап-білім бұлағы,
Оятар сана-сезімді. Білім-өмір шырағы.
Достар,достар,достар-ай,
Ойымызды жинайық.
Қандай тапсырма болса да,
Шешпей оны қоймайық! («Еркем-ай» әні әуенімен орындалды)
Жанбота: Ініне азығын тасығанда,
Қырағы да сақ болып,
Бір,екеуі күзетте тұратын.
Жалқауларын алыстатар,
Құмырсқаша мына бізде,
Ойламаған,жауап бермеген топ мүшесін,
Ортамыздан шығарып сап тұрамыз. (орындарына отырады)
Кім шапшаң?
*Шөлге төзімді жануар *Қыста ұйықтайтын аң
*Мемлекеттік тіл *Қай республикада тұрасың?
*Мектебіміз неше қабат? *Біздің сыныпта қандай ұлттар бар?
*Жел соғады гу-гу, *Ойнап асыр саламыз,
Орман іші шу-шу. Айтқан тілді аламыз.
Нөсерлеткен жаңбырдан, Кезекші боп сыныпта,
Менің үстім ... Тақтаны сүртіп .......
*Суды қалбырға құйып әкелуге болады ма? *Суда қандай тас болмайды?
*Ең үлкен балық *Тербеледі ағаштар,
*Оқушы оқитын жер Алдымнан жел еседі.
*Біздің ауылдың бұрынғы аты Кіп-кішкентай ағаштар,
*Мұғалімдеріңнің аты-жөні Биік болып ........
*Талдың басында 3 алма өсіп тұр,1-уін
алдым, талда неше алма қалды?
Жақсы оқып жүреміз
*Сұрақтарға жауап 1.Ертегілер түрлері
2.Аңыз деген не?
3.Қай ақын ,жазушылардың шығармаларымен таныстық?
*Жатқа айту 1.Ғылым таппай мақтанба (А.Құнанбаев)
2.Кел,балалар,оқылық (Ы.Алтынсарин)
3.Отан туралы (М.Мақатаев)
*Ой қозғау 1. «Күн әбден қысқарған.Күннің көзі көрінсе де,жылынбайды»
Жылдың қай мезгілі сипатталады? (қыс)
2. «Әлди бөпем,әлди» деген сөздері бар жыр қалай аталады?
(«Бесік жыры)
3. «Бай болсаң,халқыңа пайдаң тисін» деп бата берген кім?
(Әйтеке)
*Мәнерлеп оқу 1.Сүт қалай ұйықтады?
2.Айтшы,әжетай
3.Құлақ пен тымақ
*Сергіту сәті Тақтаға қараймын, Бір,екі,два,уань деп,
Сандарды санаймын. 3 тілде сөйлейміз.
Қосынды,айырма, Осылай мына біз,
Миыма тоқимын. Жақсы оқып жүреміз.
Сөздер мен сөйлемді,
Мәтінді де оқимын.
( «Аспанға қараймын» әні әуенімен айтылады)
Жарысамыз бәріміз
*Сұрақтар
«Алау» тобы 1.Мәтін деген не? 4.Сөз құрамы
2.Хабарлы сөйлем 5.Зат есім (сұрақтары,мысал)
(тыныс белгісі,мысал) 6.Дара етістік (мысал)
3.Антоним (мысал)
«Жалын» тобы 1.Мәтін түрлері 4.Жұрнақ (мысал)
2.Лепті сөйлем 5.Жалқы есім (мысал)
(тыныс белгісі,мысал) 6.Етістік (сұрақтары)
3.Синоним (мысал)
«Ұшқын» тобы 1.Мәтін бөліктері 4.Жалғау (мысал)
2.Сұраулы сөйлем 5.Зат есімнің көпше
(тыныс белгісі,мысал) түрі (сқрақтары,мысал)
3.Омоним (мысал) 6.Күрделі етістік (мысал)
*Сөздерден сөйлем құра:
1.Бауырсақ,апам,ұннан,пісірді
2.Алдым,кітап,қызық,кітапханадан
3.Арман,жақсы,домбырада,ойнайды
Сергіту жаттығуы Мынау менің жүрегім, Мынау менің оң қолым қолым,
Бәрі осыдан басталған. Мынау менің сол,
Мынау басым ақылды, Мынау менің қос қолым,
Бәрін осы басқарған. Барлық істі атқарған.
Угай,угай,әніміз,
Жарысамыз бәріміз.
Озып шықсақ бәрінен,
Келіседі сәніміз. («Угай-ай» әні әуенімен айтылады)
Білім деген байлық бар
*Геометриялық фигуралардың пішінін тап:
1.Қабырғалары 5 және3 см тіктөртбұрыш
2.Қабырғалары 3см шаршы
3.Қабырғалары 5,4,3 см үшбұрыш
*Теңдеуді шеш: 1. х+20=40 2.10+х=30 3.х-20=20
*Сұрақтар 1.1 ғасырда неше жыл? 6. 1 аптада неше күн бар?
2.1м-...см 7. 1 жылда неше ай бар?
3.1 сағат-...минут 8. 1 минут-.....секунд
4. 1 тәулік- ...сағат 9. 10см-....дм
5. 1 дм- ....см
*Бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастыр: 12,15,20
*Ең тиімді тәсілмен орында: 74-44 46+47 81-11
65-15 78+12 11+19
34+24 65-35 46-24
*Санды жүздіктердің,ондықтардың,бірліктердің қосындысы түрінде жаз:
316,234,211,405 424,505,626,313 383,701,148,218
*Нәтижесінде 0 шығатындай етіп,бірдей сандарды азайт: 10,12,15
*Бағандап орында: 28+32 36+34 56-24
71-42 56-18 39+11
60-35 38-19 41-13
Сергіту жаттығуы Білім деген байлық бар, Өртіңе ол күймейді,
Еш байлық оған жетпейді. Ұрылар да тимейді.
Жасыңда оқып жиып ал, Жатып ішер жамбастап ,
Тепкілесең кетпейді. Жалқауды ол сүймейді.
(«Жар-жар»әні әуенімен орындалады)
</<br>
Топта дұрыс жауап бермей,бос отырған топ мүшесі болса,өздерің айтпақшы,ортадан шығарып тастайтын уақыт келді.
«Алау» тобы: Біреу,екеу,үшеу,төртеу, «Ұшқын» тобы: Біреу,екеу,үшеу,төртеу,
Бесеу,алтау,жиырма. Бесеу,алтау,он екі.
Білмей отырған Нұрайды, Басыңмен жұмыс істемесең,
Шығарып салу қиын ба? Жанымызға енді келмеші.(Әли)
«Жалын» тобы: Біреу,екеу,үшеу, төртеу,
Бесеу,алтау,отыз ғой.
Арамыздан бос отырған,
Барып тұрған қусың ғой. (Бұл топта қатардан шыққан оқушы болмады)
Білімнен бақыт табамыз
*Сұрақтар 1.Өсімдік мүшелері 4.Тұқым түрлері
2.Өсімдік өсу үшін қандай жағдайлар керек? 5.Табиғат нешеге бөлінеді?
3.Шөлде өсетін өсімдіктің тамыры неге ұзын? 6.Мәдени өсімдік түрлері
*Тәжірибе 1.Ауа 2.Су 3.Топырақ
Оқуда озат боламыз
*Білегі күшті бірді жығады, *Оқу-білім бұлағы,
Білімі күшті мыңды жығады. Білім-өмір шырағы.
*Ақыл-тозбайтын тон, *Білімдіге дүние жарық,
Білім-таусылмайтын кен. Білімсіздің күні ғаріп.
*Ақыл азбайды,білім тозбайды. *Білім-жанып тұрған шырақ.
*Білім-ақиқат бастауы. *Білімнің басы-бейнет,соңы-зейнет.
*Оқусыз білім жоқ, *Оқу-инемен құдық қазғандай.
Білімсіз күнің жоқ. *Тіліңмен жүгірме,
*Оқысаң озарсың, Біліміңмен жүгір.
Оқымасаң тозарсың. *Қына тасқа бітеді,
*Білім-асыл қазына Білім басқа бітеді.
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
*Слайд «Оқуда озат боламыз»
*Қорытынды: 1-орын-«Жалын» тобы
2-орын-«Алау» және «Ұшқын» топтары