7


Отбасы – тәрбие көзі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: « Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды.Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды.Ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат.» Ғ.Мұстафинхалықтық педагогиканы негізге ала отырып,оқушыларды ұлттық салт-дәстүр,әдет-ғұрпын үйренуге және с
предварительный просмотр материала

Отбасы - тәрбие көзі

Мақсаты: халықтық педагогиканы негізге ала отырып,

оқушыларды ұлттық салт-дәстүр,әдет-ғұрпын үйренуге және сыйлап құрметтеуге шақыру,ата-дәстүр үрдісін қадірлеу,дүние-таным қоржынын толықтыру,ой-өрістерін ұштау; ұлтқа жанашыр ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд тақтайшасы,нақыл сөздер,отбасылық суреттер

Кіріспе

Мұғалім: Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі,бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады,сондықтанда туған үйдің жылыуы

көкірегінде көп жылдар бойы сақталып,мәңгі есінде жүреді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев

« Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,

қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туыс-

қандарына деген сүйіспенщіліктен басталады.» деген болса.

Қазақтың ұлы ақыны Абай « Адамзаттың бәрін сүй бауырым

деп.»Адамзат-бүкіл адам баласы деген сөз.

Адамды сүю-адам танудан басталады.Адам тану-адамзат арасында-

ғы қарым-қатынас мейірімінен басталады.

Тәрбие көзі аналардан бастау алатындықтан.Бүгінгі ашық сабағымыз отбасы сайысынан тұрады.Көріп тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:

Қайырлы күн,құрметті ұстаздар, ата-аналар,оқушылар!

« Отбасы-тәрбие көзі » атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін,мәдинетін,өнерін, сонымен қоса білімділіктерін,шеберліктерін көрсететін. Құрметті аналарымызды ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:

Отбасы сайысын анықтайтын әрі бағалайтын.Әділқазы алқасын сайлап алайық.

Сайланған әділқазылар алқасы жеребе арқылы аналарға реттік

сандарын анықтап бес отбасын белгіледі.

1-жүргізуші:

Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейік.

1.Өзін таныстыру.

2.Өз өнері - ән айту,би билеу.т.б.

3.Сұрақ-жауап.

4.Мақал-мәтелдер,тыйым сөздер.

5.Үй тапсырма «дәмді тағам әзірлей білесіз бе?»

Бірінші кезеңнен соң ән шашу.

Ән « Әке »

Екінші кезең аналардың өнері.

Үшінші кезең.

Сұрақ-жауап

1.Бес асыл мен бес дұшпанды ата?

Бес дұшпан; Өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ.

Бес асыл; Талап,еңбек,терең ой,қанағат ету, рақым жасау.

2.Ұлттық ойындардың түрлерін ата?

Ақсүйек,қыз қуу,теңге алу,көкпар,арқан тарту,алтыбақан,

сақина салу.т.б.

3.Жеті жоқты ата.

Жерде өлшеуіш жоқ,аспанда тіреуіш жоқ,таста тамыр жоқ,тас-

бақада талақ жоқ,Аллада бауыр жоқ,аққауда сүт жоқ,жылқыда өт

жоқ.

4.Жеті қазынаны ата?

Ер жігіт, сұлу әйел,ақыл-білім,жүйрік ат,қыран бүркіт,берен

мылтық,жүйрік тазы.

5.Қазақ халқының ұлттық тойларын ата?

Шілдехана,бесік той, тұсау кесер,сүндет той,қыз ұзату,

беташар,т.б.

Бишілер тобы « Қара жорға » биі

Төртінші кезең.

Мақал-мәтелдер

1-отбасы

1.Білекті бірді жығар,

.............................( Білімді мыңды жығар.)

2.Атаңның баласы болма,

.............................( Адамның баласы бол.)

2-отбасы

3.Ашу-дұшпан,ақыл-дос,

...............................( Ақылыңа ақыл қос)

4.Балапан ұяда не көрсе,

.............................( Ұшқанда соны іледі.)

3-отбасы

5.Ана-сая болар бағың болса,

...............................( Әке-асқар тауың.)

6.Ата көрген оқ жонар,

...............................( Шеше көрген тон пішер.)

4-отбасы

7.Іздеген мұратына жетер,

................................( Жалқаудың өмірі босқа өтер.)

8.Жақсы ата-орман,

...............................( Жақсы бала қорған.)

5-отбасы

9.Сумен ойнама,батарсың,

..................................( Отпен ойнама,күйерсің.)

10.Жаманға жан жуымас,

.................................(Жалқауға мал жуымас.)

1-жүргізуші:

« Қазақтың тыйым сөзі-тәрбие көзі» дегендей ортаға аналарымыздың балаларын шақырамыз.Балалар қандай тыйым сөздер

біледі екенбіз.

1-отбасы

  • Керме

а. Жіп

б. Есік

в. Терезе

  • Құшақтамайды

а. Бел

б. Адам

в. Тізе

2-отбасы

  • Кәрі жілік берілмейді

а. Жігіт

б. Ана

в. Қыз

  • Тарақтама

а. Шаш

б. Қол

в. Аяқ

3-отбасы

. 5. Санамайды

а. Қой

б. Тал

в. Адам

6.Теппейді

а. Су

б. Мал

в. Доп

4-отбасы

7.Төрге қоймайды

а. Төсеніш

б. Отын

в. Сыпырғыш

8.Түкірме

а. Жерге

б. Құдыққа

в, Еденге

5-отбасы

9.Таянба

а. Жауырын

б. Иық

в. Бел

10.Амандаспа

а. Мектепте

б. Табалдырықта

в. Бөлмеде

Бесінші кезең үй тапсырманы әділқазыларға көрсету.

Сайыстың бағалану сәті.

1-жүргізуші:

Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Аналарға рахметін айта. Отбасылардың жетістігін өз орындары арқылы марапаттады.

Ән: « Ана туралы жыр »

2-жүргізуші:

Тәрбие көзі-ананың ақ сүтінен,әлдиінен,атаның қасиетті сөздерінен

бастау алады.Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай « Бала әдеті

жасынан тамызықтай жинайды »дегендей жас жеткіншектеріміз

бойларына жақсы әдеттерді сіңіртіп өссін.

1-жүргізуші:

« Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды.Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды.Ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат.» Ғ.Мұстафин


.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал