- Учителю
- Конспект урока на тему 'Адам өміріне не қажет?'
Конспект урока на тему 'Адам өміріне не қажет?'
Сабақтың тақырыбы: Адам өміріне не қажет?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: адам өміріне ауаның қандай маңызды орын алатынын түсіндіру
Дамытушылық мақсаты: адам өміріне қажетті жағдайлар туралы түсініктерін қалыптастыру
Тәрбиелік мақсаты: логикалық ойлау, бақылау, қорытынды шығара алу дағдыларын дамыту
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: сурет
Қолданылатын әдіс: әңгімелеу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Адам табиғаттың бір бөлігіСызба құрастыру:
тамақтанады
Ұқпақ қалдырады
Дүниеге келеді
өседі
өледі
Қызығушылығын ояту.
-
«Бізді ауа қоршап тұр», «Ауасыз тіршілік жоқ» дегенді дәлелдеңдер.
Оқулықпен жұмыс.
-
Оқулықтағы мәтінді оқу
-
Мазмұнымен жұмыс
-
Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру
Мәтіннен негізгі ойды табады.
Адамға тіршілік үшін мыналар керек:
-
Пицца
-
Су
-
Ауа
-
Жарық пен жылу
Бақылау күнделігімен жұмыс.
Тапсырманы өз беттерінше орындайды.
Топпен жұмыс.
«Мен саған рақмет айтамын, Табиғат!» деген тақырыпта қысқаша әңгіме құрастырылады.
Қорытынды.
-
Сен табиғатқа борыштысың ба?
-
«Адам табиғаттың бір бөлігі» деген шындыққа сәйкес келе ме? Осыған келісесің бе?
Рефлексия (ойды жалғастыр).
-
Қызықты көрінеді ...
-
Толқыдым ...
-
Ойлануға тура келеді ...
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.