- Учителю
- Кенді пайдалы қазбалар планирование
Кенді пайдалы қазбалар планирование
Дүниетану Күні:« Пайдалы қазбалар» тарауы. Кенді пайдалы қазбалар.
Сілтеме:
Жоспар
Жалпы мақсаттар:
Тақырыптың негізгі идеяын меңгерту,сындарлы оқуға машықтандыру
Тақырыпты өз сөзімен әңгімелеуге үйрету
Өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Оқу нәтижесі
Өзара қарым-қатынас жасауға, бір-бірлерін тыңдауға үйренеді
Мағынаны аша алады ,ой тұжырым жасай алады
Негізгі идеялар
Ынталандыру, пайым,диалогтық оқыту.
Сабақтың көрнекілігі
стиктер, постерлер, кестелер
Мотивациялық кезең
Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Сарамандық жұмыс.
-Жер бедері деген не болды? - Ең биік тау қандай тау?
-Шоқы деген не? -Елімізде жазықтың қандай түрлері бар?
«Алатау»сөзі қандай мағына береді?
Ой ашар:-Пайдалы қазба деген не? Ойланып есімізге түсірейік.
Олар қандай топтарға бөлінеді?
Кенді пайдалы қазбаларға темір, мыс, қорғасын, алтын, алюминий, никель және т.б.кендер жатады.
Металл мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстары кен деп аталады.Ал кенді байыту дегеніміз кенді бос тау жыныстарынан бөліп алу. Металдар қара және түсті металдар болып бөлінеді.
Бірнеше қолда бар металл түрлерін магнитке жақындатып көрейік. Не байқадық? Металдардың кейбірі магнитке жабысады, ал кейбірі магнитке жабыспайды.
Магнитке жабысқан металдар қара металл, ал жабыспағаны түсті металл.
Қара металл түрлеріне тоқталсақ, қара металл кендерінен көбінесе темір қорытылады.
Дүние жүзі бойынша өндірілетін металдың 95% темір үлесіне тиеді.
Шойын мен болаттың түсіне қарай қара металл деп атап кеткен. Қара металл ішіндегі бастылары-магнитті теміртас, қоңыр және қызыл теміртас..Негізгі қорытылып алынатын заты темір болғандықтан бәрін темір кені деп атайды. Ол картада қара үшбұрыш түрінде белгіленеді.Оны ашық әдіспен де, шахталық әдіспен де өндіреді. Темір кені жер қойнауында түрлі тереңдікте кездеседі. Өндірілген кен металл қорытатын домна пештеріне жіберіліп, шойын қорытады. Шойынды басқа арнаулы пеште балқыту арқылы болат алынады.
Еліміздегі барланған темір кені қорының 90 проценті Қостанай мен Атасу аймағында шоғырланған.Олардың ең ірісі Соколов-Сарыбай.
Оқулықпен жұмыс. Өз беттерінше іштей оқыту.
Теріп оқу.(кен, кенді байыту,темір кені, өндіру әдістері)
Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.
Топтық жұмыс: Қара металдарды және түсті металдарды топтап жазу.(магнит арқылы тексерген бойынша)
Сергіту сәті
Қорытынды
-Пайдалы қазба аталу себебін айт.- Кен деген не? Кеннің қандай түрлері бар?
-Шойын қалай өндіріледі? Болат ше?
-Қара металдан қандай металдар қорытылып алынады?
Қазақстан картасынан шартты белгі бойынша темір кен орындарын тап.
Бағалау
Формативті бағалау
Оүб-2
Оүб- 4
Оүб -5
Соңында :
-
Бүгінгі сабақ туралы ойың ?
-
Саған сабақтың қай тұстары ұнады ?
Үйге тапсырма
44,45- беттерді оқу, мазмұндау.Дәптерге қандай әдіспен өндірілетінін жазу, бос орнына қандай жұмыстар жүргізетін едік?