- Учителю
- Қосындыны санға көбейту үшін, әр қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан мәндерді қосу керек. Ал, балалар, Алматыға да келдік. /интерактивті тақтадан Алматы вокзалының суретін көрсету/ Машинаға отырып Орталық стадионға барайық. Өз құрама командамызға м
Қосындыны санға көбейту үшін, әр қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан мәндерді қосу керек. Ал, балалар, Алматыға да келдік. /интерактивті тақтадан Алматы вокзалының суретін көрсету/ Машинаға отырып Орталық стадионға барайық. Өз құрама командамызға м
Қосындыны санға көбейту үшін,әр қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан мәндерді қосу керек.
Ал, балалар, Алматыға да келдік . /интерактивті тақтадан Алматы вокзалының суретін көрсету/
Машинаға отырып Орталық стадионға барайық. Өз құрама командамызға медаль жинауға көмектесеміз.
/интерактивті тақтадан машина суретін көрсету, дыбысын естірту/ №2 тапсырманы орындасақ Медеу мұз айдынына барамыз.
Қосудың үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есептеу:
(3+2)*5 (6+7)*3 (9+5)*4
(3+6)*3 (4+2)*6 (5+8)*7
-
Конькишілер жарысына қатысып медаль жинайық.
Ол үшін №3 тапсырманы ауызша орындаймыз.
Өрнектерді құрып, олардың мәндерін табу.
-
3 және 4 сандарының қосындысын 5-ке көбейт.
-
6 және 2 сандарының қосындысын 7 есе арттыр.
-
5 және 6 сандарының қосындысын 3-ке көбейт.
-
4 және 5 сандарының көбейтіндісін 6-ға арттыр.
-Балалар, алғашқы медальдарымызды жинадық.
-Енді , мәнерлеп сырғанаушылар жарысына қатысайық.
Ол үшін №4 тапсырманы ауызша орындаймыз.
Кестені толтыр:
а
2
3
4
5
6
(3+2)*а
Қоржынымызға тағы да медальдарымызды салдық.
-Балалар, енді шаңғышылар жарысына қатысайық.
№5 тапсырманы ауызша орындасақ Медеу мұз айдынына барамыз.
Амалдарды орында:
10*5 300*2 900:3-250
20*3 200*4 150:5+70
40*2 500*2 420-400:2
Кім дұрыс орындаса медальға ие болады.
Жарысты ұйымдастырушылар жарысқа қатысушыларға арнап ұрандар ілген екен, соның кейбір сөздері желмен түсіп қалыпты.
Соны табайық. «Шынықсаң - ... боласың.»
Ол үшін №6 тапсырманы ауызша орындаймыз.
Өрнекте:
1) сантиметрмен: 3м 2см; 8м 12см; 5м 3дм 1см;
2) метр және дециметрмен: 850см; 900см; 340см;
-Балалар , әр адам өз денсаулығына көңіл бөлу керек. Дене шынықтыру жаттығуларынан басқа дұрыс тамақтанудың да орны ерекше. Біздің спортшыларымыз да, өзіміз де күш жинап алу үшін №7 тапсырманы орындаймыз.
Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығар:
-
Күн сайын отбасы таңертеңгі аста 12 түйір қант және кешкі аста 8 түйір қант жейді. 2 күнде отбасы неше түйір қант жейді?
Енді, балалар, биатлоншылар жарысына қатысамыз. Ол үшін №7 тапсырманың 2-сін орындаймыз.
-
Килограмы 60тг тұратын 6кг сәбіз және осы бағамен 4 кг пияз сатып алынды. Сатып алынған барлық көкөніс қанша тұрады?
-Енді , жарысымыздың қорытындысын шығару үшін олимпиада ауылына қайтып, қанша медаль алғанымызды есептейік.
Алтын
Күміс
Қола
Конькишілер
Мәнерлеп сырғанаушылар
Шаңғышылар
Биатлоншылар
Барлығы:
Аулымызға оралайық. Ол үшін ұшаққа отырайық.
/Интерактивті тақтадан ұшақ суретін көрсету, дыбысын естірту/
№9 тапсырманы ауызша орындасақ сыныбымызға келеміз.
Бақша тік төртбұрыш пішінді. Оның ұзындығы 30м, ені 20м. Алаңның оннан бір бөлігіне гүл егілген. Неше квадрат метр жерге гүл егілген? ( Есеп үш амалмен шығатындай етіп, сұрақ қой.)
-
Сабақты бекіту.
Қосындыны санға қалай көбейтеміз?
(9+8)*4
6. Оқушыларды бағалау.
7. Үйге тапсырма:
№8, №10