7


  • Учителю
  • Ашық сынып сағаты 'Жол қауіпсіздігі'

Ашық сынып сағаты 'Жол қауіпсіздігі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жол қауіпсіздігі

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.

Көрнекілігі: Бағдаршам, көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан кестелер. Қиылған жіңішке ұзын тілім қағаздарды еденге жапсырып, үлкен көше, жиекжол, екі көшенің қиылысқан кескіні Жол белгілері. Интерактивті тақта.


I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.


II.Негізгі кезең

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме ,оқушылар!Бүгін біздерге мемлекеттік авто инспекция қызметкері келіп тұр. Ол сендерге жолда жүру тәртібі туралы айтып өтеді.

МАИ қызметкері: Сәлеметсіздер ме, балалар!Бүгін мен сендерге жарақаттардың алдын алу мақсатында жол тәртібі нұсқауларына қысқаша шолу өткіземін. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:

  • Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?

  • Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.

  • Жиекжол дегеніміз не?

  • Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

  • Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?

  • Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

  • Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?

  • Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.

  • Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?

  • Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.

  • Ал жиекжолда қалай жүру керек?

  • Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.

  • Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?

  • Төрт - бес адам қатар жүруге болмайды.


МАИ қызметкері:Оқушылар, сендер жолда жүру ережелерін түсіндіңдер ме? Жол тәртібін сақтап, өз өмірлеріңізге қамқор болатындарына сенімдімін.

Мұғалім: Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.

1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)

3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

4.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді. ( Трамвай)

5.Арқаным тым ұзын,Ала алмайсың бір үзім. (Жол)

6.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар? (Велосипед)

Сақтандыру, ескерту белгісі:
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

Тыйым салу белгісі:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.

Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

Нұсқау белгісі:
Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.

«Көше ережелерін білейік» кезеңіне тоқталайық.
1.Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма,ол тоқтағанша,не өтіп кеткенше күте тұр.
2.Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3.Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді.
4.Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
5.Аялдамада тұрған автобустың артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.

6.Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.

1. Сен жолдан өтіп бара жатқанда саған біреу айқайласа, не істеу керек?
2. Сен жолдан өтіп келе жатырсың. Кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті автобусты көрдің.Сен не істейсің?
3. Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен қалай өтесің?
4. Егер ұзақ уақыт көлік болмаса, не істейсің?

Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:

- Ескерту белгілері, ұшбұрышты қызыл болумен көмкерілген бұл белгілер жол бойындажайсыз, қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.

- Тыйым салу белгілері дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.

- Көрсеткіш белгілер, дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.

Есіңе сақта.

• Көшеден өткенде арнаулы жерден, жасыл жанғанда ғана немесе реттеушінің белгісін күт.
• Жол қиылысында аса абай бол.
• Көшеден тек жаяу адамдар өтпелері бойынша жүр.
• Көшелер мен жолдарда шанамен сырғанап ойнама.

• Бағдаршамға қарауды ұмытпа.
• Жолдан өтер кезде алдымен сол жағына содан соң оң жағына қарап, арнайы жаяу жүру жолымен өт.
• Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілісіп кетпе.


Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса, солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететінінің салдарынан бұзылады.Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады. Ал кейбіреулер өмірлік мүгедек болып қалады.

Қорытындылау:Өмірдің өзі бағдаршамға ұқсайды екен - ау! Бағдаршамның «жүр!» деп жасыл түсі жанғанындай, «өмірге кел!» деген бұйрықпен жарық дүние есігін ашамыз. Бағдаршамның сары түсі «дайындал!» дегенді білдіретіндігіндей, өмірге келген адам өлімге қарай қадам басып, жалғаннан мәңгілікке кетуге дайындалады. Бағдаршамның «Тоқта!» дегенді білдіретін қызыл түсі жанғанындай, күндердің бір күнінде тағдырдан «Тоқта!» деген бұйрық келеді. Жолдың ар жағына өткен адамдардай біз де өлімнен кейін әлдеқайда бет аламыз. Не жұмақтан, не тозақтан тұрақ табарымыз Алладан басқасына аян емес. Бағдаршамдағы сары түстің ұзақ жанбайтыны бәрімізге белгілі. Адамның өлшеп берілген ғұмыры да көзді ашып жұмғандай тез өте шығады. Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал