7


Сабақ жоспары 'Жекпе жек'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Жекпе-жек. («Ер Тарғын» жырынан.)

Сабақтың мақсаты: оқушыларға халық ауыз әдебиетінің үлгілері туралы түсінік беру,

өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнына талдау жасап үйрету; Елін жерін қорғаған

батырларды біліп, ерліктерін мадақтауға тәрбиелеу; есте сақтауын, тіл байлығын

арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сто, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы

I.Психологиялық ахуал

Күндей жадырап, Жұлдыздай жарқырап,

Айдай арайлап, Бүгінгі күнді бастаймыз!

II.Тірек білімді еске түсіру

III.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

а)Жаңа материалмен жұмыс

Халық ауыз әдебиеті - ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар.

ертегі аңыз

айтыс батырлар жыры

жаңылтпаш бесік жыры

мысалдар жұмбақ

Батырлар жыры - жаудан қорғап қалған батырлар туралы ауызша шығарылған жыр

үлгісі.

Ер Тарғын - бес қаруды меңгерген батыр. Ол тек батыр емес,

адамшылық қадір - қасиеті де бар. Ашуға мінгенде, алдына баруға жан біткен жүрексінеді. Халқына хан болған батыр, жауына, селт еткізер, қиып түсер қылыш болған. Жары - Ақжүніс. Ақша хан қызы.


ә) Оқулықпен жұмыс

  • Ер сөзіне түсінік:ерлік, батыр, қорықпайды, ержүрек, жалғыз, жауға шабады, мықты т.б.

- жырдан үзінді оқу

- оқушыларға оқыту.

  • Топпен жұмыс

І. Жыр қалай басталады?

ІІ. Дамбауыл қай елдің батыры?

ІІІ. Қалмақ батыр сөзін тап.

ІV. Ер Тарғын қай елдің батыры?

V. Тарғын қалай аман қалды?

(Әр топтың жұмысын тыңдап, қорытындылау)

  • Сөздікпен жұмыс

Қорамсақ - оқ салатын дорбаша.

  • Бөлікке бөлу.

І. Жаудың шабуы.

ІІ. Екі батырдың кездесуі.

ІІІ. Шайқас.

IY. Рефлексия

- Бүгінгі сабақты сұрақтармен бекіту.

Сіздерді батыр бабаларымыздың рухы қолдап, қорғап жүрсін!

Y. Үйге тапсырма: 22-24 бет,мәнерлеп оқу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал