7


Презентация по Сауат ашу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Қаздарым

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі:Сөйлемдегі сөздердің байланысы тақырыбын қайталата отырып, сөйлемдегі сөздерге сұрақ қоя білуге жаттықтыру.

  1. Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын байыту, ой-өрісін дамыту.

3.Тәрбиелілігі: Ойлай білуге, ойын толық жеткізе алуға үйрету, адамгершілік қағидаларын ұстана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау жинақтау сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Пайдаланатын әдіс: сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Сәлем беріп сіздерге

Құрметпен бас иеміз «Біз».

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Мамыр өлеңін жатқа сұрау.

Мамыр туралы өз тілдерімен әңгімелету.

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

Күн ашылды. Самал жел соқты.

Сөйлемдегі сөздер байланысын анықтаңдар.

IV. Мақсат қою кезеңі: Жұмбақ.

Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап.

( Шешуі: Қаз)

V. Мағынаны тану: Қаздарым.

-Автор туралы мәлімет: Құрманбай Толыбаев Игілікұлы.

1926жылы 14 наурызда Алматы облысы, Шелек ауданында дүниеге келген. Балалар жазушысы. Мұғалім редактор қызметін атқарған. Балаларға арналған өлеңдері көп.

Мұғалім: - Ал ендеше балалар «Көктем вальсі» әнін тыңдайық.

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Құстар.

-Жыл құстары бізге қай кезде ұшып келеді еді?

-Көктемде.

Құстардың түрлерін атау. Үй құстары және жабайы, дала құстары болады.

-Құстардың қандай пайдасы бар?

-Біздер құстарға не жасаймыз?

Балалар, көктемде құстар қайтып ұшып келгенен соң олар өздеріне тұратын ұялар іздейді. Біреулері үй шатырдың астына ұя салады, басқалары теректердің басына ұя салады.

Соның ішінде біз «Қаздарым» өлеңімен танысамыз.

Қаз бұл не? Ол қандай?

Мұғалім:- Қаз суда да құрлықта да өмір сүре алады. Жабайы және асыранды түрі бар. Салмағы ірі, мойны ұзын, тұмсығы жалпақ,мықты, аяғы қысқа, қауырсыны қалың құс. Суда 40метр тереңге сүңгиді, суыққа төзімді, маңғазданып, кербез теңселіп жүреді. Жеміс жапырағымен коректенеді. Ұясын үй маңына, таяз су бетіне салады. 5-20 жұмыртқаны 20-40 күнде басып шығарады. Кейбірі 80 жасқа дейін өмір сүреді. Балапаны - мамыр күйікке пайдалы.

Мәтінмен жұмыс:

-Қаздарым өлеңн мәнерлеп оқу.

-Оқушыларға рөлге бөліп оқыту (4 оқушы)

Сөздік жұмыс:

Сайда-тік жары жоқ жер, ойпаң жер, өзеге мен табаны жазық келетін жер.

Көл - қопаң-қозғалақтау, орнынан оқыс көтеріліп қайта отыру.

Не үйрендік не білдік?

-Жабайы және асыранды.

-80 жасқа дейін өмір сүреді.

-Балапаны мамыр деп аталуы.

-Қаз майының күйікке пайдасын

-40 метр тереңге сүңги алады.





Оқулықтағы 162-жаттығуға назар аударайық. Сөлемдерді оқып, ондағы сөздердің байланысын табыңдар.(ауызша орындау)

Шөп өсті. Атам шөпті шапты. Біз шөпті тасыдық.



Мұғ: -Балалар қарлығаш қандай құс?

-Келі құс, адамға дос, ұясын адамға жақын жерге салады.

Дәптермен жұмыс:

-Қарлығаш туралы оқулықта берілген 163-жаттығуды орындайық.

Сөйлемді көшіріп жазу. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің байланысын табыңдар:

Айдар балапанды ұяға салды.



VI. Сергіту сәті:

VII. Топтстыру:



Тұмсығы мықты,жалпақ

аяғы қысқа Жабайы және асыранды





Балапаны мамыр



Салмағы ірі, мойны ұзын

Суда және құрлықта



VIII. Шығармашылық жұмыс:

І топ: Өлең құрастыру.

ІІ. Мақал-мәтелдің жалғасын табу.

1. Қаз келсе, ....................



2. Шағала келмей ....................



3.Қыран құс шашып жейді

Қара құс ....................

ІІІ. Қаздың суретін салу.

IX.Сабақты бекіту.

Сұрақ жауап: Кубизм әдісі

  1. Қандай өлеңмен таныстық? (Қаздарым)

  2. Өлеңнің авторы кім? (Құрманбай Толыбаев)

  3. Өлең не туралы? (Қаздар)

  4. Өлеңде сөйлемнің қандай түрлері бар? (хабарлы, сұраулы, лепті )

X. Сабақты қорыту

Оқушыларды мадақтау.

Үйге тапсырма: «Қаздарым» өлеңін мәнерлеп оқу, жаттау.

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал