7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Менің Отаным Қазақстан'

Тәрбие сағаты 'Менің Отаным Қазақстан'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Менің Отаным-Қазақстан

Мақсаты:1.Халық педагогикасын насихатау. Балалардың ұлтжандылыққа,имандылыққа және адамгершілікке баулу.

2.Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге атамекеніне,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. 3.Сөздік қорларын байыту,тіл байлығын арттыру. Көрнекілігі:1.Қазақстанның әнұраны,көк байрағы,елтаңбасы. 2 «Қазақ елінің рәміздері» кітабы. 3.Ұран сөздер жазылған плакаттар. 4.Қазақстан картасы. 5.Табиғат көріністерінің суреттері.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Отан... Отан... Сен болмасаң, не етер ем? Өмірде бұл өксуменен кетер ем,-деп оқушыларды республикамыздың рәміздерін құрмет тұту рәсіміне шақырып, Мемлекеттік әнұранымызды хор мен бастайық.

2.Қазақстан Республикасы бойынша сұрақтар беремін. Біз қай ұлтпыз? Қандай республикамыз?

3. Қазақ елінің рәміздерін жеке-жеке сұрау. 1)Әнұранның негізгі мазмұны. 2)Көк байрақтың негізгі сипаты. 3)Елтаңбаның негізгі сипаты. 4)Әнұраның сөзін, әнін жазған кімдер? 5)Елтаңба, көк байрақты жобасын жасаған кімдер? 6)Әнұранның әр жолдарының астарын анықтау үшін сұрақ беріледі.

Мұғалім: Бұрын-соңды қазақ халқының басынан өткен қандай тарихи қиын-қыстау оқиғаларын білесіңдерме?

Мұғалім: Қазақ халқының кеңпейілдігі мен бауырмалдылығының арқасында республика көп ұлттың баласына алтын бесік болып отырғаны дәріптеледі. . 1-оқушы: Күндер өтті кешегі,

Жігер құм боп жасыған,

Несіне оны жасырам?

Әнұраным бүгінгі

Баға жетпес асыл ән.

2 - оқушы: Қазақстан Республикасының әнұраны-бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді.

3 - оқушы: Мемлекеттік ту 1992 жылы 4 маусымда қабылданып, 6 маусым күн күшіне енді.

4 - оқушы: Тудың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тікбұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар. Ұзындығы 2 метр, ені 1 метр .

5 - оқушы: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.

Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.

6 - оқушы:Мемлекеттік ту - егемен еліміздің ,тәуелсіз мемлекетіміздің,қазақ халқының ұлттық туы.

7 - оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.

Мұғалім :Осы тудың астында демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік қоғам орнатамыз.

Осы тудың астында экономикамызды дамытып,қазақ халқының дербес ұлт ретінде өсіп-өркендеуін,анық ғылым мен мәдениетін , ұлттық салт-дәстүрлерін көркейте береміз.

Елтаңбаның мөрге бедерлеп түсірілген бейнесі, мемлекет, үкімет қабылданған немесе басқа да ресми құжатқа басылады.

Барлығы:

Елтаңба - өжеттік, ерліктің белгісі.

Елтаңба - тәуекел, ерліктің белгісі.

Елтаңба -кемелдік, кеңдіктің белгісі.

Елтаңба -өзге елмен теңдіктің белгісі.

Елтаңба -егемен елдіктің белгісі.

Мұғалім:

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер төркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халыққа,

Кім айта алар «Болмаған деп Әнұран»- деп ағамыз жырлағандай,

біздің мемлекеттік нышандарымыздың бірі - Әнұран жайында пікірлерімізді ортаға салайық.


Шығармашылық жұмыс.

Қорытынды.

  • Балалар, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты.

Олай болса, еліміздің болашағы сендерсіңдер! Отанды сүюге, қорғауға, әрқашан дайын болыңдар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал