7


  • Учителю
  • Ұланы еркін елімнің тақырыбына қмж 1 сынып сауат ашу

Ұланы еркін елімнің тақырыбына қмж 1 сынып сауат ашу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы Ұланы еркін елімнің.Әліпби Сабақтың мақсаты: Білімділік:Өлеңді мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіре отырып,өлеңнен түсінгендерін өз сөздерімен әңгімелеуге баулу.Әліпбиді жатқа білуге және сөздер жазуда оны дұрыс қолдана білуге және алдыңғы алған б
предварительный просмотр материала


Бастауыш сынып мұғалімі Г.С.Юнусованың ана тілі пәнінен

қысқа мерзімді жоспары

2014-2015 оқу жылы



Күні

26.02. 2015


1

Сабақтың тақырыбы

Ұланы еркін елімнің.Әліпби


2

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Өлеңді мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіре отырып,өлеңнен түсінгендерін өз сөздерімен әңгімелеуге баулу.Әліпбиді жатқа білуге және сөздер жазуда оны дұрыс қолдана білуге және алдыңғы алған білімдерін орынды қолдануға баулу.

Дамытушылық:

Тақырыптан түсінгендерін өмірде орынды қолдана білуге баулу,сөздік қорларын арттыру.

Көрнекілікке негіздей отырып білетіндерін жинақтау, тиянақтау

Тәрбиелік:

Топтық жұмыс арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,сауатты жазуға тәрбиелеу.

3

Табыс критерийлері

Өлеңді мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіре отырып,өлеңнен түсінгендерін өз сөздерімен әңгімелеуге дағдыланады.Әліпбиді жатқа білуге және сөздер жазуда оны дұрыс қолдана білуге және алдыңғы алған білімдерін орынды қолдануға үйренеді.

Тақырыптан түсінгендерін өмірде орынды қолдана білуге үйренеді,сөздік қорлары артады.

Көрнекілікке негіздей отырып білетіндерін жинақтап, тиянақтайды.

Топтық жұмыс арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастырып,сауатты жазуға тәрбиеленеді.

4

Түйінді идеялар

Топтық, жұптық, жеке жұмыс, салыстыру, топтастыру, формативті,суммативті бағалау,зерттеушілік әңгіме.

5

Ресурс

Интернет көздері, оқулық,әдістеме


6

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Тренинг «Амандасу»


«Білім ағашын» тақтаға ілу,оның мақсатын түсіндіру

Топ басшыларын сайлау,оларға бағалау қағаздарын беру/жұлдызша және далауша/

Балалар жұптасып тұрады, қазақ, жапон және еуропалықтардың амандасуын көрсетеді

Қызыл түс-қазақша

Жасыл түс-жапондар

Сары түс-еуропалықтар

Үй тапсырмасын тексеру

8 минут

-Үйге қандай тапсырма берілді?

3 топқа 3 түрлі тапсырма беремін

1-топ мазмұнын айтады

2-топ рөлдік ойын етіп көрсетеді

3-топ сұрақтарға жауап береді


«Топтастыру» стратегиясы арқылы әдептілік сөзіне кеңінен мағлұмат беру


-«Әдепті қыз»әңгімесін оқып,мазмұнын түсінуге берілген

Әдепті бала-амандасады, көмектеседі,жақсылық тілейді,ешкімге соқтықпайды,жаман сөз айтпайды,үлкенді сыйлайды,кішіге қамқор болады.


Ой қозғау

5 минут

-Балалар,біз қай мемлекетте тұрамыз

-Қазақстан туралы не білеміз


«Тәуелсіз Қазақ елі» бейнематериалын көрсету

Қазақстанда аталып өтетін ерекше дааталарға тоқталу

Қазақстан көпұлтты мемлекет-ассамблеяның 20 жылдығы

Қазақ хандығының -550 жылдығы

Ұлы жеңістің -70 жылдығы

-Еліміздің көркеюін жалғастыратын мына сендер,еркін елдің болашағы сендерсіңдер-Ұландар

-Қазақстан Республикасында тұрамыз

-Қазақстан-кең байтақ,Тәуелсіз мемлекет

Жаңа материалмен жұмыс

8 минут

110-жаттығу

«Ұланы еркін елімнің» атты өлеңді мәнерлеп оқиық...

-Өлеңде не жайында жазылған?

1-топ Отан туралы ән

2-топ Отан туралы тақпақ

3-топ Отан туралы мақал


Өлеңді мәнерлеп оқиды

Сергіту жұмысы

2 минут

Кірпімен бірге «Қара жорға»билейік

Жаңа материалды қалай түсінгендіктерін зерттеу

10 минут

Балаларға заттар таратып беру

Дәптер, кітап,сурет,парақ беру оларда сандар жазылған ,сол сандар бойынша балалар сөзжұмбақты шешеді

Ерекше торкөзден «Әріп»деген сөз шығады

Әріп деген не?

Әріптер тізбегі қалай аталады?


111-жаттығу

Өз сыныптастарымыздың аттарын әліпби ретімен жазайық

Әр дыбысқа бір сөз жазу

Дәптер, кітап,сурет,парақ

Осы заттарды алып,

оларда сандар жазылған ,сол сандар бойынша балалар сөзжұмбақты шешеді

Ерекше торкөзден «Әріп»деген сөз шығады

Әріпті естиміз, көреміз

Әріптер тізбегі Әліпби деп аталады?

111-жаттығу

Өз сыныптастарының аттарын әліпби ретімен жазады

Әр дыбысқа бір сөз жазу

Ойын «Кім жылдам?»

Әр топ өздері таңдаған дыбыстардан басталатын сөздер айтып жарысады


Ойын «Кім жылдам?»

Әр топ өздері таңдаған дыбыстардан басталатын сөздер айтып жарысады

112-жаттығу «Сәйкестендіру»

Әр топқа 5 сөзден беремін

Оқулықты пайдалана отырып,сөздерге сәйкес келетінін табады

Әр топ өздеріне берілген сөздерді сәйкестендіреді

Жұппен жұмыс «Толықтыру тесті»

Балаларға жұп бойынша әріптері тасталып кеткен сөздер беремін, олар жоғалған әріпті қойып,сөзді буынға бөледі

Жұппен жұмыс «Толықтыру тесті»

Балаларға жұп бойынша әріптері тасталып кеткен сөздерге жоғалған әріпті қойып,сөзді буынға бөледі


Сабақты бекіту

5 минут

/дарынды және үлгерімі төмен оқушымен жұмыс/

Үлгерімі төмен оқушыларға суреттер таратып беру ,суреттегі заттардың атын атап, сөзді буынға бөледі

Дарынды оқушыларға ссөздер таратып беру,олар сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық


Үлгерімі төмен оқушылар,суреттегі заттардың атын атап, сөзді буынға бөледі

Дарынды оқушылар сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды


Кері байланыс және бағалау

4 минут

Сабақта алған әсерлерін бармақтар бойынша көрсетеді.

Топ басшылары жұлдызшалар мен жалаушаларға балалардың аттарын жазып «Білім ағашына»іледі

Үйге тапсырма

1 минут

71- бет

110-жаттығу

Өлеңді жаттау және жазу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал