- Учителю
- Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Байлық пен ақыл'
Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: 'Байлық пен ақыл'
Сабақтың тақырыбы: Байлық пен ақыл.
Сабақтың мақсаты: қазақ ертегілері, оның ерекшеліктері, түрлері жөнінде оқушы танымын кеңейту.
Білімділігі: Халық ауыз әдебиетінің өлмес мұрасы-ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, байлық, сәндіктің баянсыз екенің, ақыл, қайрат, нұрлы жүректің мұқалмас мұрат екенің ұғындыру.
Дамытушылық: ой шақыра білуге, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, ертегіні өорытындылауға, тірек сызбаның маңыздылығын дамыту.
Тірбиелік: оқушыларды еңбекқорлыққа, әдептілікке баулу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: топтастыру сызбалары, трек сызбалар.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру: а) психологиялық дайындық.
-
Үй тапсырмасын сұрау. «Аңқау арыстан» ертегісінің мазмұнын айтып, сахналап көрсету.
-
Үй тапсырмасын қорыту. Ертегі кейіпкерлерін ата және оларды сипатта.
-
Мағынаны таныту.
-
Жаңа сабақ:
а) Кіріспе әңгіме: ертегі - халық ауыз әдебиетінің атадан балаға ауыз екі сөйлеумен жеткен әдеби өнердің бірі. Ол мынадай түрге бөлінеді.
Ертегі үшке бөлінеді бүгінгі ертегіміздің тақырыбымен танысайық.
Байлық деген не?
Денсаулық зор байлық дегенді өалай түсінесіңдер?
Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Байлық пен ақыл» ертегісі.
ә) Дәптермен жұмыс.
Ертегі -атадан балаға мирас болып келген әдеби жанр түрі бүгінгі ертегіміз шыншыл ертегі түріне жатады.
Суреттерге қарап, бұл заттар кімдерге қатысты екенін айт?
б) Сөздік жұмысы:
әшекей-өрнек, сәнді ою
мұрагер- орын басушы, дүниеге ие болушы.
в) оқулықпен жұмыс: Оқушылар тізбектей оқиды.
Мәтіннен кенже ұлының жауабын тауып оқу.
-
Қорытынды:
Саған кімнің жаубы ұнады? Неліктен?
7. Бағалау.
8. Үйге тапсырма. «Байлық пен ақыл» ертегісін оқып мазмұнын айту.