- Учителю
- Урок түймедей ару (1 класс)
Урок түймедей ару (1 класс)
«Түймедей ару» - сайысы
Мерекеге арналып безендірілген зал, әуен ойналады. Қазылар алқасы таныстырылып, сайыстың ережесі айтылады. Балалардың тапқырлық, шешендік өнерін көрсету. Сайыскерлердің танымдылық белсенділігін арттыру, дүниетанымы мен мәйекті сөздермен байыту, олардың ойлау қабілетін және ойын тиянақты жетік тілмен жеткізе білуге үйрету; Салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу, сахна өнеріне баулу, қол өнерін, жылдамдығын, іскерлігін көрсете білу.
1.Жүргізуші:
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс демалыссыз жүретұғын.
2.Жүргізуші:
Кім сендерді, балалар, тербететін
Еркелетіп, ойнатып сергітетін.
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
(Аналарды құттықтау сөз мектеп басшысына беріледі).
1.Жүргізуші:
Ұлы тойда, әдемі
Әннен шашу шашайық.
Ал, балалар, кәделі
Жарысты біз бастайық
2.Жүргізуші:
Наурыздың бүгін сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамға
Анаға айтар лебізі.
1.Жүргізуші:
Келістіріп бар сәнін
Берген өзі табиғат
Аруларды ал, кәне,
Қарсы алайық жамағат.
(Арулардың ортаға шығуы, әуен).
1-ші ару. Ақша маңдай, үлкен-кіші мақтанғандай. Айзат аруымызды ортаға шақырамыз.
2-ші ару.Өз әлінше жақсыларды жақтағандай. Дариға ару.
3-ші ару. Достарын сары алтындай сақтағандай; Гулсая
4-ші ару. Көңілді сыны жоқ, оқуында міні жоқ; Динара
5-ші ару. Ажарлы ақша беті ұқсаған айдындағы аққуларға; Даяна
6-шы ару. Сүйкімді жарасар құлағына алтын сырға; Салтанат
7-ші ару. Қара шашты қиғаш қасты; Махаббат
8-ші ару.Келеді еркін басып шекесіне үкі таққан; Гүлназ
1.Жүргізуші:
Беташарын сайысымның бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Сайыскерлер өзін-өзі таныстырып
Білгірлерді ду қол соғып қостайық.
1 сайыс. Таныстыру.
2 сайыс.
Шебер ою ойып бер қолыңнан
Жаңылмайтын ата-баба жолынан
Біз айтайық төрелігін соңынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін
(Түйме қадау)
3 сайыс. Өнер сайысы.
Күн нөсерін төгейік
Жырдан моншақ өрейік
Уа, жамағат ал, енді
Өнерге кезек берейік. (Арулар өз өнерін көрсетеді)
4 сайыс:
Ойдағың мен қырдағың
Құлақ салып тыңдағың
Тазша бала бастасын
Наурыз тойдың жұмбағын. (Жұмбақ шешу)
«Қуыршығым» әні.
5 сайыс: «Қуыршағым әдемі»
Сәндік киім, шашына талғаммен шаш үлгісін жасау.
Қорытындылау: Жеңген арулар мақтау қағазымен марапатталады.