7


  • Учителю
  • Математикадан ашық сабақ: 'Өткенді пысықтау. (қОзғалысқа есептер) '

Математикадан ашық сабақ: 'Өткенді пысықтау. (қОзғалысқа есептер) '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Математика 4 сынып

Тақырыбы: Өткенді пысықтау. (қозғалысқа есептер)

Сабақтың мақсаты: 1.Қозғалысқа берілген есептерді шығару, есептеу дағдысын жетілдіру, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.

2. Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру,математикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Типі: білімді бекіту.

Әдісі: еске түсіру, сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс..

Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу

1. Психологиялық дайындық.

2. Ауызша есептеу: 30*700 , 6500:100, 1000- ның ½, 125:5,

Блиц-сұрау:

  1. Пойыз 72 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат жүрді . ол қанша жол жүрді? ( 144 км)

  2. Шаңғышы 60 км жолды 12 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Шаңғышы осы жолды неше сағатта жүріп өтті? (5 сағ)

  3. Тікұшақ 600 км-ді 2 сағатта ұшып өтті. Оның жылдамдығы қандай? ( 300 км/сағ)

  4. Саяхатшылар қайықпен 12 км/сағ жылдамдықпен 5 сағат жүзіп өтті. Олар қанша жол жүзді? (60 км)

  5. 240 кмжолды мотоциклші 40 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Осы жолды ол қанша уақытта жүріп өткен? ( 6 сағ)


Сан қатарын әрі қарай жалғастыр: а) 1,3,7,13,21,31,.... ә) 3,4,7,12,19,28 ...

II. Мақсат қою. Сабақтың мақсатын хабарлау

III. Өткенді пысықтау

№1. Есепті шығар: арасы 660км екі қаладан бір мезгілде бір - біріне қарама-қарсы бағытта екі теплоход шығып, 10 сағаттан кейін кездесті. Бірінші теплоходттың жылдамдығы 31 км/сағ. Екіншісінің жылдамдығын тап.

№1. Арасы 980км екі қаладан екі автокөлік бір-біріне қарама-қарсы бағытта шықты. Біріншісінің жылдамдығы 68км/сағ, екіншісінің жылдамдығы 72км/сағ. 5 сағаттан кейін автокөліктердің арасы қандай болады? Олар неше сағаттан кейін кездеседі?

№1. Екі қаладан екінші қалаға екі пойыз бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жолға шығып, 2 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 48 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы одан 6 км/сағ кем. Осы қалалалардың арақашықтығын тап.

Математика күнделікті өмірде: № 3

Тауардың аты

Бұрынғы бағасы

Бұрынғы бағасынан жеңілдік

Жаңа бағасы

Кітап шкафы

85490 теңге

1/5

85490:5 =17098

85490-17098=68392

Кресло

16800 теңге

1/4

16800-4200=12600


Балалар кереуеті

24060 теңге

1/6

24060-7010=17050

Диван

64000 теңге

1/8

64000-8000=56000


Сергіту сәті

Теңдеу шешу: 450*3-х = 982 с+182 =900*3 50*2+х = 1482 а-100:2 = 2894

Логика :

а) Кітап беттерін нөмірлеу үшін 187 цифр қажет болады. Осы кітаптың неше беті бар? ( 9 - бір таңбалы сан, 99 - 9 =90 екі таңбалы сан; 90*2=180-2+9=187ц)


ә) Оқушы 48 беттік қалың дәптер сатып алды. Осы дәптердің беттерін нөмірлеу үшін барлығы неше цифр қажет? ( 9 бет - 9 цифр; 48 - 9 =39 бет екітаңбалы саниен белгіленген; сондықтан 39*2+9= 87цифр қажет.)

б) Бірдей 25 қосылғыштың қосындысының мәні 1000-ға тең. Қосылғыш неге тең? (40-қа)

в) Салауатты өмір сүретін ересек адамның жүрегі 1 минутта 5л қан айналдырса, 1 сағатта неше литр қан айналдырады? (60 мин *5 =300 л)


IV. Рефлексия

V. Үйге тапсырма: №7. 20 бет теңдеуді шешу

Бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал