- Учителю
- жалқы және жалпы есім 2 сынып қазақ тілі
жалқы және жалпы есім 2 сынып қазақ тілі
Бекітемін:
Оқу жұмысы жөніндегі орынбасары:
___________Г.Бакешова
« 12» ақпан 2016ж
Тақырыбы::
Жалқы және жалпы есім
Мектеп: Нұржау жалпы орта мектебі
Күні: 12.02.16
Мұғалімнің аты-жөні: Гилманова Ж.Г
Сынып: 2 «А»
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабаққа негізделген
оқу мақсаты:
Жалқы және жалпы есім туралы түсінік бере отырып, жаттығулар орындау арқылы, сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету.
Алдыңғы оқу:
Барлық оқушылар:
Жалқы мен жалпы есімдерді ажыратып білді және сөйлем ішінен тауып білді.
Оқушылардың басым бөлігі:
Жалқы есімдерге сұрақ қоя біледі және оларды сөйлем ішінде қалай жазылу керек екенін ұқты.
Кейбір оқушылар:
Жалқы мен жалпы есімдерді ажырата біледі, оларға сөйлем құрай алады.
Міндеттері
Сөйлемдегі сөздердің ішінен жалпы және жалқы есімдерді тауып үйренеді;
Сөйлеу дағдыларын меңгертіп, көркем жазуларын қадағалау;
Кез-келген тақырыпқа мәтін құрастыртып үйрету;
Кезекті оқу
3мин
Зат есім ережін жаттау.
332-жаттығу, сурет бойын әңгімелеу
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар
(төменде жоспарланған жаттығулармен
қатар,ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Психологиялық дайындық
1 мин
3 мин
Білу
3 минут
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейрімді.
Болып кетер сонда дереу жан - жағым, «Кім? Не?» сұрақтарына
берілген сөздер арқылы екі топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру
332-жаттығу. «Сурет» бойынша әңгімелеу
«Ой қозғау»
«Мен не білемін?»
-Біз қай сөз табымен таныстық?
-Зат есім дегеніміз не?
-Зат есімнің сұрақтары қандай?
-Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
«бас бармақ»
(формативті бағалау)
Мультимедия
суреттер
Өз-өздерін бағалайды.
Түсіну
5 минут
Джигсо әдісі
1-топ. Доп, қарбыз, гүл, ағаш
2-топ. Көкшетау, Арман, Бөрібасар, Жетіқазына т.с.с
Екі топ оқушылары берілген сөздерге сұрақтар қояды.
Түсінік ережесі:
Зат есім
Жалқы Жалпы
Кісінің аты-жөні,жер-су аттары,жан-жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады.Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады: Астана, Айгүл, Ақтау,Құлагер,Ақтөс.
Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз.Мысалы:оқушы,кітап,қарбыз,ара
«бағдаршам»
(формативті бағалау)
Жалпы және жалқы есім ережесі
Оқулық, постер, түсті бояулар
Тірек -сызбалар
Өз-өздерін бағалату
Қолдану
5 минут
5 мин
333 - жаттығу.
Суретке қара, олардың астындағы сөздерді оқы.
алма раушан
Сөздердің бірі кіші әріппен, екіншісі үлкен әріптен басталып жазылу себебі неде деп ойлайсың?тағы мысал келтір.
«Кім зерек?»
«жеке жұмыс»
334-жаттығу жаңылтпашты бірнеше рет оқып, жатқа айт
Арман атай,
Аралағаны-Тарбағатай.
Арман атай атын
Тарбағатайда тағалай алмай,
Айғайды салған атай.
суреттер
Талдау
10 минут
«Сөйлем құрап жаз»
Өзбеттік жұмыс
335-жаттығу мына жалқы есімдерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.
Сырым, Тайбурыл, Ертіс, Бөрібасар
Сергіту сәті
«Көз жаттығулары»
«Көркем жазу»
336-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдегі сөздердің бас әріппен жазылуының себебін түсіндір
Жетісу-көркем өлке. Іле-осы өлкедегі үлкен өзен. Ол Балқаш көліне құяды. Көл жағасында Балқаш қаласы орналасқан.
«бас бармақ»
«формативті бағалау»
Сөздер карточкалары
Жалқы және жалпы есім ережесі
Бас бармақ суреттері
Жинақтау
6 минут
«Білгір топ»
«топтық жұмыс»
1-топ: Сөйлемдегі жалқы есімдерді тауып,Арманның жазған қателерін түзеп жаз.
Менің ағам алматыда тұрады. Оның баласы самат екінші сыныпта оқиды. Ағамның үйі бөгенбай батыр көшесінің қиылысында орналасқан.
2-топ:Жалқы есімдермен сөйлемдерді толықтырып жаз.
Менің туған жерім-________.Менің атым-_________ , әкемнің аты-_______________.Сыныптас досымның аты-____ . Үйде кішкентай күшігім бар.Оған ______________деп ат қойдым.__________ маған өте ұнайды.
3-топ:Сөздерден кісі,жер-су аттарын теріп,үлгі бойынша бөліп жаз.
Қарағанды, Ақтау, Үсен, Атырау, Раушан, Жадыра, Жезқазған, Ақсу, Гауһар,Балқаш,Есіл.
Кісі атаулары: Үсен.............................................
Жер-су атаулары: Қарағанды...........................................................
Постер қорғау, түрлі -түсті бояулар
Бағалау
3 минут
«Екеуі де» әдісі
«Өзбеттік жұмыс»
Әр оқушыға ұсынып,жалқы және жалпы есімдерді жаздырту
Екеуі де зат есім екенін ұғындыру
жеке-жеке парақшалар
Кері байланыс
2 минут
«Екі жақты күнделік»
Бөліктің оң жағына: Жаңа сабақта алған қатты әсер еткен тұстары, ұнаған әдістері
Сол жағына: Жаңа сабаққа пікір, сұрақтар
Қандай тапсырманы орындағанда қиындық келтірді?
Таратпа бетше
Үй тапсырмасы
1 минут
337-жаттығу Өзі тұратын көшке туралы шағын әңгіме құрау
Жұмыс кітабы
Жетті:
Талпынды:
Табыс критерий
●Сөйлемдегі сөздердің ішінен жалқы және жалпы есімдерді тауып үйренді;
●Сөйлеу дағдыларын меңгертіп, көркем жазуларын қадағаланды;
●Кез-келген тақырыпқа мәтін құрастыртып үйренді;
● жалқы және жалпы есімдерді сөйлем ішінен табуға, сұрақ қойып ажырата білуге талпынды.