7


  • Учителю
  • Внекласная работа по математике в начальных класс на казахском языке

Внекласная работа по математике в начальных класс на казахском языке

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


« Жас математиктер - 2015»

Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімге талпынуын, ойлау қабілетін дамыту
Дамытушылық: Математикаға қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін дамыту
Тәрбиелік: Есте сақтау, қиыншылықты жеңуге, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сайыс барысы:
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың жаңасы
Математика жайында
Сайысты біз бастаймыз
Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл ойды тәртіпке келтіретін - математика, сондықтан да оны оқу керек»- деген. Олай болса бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен одан әрі танысасыздар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екеніне көз жеткізесіздер.

Болады топтардың аты затына сай,

Ниет етсең болуға өнерге бай.

Артық емес үйрен де, жирен деген,

Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.

Олай болса бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарды қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық:
1.

2.

Сайыста әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін қатысушы топтар белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап беру керек және тапсырмаларды дұрыс орындау қажет. Математикалық сайыс - бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойлары жинақы болуы керек және тәртіп сақталған жөн.
Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныс болайық.
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер, әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Бүгінгі математиктер сайысында,
Жеңіске жетер нағыз мықты. (қазылар алқасымен таныстыру)
Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа,
Сәлемдесу кіреді,
Ата - дәстүр салтына
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Өнерлерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың
1 - кезеңі «Сәлемдесу сөз басы» бастаймыз.
«Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса қалт айтпайды
Әрқашанда нанымды» деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс, ойын.
Шақырамыз, келіңіздер жарысуға.
Күш, өнер, білімменен алысуға
Бар өнерді салайық, ортамызға
Қанеки, кім шығады сайысуға
2 - кезең «Кім шапшаң?»(бұнда әр топқа берілген 10 сұраққа жауап беру керек. ) сұрақ:
1. Үстелде шие салынған 7 стақан тұр. Марат 1 стақандағы шиені жеп қойды. Неше стақан қалды? (7)

2 . Ең үлкен үш таңбалы және кіші төрт таңбалы сандардың қосындысын тап. (1999)

3. Жеңіл машина 5 сағатта 300 км жүрді. Сондай жылдамдықпен 540 км жолда неше сағатта жүреді? (9 сағат)

4. Жүгіру жарысынан Әсет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат -үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1-Марат, 3-Асет, 2-Талғат
5. Әділ тақтаға екі бірдей сан жазды. Мейрамбек олардың қосындасын қасына жазды. Жәнібек тақтадағы үш санын қосты. Егер Мейрамбектің жазған саны 10 болса, Жәнібек тапқан қосынды нешеге тең? Жауабы: 5+5+10=20

6. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса

7. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті?(көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді)

8. үстелдің 4 бұрышы бар, егер 1 бұрышын кесип алса үстелде қаншша бұрыш қалады? (5)

9. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу

10. Бір жәшіктің массасы 12 кг, жәшіктің жалпы массасы 48кг болса, онда неше жәшік болған? ( 4)


ІІ топа арналған сұрақ

1. Айдынның Асқаттан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі:

Жанат - ұзын
2. Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
3. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
4. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
5. Қай санға бөлуге болмайды?

6. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат
7. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
8. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
9.Оқу жылының үшінші айы? (қараша)

10. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (ұзындығы мен енін көбейту арқылы)

Математика - толған тәртіп, мағына мен мән
Математика - толған тамаша заңдылық пен сән
Математика - толып жатқан терең сыр
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір
3 - кезең «Мені түсін»Бұл сайыста әр топқа 4 сурет беріледі, сол суретті олар өздерінің тобына мимикамен жеткізеді. Шешкен топтың ұпайы сол топтың қоржынына байланады, шеше алмаса келесе топ шешу мүмкіндігін алады. Тиісінше ұпай сандары да еселенеді.

Дарындар келді бүгін сайысуға
Бойында бар дарынды дарытуға
Қорықпастан шығып тұр алдарыңа
Сән көрсетіп қарсыластарымен жарысуға
4 - кезең «Сәнді фигуралар» әр топтың басшыларына геометриялық фигуралар беріледі сол фигуралардан үйдің және ракетаның бейнесін құрастыру.

Топ басшылар өз жұмыстарын аяқтағанша, топ мүшелері би билеп жарысқа түседі. Жақсы билеген топқа 1 ұпай ұпай санына қолсылады.

5 - кезең «Тәтті сайысы» (бұл сайыста әр топатан 2 оқушыдан шығып печеньені жеу керек және жұмбақтың жауабын тез шешу керек кім көп жауап беріп, әрі қанша печенье жесе соған көп ұпай беріледі әр печенье 1 ұпай)

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін жұмбақтарға берелік.

Арамызда тапқыш математиктер көп екен,

Солардың енді жауаптарын көрелік

1. Торғай нешеу?

Талдан ұшты топ торғай,

Емес бірақ көп торғай,

Алдында оның бастаушы

Артында төртеу қостаушы

Және оны қарасақ,

Қайта оны санасақ,

Ойың жүйрік болса егер

Торғай нешеу есепкер? (5)

2. Он бір түйе, бес жылқы,

Екі сиыр, бір ешкі

Екі қоян, үш түлкі

Болды сонда нешеуі? (24)

3. Дүкенге кеп сабын алдым

Оның және қабын алдым

Екі дәптер, үш қалам,

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бары? (7)

4. Мұз айдында он бес бала,

Асыр сап жүр сырғанап,

Сырғанамай сегіз бала,

Жағалауда тұр қарап,

Енді осы бар баланың,

Санын айтсаң жарадың (23)

5. Тал басында құнара,

Қонушы еді бір ара,

Бүгін тоғыз туысын,

Ертіп келді бұл ара

Барлығы қанша ара? (10)

6. Атам, әжем, ағам,

Әкем, інім және мен

Анам менен енесі

Енесінің бөлесі

Отыр едік шай ішіп,

Жеңгем кірді майысып,

Арқасында кіші інім

Саны қанша айта ғой

Үйдегі бар кісінің? (11)

7. Он көзі бар өзінде,

Он цифр бар көзінде

Көзіне саусақ саласың,

Жырақтан хабар аласың (Телефон)

8. Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын бір шүмек. (Домбыра)

9. Өзі төрт аяқты, және алты аяқты

Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты (инелік)

10. Туысқан бес кісі,

Бірінен - бірі кіші

Бәрінің аты бар,

Ең кішісі шеткісі. (бес саусақ)

Жас дарын жас ғұмырдың талғамысың
Қуантқан әрбір үйдің арманысың
Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.

6 - кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр» (мақал - мәтел, жаңылтпаш айту) жаңылтпашты жаңылмай айтып, мақалдың жауабын дұрыс тапса, бір ұпай алады. Ендігі кезек мақал-мәтелдерде:

1. Білгенің - бір тоғыз,

(Білмегенің тоқсан тоғыз.)

2. Бір кісі қазған құдықтан

(Мың кісі су ішеді)

3. Тоқсан ауыз сөздің (тобықтай түйіні бар.)

4. Құтты қонақ келсе, (қой егіз табады.)

5. Бірінші байлық - денсаулық,

Екінші байлық - ақ жаулық,

Үшінші байлық - он саулық.

6. Екі баланың ортасындағы шал бала болады,

(Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.)

7. Айла алтау, (ақыл жетеу.)

8. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
9. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
10. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
11. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
12. Бір елі ауызға - (екі елі қақпақ)
13. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
Заманның лебімен жел есетін,

Келді ғой кезек міне, кездесетін.

Жаңылтпаш сайысына уақыт бөліп,

Жаңылып қыран топан күлісетін.

1. Ұшып кетті үш құс,

Ұшып келді ұшқыш,

Ұшып келді ұш құс,

Ұшып кетті үш құс.

2. Жоғалды бес шыбыш

Жоқ әлі еш сыбыс.

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоғалды бес шыбыш.

3. Арқада алты арқар бар,

қырқада қырық арқар бар.

Қырық арқарда қарт арқар бар,

Алты арқарда қарт марқа арқар бар.

4. Бір жыңғылда

Бір мың гүл.

Бір бұлбұлда

Мың бір жыр.

7.Келесі кезек үй тасырмасы. Әр топ өздерінің үйде дайындап алып келген үй жұмыстарын қарсылас топтраға береді. Ал қарсылас топтар оның жауабын дұрыс табу арқылы өз ұпайларын еселейді.

Қанып сандар сырына,
Шықсақ білім шыңына.
Деп алаулап жүрегі
Қосқан әуен жырына,
Математиктер жасасын!- дей отырып кешіміздің қорытындысын хабарлау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

Оқушыларға мақтау қағаздары табысталады.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділ - қазы, көрермен сау тұрындар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
Осымен «жас математиктер» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау - саламат болыңыздар!

Бұлақ негізгі мектебі















Өткізуші: О.С.Филиппина

2015-2016 оқу жылы

Сайыс кезеңдері:
1. «Сәлемдесу сөз басы»

2. «Кім шапшаң?» «Сұрақ бізден, жауап сізден.»

3. «Мені түсін»

4. «Сәнді фигуралар»

5. «Тәтті сайысы» (матемтикалық жұмбақтар)

6. «Тапқыр болсаң, тауып көр» (мақал - мәтел, жаңылтпаш айту)

7. Үй тапсырмасы



Сайыс кезеңдері:
1. «Сәлемдесу сөз басы»
2. «Кім шапшаң?» «Сұрақ бізден, жауап сізден.»
3. «Мені түсін»
4. «Сәнді фигуралар»
5. «Тәтті сайысы» (матемтикалық жұмбақтар)

6. «Тапқыр болсаң, тауып көр» (мақал - мәтел, жаңылтпаш айту)

7. Үй тапсырмасы




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал