7


Қазақ тілі Зат есім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Cабақтың тақырыбы: Зат есім.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: зат есімнің ережесімен таныстыру. Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету. Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, сөз таптары, зат есім туралы түсініктерін қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін, сөз таптарын ажырата білу қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу,ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі: қайталау сабақ

Көрнекіліктер: қималы парақша, сызбалар, суреттері

Әдіс-тәсілдер: топтық, өзіндік

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме?

-Балалар бүгін бізде ерекше сабақ. Сыныпта қонақтар. Біз өз білімімізді осы қонақтарға қысылмай айтып берейік

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз - білім алу,

Міндетіміз - еңбектену.

Еңбектену арқылы,

Бестікке қолды жеткізу.

Топқа бөлу: «Балапан » «Аққу» тобы С әрпіне байланысты тілек сөз.

Сенімді бол Салмақты бол

Сауатты жаз Сақтайық тәртіпті

-Балалар мен сендерге Сәт сапар сабаққа тілеймін

Балалар, біз бүгінгі сабағымды мына өлең жолдарымен бастайышы.

Қазақ тілі-өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

Үй жұмысы 7-жаттығу 143-бет

Жасыл шырша тәтті торт ыстық үтік шуақты күн

Үлкен өзен ақ лақ

Қызығушылықты ояту:

Адамға қатысты атаулар: мұғалім, дәрігер, әнші. биші. аспазшы.

Ыдыстар атауы: кесе, қасық, айыр, ожау, қазан, тәрелке, табақ

Жемістер атаулары: Алма, қауын, қарбыз. жүзім. алмұрт.

Жануарлар атаулары Түйе, қой, сиыр, жылқы, ешкі.

Мағынаны тану кезеңі: Сөзжұмбақ шешу 1-жаттығу 15-бет

Сурет бойынша торкөз санына сәйкес келетін сөздерді тап. Ол сөздер қандай сұраққа жауап береді?

-Зат есім дегеніміз не? Ережені екі топтан екі оқушыдан сұрау

Жиырмасыншы ақпан.

Сынып жұмысы.

Дәптермен жұмыс

С с

Сағат

«Сағат» сөзіне дыбыстық талдау жасау. (ауызша)

с- қатаң дауыссыз дыбыс

а- жуан дауысты дыбыс

ғ- дауыссыз дыбыс

а- жуан дауысты дыбыс

Т- қатаң дауыссыз дыбыс

Мәтінді оқы. 2-жаттығу 15-бет

Берілген мәтіннің мазмұны талданғаннан кейін, зат есімдерді теріп жаз.

Заттың біреуге меншікті екенін білдіретін қосымшаларды қалай атаймыз?

Тәуелдік жалғауы неше жақта айтылады?

«Құмыра» сөзін жекеше түрде тәуелде

І- жақ Менің құмырам

ІІ- жақ Сенің құмыраң

Сіздің құмыраңыз

ІІІ- жақ оның құмырасы

Сергіту сәті: «Аю»

Адамға және жануарлар мен заттарға қандай сұрықтар қойылады?

Жалпы есім дегеніміз не?

Жалқы есім дегеніміз не?

3-жаттығу 144-бет

Мәтінді көшіріп жаз.

  • Мәтіннен зат есімдерді тауып,астын сыз

  • Зат есімдерге сұрақ қой.

4- жаттыру

Көп нүктенің орнына тиісти зат есімдерді қойып жаз.

Төрт түлік ...............

Аңдар ..................

Құстар ...................

Отбасы мүшелері ....................

Негізгі түбірден болған зат есімді қандай зат есім дейміз? Мысал келтір.

Туынды зат есім дегеніміз не?

Мысыл келтір.

5-жаттығу.

Мақалды көшіріп жаз.

Өнер -ағып жатқан бұлақ,

Ғылым - жанып тұрған шырақ

Зат есімнің астын сыз.

Ой толғаныс кезеңі:

1. Не? Бұлақ

2. Қандай? Таза ,мөлдір

3. Не істейді? Ағады, сарқырайды, ашылады

4. Сөйлем. Мен бұлақтан су іштім

5. Синоним Өзен

Үйге тапсырма

5-жаттығу.

Ата-бәйтерек,

Бала-бәйтерек.

«Ата» сөзін жекеше түрде тәуелде

Қорытындылау: Сұрақ -жауап арқылы

-Зат есім дегеніміз не?

</ -Зат есімнің сұрақтары қандай?

Бағалау:

Үй тапсырмасы: 6-жаттығу 145-бет







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал