7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары: Ә.Жапаров «Қазына көтерген бала».

Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары: Ә.Жапаров «Қазына көтерген бала».

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Ә.Жапаров «Қазына көтерген бала».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Қ.Сәтбаевтың өмірі жайлы әңгімемен таныстыру;

Дамытушылық: Қ.Сәтбаев есімімен байланысты кен орындарын білгізу,оқушыларды ізденуге, ойлауға жетелеу; көркем сөйлеу іскерлігін арттыру, танымын, елестету, сезіну қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Туған ел байлықтарын қорғауға үйрету,ұлы адамдар өмірін үлгі ету;

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық суреттер

Пәнаралық байланыс: математика

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдерме балалар!

Оқушыларды түгендеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Құрал-жабдықтарын тексеру.

Психологиялық дайындық.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

II. Өткен сабақты пысықтау:

-«Медеу» өлеңінің авторы кім?

-Медеу мұзайдыны қайда орналасқан?

-Медеу мұзайдыны қашан тұрғызылған? Қанша адамға арналған?

-Неге мұзайдынның атын Медеу деп атаған?

-Мұзайдында сырғанап айналысатын спорт түрі қалай аталады?

-Қазақстандағы мәнерлеп сырғанаушылардан кімді білесің?

ІІІ.Жаңа сабақ:

Қызығушылықты ояту.

«Жасырын сөзді тап» ойыны. Парақшаның бірінші бетіне мысалдар, ал екінші бетіне жасырын Қ,А,Н,Ы,Ш, С,А,Т,Б,А,Е,В әріптері жазылады.











V







-Балалар, қандай сөз шықты?

-Қаныш Сәтбаев кім?

-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы -Әнуар Жапаров «Қазына көтерген бала» (Қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев туралы).

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы,Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) - геолог ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.

Мұғалімдер семинариясында Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдірген.

Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.[1] Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты; СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ, Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.

Қаныш Сәтбаев шыңы Советтер жотасында, Құмбелдің ірі жотасының шығыс тармағында орналасқан. Шыңның солтүсік-батыс етегінде Үлкен Алматы көлі бар. Шыңнан шығысқа қарай Советтер мұздығы ағады (# 98), солтүстік-батысында мұздық # 97 бар.

Бұрын бұл шың Советтер шыңы аталған. Советтік кезеңде Октябрь революциясы мерекесінің құрметіне шыңға шығу шаралары ұйымдастырылған.

Қазір СССР Ғылым академиясының академигі, қазақтың атақты геологы Қаныш Сәтбаевтың атымен аталады.

Қаныш Сәтбаев атында

Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институты,

Сәтбаев қаласы

Сәтбаев ғаламшары,

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Сәтбаевтың мұздығы

Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтбаевит» минералы,

«Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі

Сәтбаев көшесі (Алматы)

Сәтбаев көшесі (Астана)

Мұражай бар (Жезқазған қаласында).

Оқулықпен жұмыс:

-Мәтінді мәнерлеп оқу. Оқушыларға түсіндіру.

-Тізбектеп оқыту.

«Қазына» сөзін қалай түсіндіңдер?

-Бұл оқиғаның шамамен неше жыл бұрын болғанын есепте.

-Кішкентай Қаныш еліміздің қай аймағын салған?

-Қаныш көтерген тастың қазына екенін қалай дәлелдейсің?

Дәптермен жұмыс:

Күнді, тақырыпты жазу.

Топтармен жұмыс.Ой толғаныс.

Топтарға жеке тапсырмалар беріледі

• Қанышқа мінездеме беру

• Қаныштың бойында қандай өнері болған?

• Мәтіннен дүниетануға байланысты деректерді табу

V.Қорытынды:

- Біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?

- Қаныш Сәтпаев кім?

- Қаныш атамыздың атында нелер бар екен?

- Бала Қаныш қандай болған?

-Өздеріңнің бойларында осындай қасиеттер бар ма?

VI.Үйге тапсырма: «Қазына көтерген бала» әңгімесін оқы, мазмұндау.

«Қаныш бейнесі» тақырыбында оған мінездеме жазу.

VІI. Бағалау.

Рахмет, ұнадыңдар балалар,

Құштарсыңдар білімге.

Аяқтап мен сабақты,

Рахмет айтам сендерге!





Мұғалім:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал