- Учителю
- Құстар дүниетану 2 сынып
Құстар дүниетану 2 сынып
Пәні: Дүниетану |
2 сынып |
|
Тақырыбы: |
Құстар | |
Мақсаты: |
1. Мәтінді түсініп оқуға төселу. Құстардың алуан түрлілігі туралы оқып үйрену. | |
Күтілетін нәтиже: |
1. Мәтінді түсініп оқуға төселеді. 2. Құстар туралы мәлімет алады, оларды ажырата біледі. 3. Құстардың табиғаттағы ролін ұғына отырып, өмірмен байланыстыра біледі. | |
Керекті жабдықтар: |
Суреттер, кестелер, оқулық. | |
Тапсырмалар: |
Топтық, жұптық, жеке. | |
Әдістер: |
«Шынжыр» әдісі, «Кір жаятын жіп» әдісі, «Қапшықтағы фасоль» әдісі. | |
Акт |
</<font face="Times New Roman, serif">Слайд, құстар дыбысы. | |
Бағалау |
Қолпаштау,басбармақ,бағдаршам. | |
Сабақтың барысы | ||
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Кіріспе |
1.Психологиялық көңіл-күй туғызу Қайырлы күн, достым, Қайырлы күн болсын Аптаның бұл күні Сәттілікке толсын 2.Сыныпты топтарға бөлу. Суреттегі құс атауларына қарай «Аққу», «Қыран», «Бұлбұл», «Қарлығаш» топтарына бөлу. |
«Аққу», «Қыран», «Бұлбұл», «Қарлығаш» топтарына бөлінеді. |
Тұсау кесер |
І. Үй тапсырмасын сұрау. («Шынжыр» әдісі арқылы) І топ. Жануарлардың тіршілік ортасы. ІІ топ. Жануарларға қажетті жағдайлар. ІІІ топ. Жануарлардың қоректенуі. ІV топ. Жануарлардың табиғатқа бейімделуі. Бағалау. ІІ. Жаңа сабаққа көпір жасау.(«Кір жаятын жіп» әдісі арқылы) Жұмбақтар жасыру. -Жұмбақтың шешуін бір сөзбен қалай атаймыз? Топтастыру.
Ойын: «Құстар қалай дыбыстайды?» Оқушыларға құстардың дыбысын тыңдату. -Бұлбұл ұясын биік бұта басына салады. Ол сайрауық құс, тамаша әнімен көңілімізді шаттыққа бөлейді. -Қарлығаш балапандарының аяғын қылмен матап тастайды, ол татулық пен бірліктің белгісі. -Аққу - 30-40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек, жылан да аққудың жұмыртқасына тиіспеген. -Тоқылдақ - орман емшісі. Ол жыл сайын ұясын ауыстырып отырады. Ағаш қуысынан балапандарын қанаттандырғанша ұзамайды екен. - Құр - қардың үстінде шанамен сырғанағандай артына із қалмайды. Себебі, қыста табанының астына мамық қауырсын өседі екен. Бейнеролик Биші құстар |
Әр топ өз тапсырмаларын айтады.
«Басбармақ» арқылы
-Құстар
Оқушылар дәптерлеріне жеке жұмыстанады.
Құстардың дыбысы арқылы топтар қай құстың дыбысы екенін ажыратып, суреттерін тақтаға іледі. |
Негізгі бөлім
|
І. Оқулықпен жұмыс Мәтін 4 бөлікке бөлініп, әр топқа беріледі. Әр топ өз бөлімдерін оқиды. «Қапшықтағы фасоль» әдісі арқылы -Түйеқұс пен дуадақ неге ұша алмайды деп ойлайсың? -Қыран құстарды қазақ халқы қандай кәсіп түріне пайдаланған? -Бөдене жерге қалай қонады? Оны қай шығармадан білесіңдер? -Бұлбұл жыл құсына жата ма? Туған өлкеге қай кезде оралады? Сергіту сәті: ІІ. Сәйкестендіру. -Балалар, тақтаға қарайықшы, не байқап тұрсыңдар? -Осы суреттердің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?
ІІІ. Шығармашылық жұмыс. І топ. Құстарға байланысты тыйым сөздер жазу. ІІ топ. Құстарға байланысты теңеу сөздер жазу. ІІІ топ. Құстарға байланысты халық болжамдарын жазу. ІV топ. Жұптық жұмыс. Дәлелдеу.
Мен келіспеймін, өйткені
Себебі:
Бұл қате пікір, өйтені
Бағалау. |
Топтар өз бөлімдерін оқиды.
Әр топ түсінгендерін айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Ойларын ортаға салады.
Құстарды сәйкес суреттермен тауып байланыстырады.
Әр топ тапсырмаларын орындайды.
«Бағдаршам» арқылы |
Қорытынды |
Шығармашылық диктант. 1. Құстар - екі ..., екі ..., үсті ... жабылған жануарлардың бір түрі. 2. ... ... - қыран, бүркіт, кезқұйрық, жапалақ, үкі. 3. ... ұзақ ұша алмайды, жауынан тез жүгіріп құтылады. 4. ... ұясын биік бұтаға салады. |
Дәптерде орындайды. |
Үйге тапсырма |
Мәтінді оқу, түс.айту. «Ең, ең...» құстарға мәлімет іздеу. |
|
Кері байланыс |
Смайлик |
Смайлик арқылы |