7


  • Учителю
  • Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары Жүрек жылуы

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары Жүрек жылуы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сынып: 2 «а» - сынып

(7 жасар)

Мерзімі: 11.02.2016 ж

Мұғалім: Ешекенева А.Б

Оқушылар саны: 8

Қатысқаны: 8

Сабақтың тақырыбы

«Жүрек жылуы»

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, 2 сынып, өзін - өзі тану оқулығы, А.С.Сейтақов, - Алматы : Бөбек, 2010 жыл

Мақсаты

«Қайырымдылық»,«мейірімділік»,адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Топта жұмыс жасауға дағдылану.

Негізі идеясы

«Қайырымдылық - адамгершіліктің негізі»

Оқыту нәтижелері

«Қайырымдылық»,«мейірімділік»,адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейеді. Топта жұмыс жасауға дағдыланады.

Әдіс-тәсілдер

Тәсілдер: жекелей, жұптық, топтық.

Әдістер: «Ыстық микрофон», «Тізбектей оқу», «Болжау ағашы»

Сабақтың көрнекілігі

интерактивті тақта, слайдтар, сурет, а3 қағазы, түрлі түсті маркерлер, түрлі түс құйылған ыдыстар.

Дереккөздері

Өзін - өзі тану оқулығы,., А.С.Сейтақов Алматы - Бөбек : , 2010 жыл. Жақсылықова Г.И. «Интербелсенді әдіс- тәсілдер» Әдістемелік құрал.Өскемен 2014



Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау



I.Қызығушылықты ояту



Түгендеу.

  • Сәлеметсіңдер ме , оқушылар!

Топқа бөлемін: ( әуен естіліп тұрады,ортада жолақшалар байланған шаңырақтан өздеріне ұнаған түсті алады. ) Топ басшыларына бағалау парақшаларын ұсыну.

  • 1-топ: Сары түсті шаңырақ

  • 2-топ: Қызыл түсті шаңырақ

  • -Ал енді , балалар,сабағымызды әрі қарай бастамас үшін ең алдымен ыңғайланып отырып алайық.

Тыныштық сәті. Әуен ойналады

Мен әуенді қосқан кезде бәріміз жүрегіміздегі сиқырлы әлемге аттанамыз. Біздің жүрегімізде кішкентай адам өмір сүреді. Оның аты да дәл сендердікіндей. Қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын сезініңдерші (тыныс алу). Ол біздің жүрегіміздің ішіндегі «Мен осындамын», «Мен сенімен біргемін» - деп тұрған кішкентай адам ғой. Оған өздеріңнің күлкілеріңді сыйлаңдар. Жүрегіміздегі кішкентай адам әрқашанда бізбен бірге болады. Жүрегіміз бізге тек ақыл мен жақсы сөздер айтатын болады. Себебі, оны тек біз өзіміз ғана ести алатын боламыз. Жүректеріңе іштей рахмет айтыңдар. Ол сендердің ризашылық сөздеріңді естісін. Сездіңдер ме, ол одан да бетер қатты соғып кетті. Олар бізді естігенін білдіріп жатыр. Осы сәтті естеріңе сақтаңдар!

  • Енді көздеріңді аша қойыңдар. Қолдарыңды жоғары, содан кейін екі жаққа

созыңдар. Терең дем алыңдар.

  • Міне, тамаша!



Армысың ару күн!

Армысың ұстазым! Армысың қонақтар!

  • Армысың Отаным!



Топқа бөлінеді. ( Шаңырақта байланған сары және қызыл түсті жолақшалар арқылы..)









Жарайсыңдар, балалар!

Үй жұмысын тексеру үшін « Ыстық микрофон» тапсырмасын жүргізу.

«Қайырымдылық, жақсылық туралы мақал-мәтелдер жаттап келу»

Қайырымдылық туралы бейнебаян көрсету.

  • Балалар, мына көріністе нені тамашаладыңдар?

  • Жақсы іс істеу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • (Түрткі сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын анықтап алу)

  • «Жүрек жылуы»

Топтан 1 оқушы ыстық микрофонды ұстап, келесі топтағы балаға микрофонды ұсынады.Ол оқушы жақсылық, қайырымдылық туралы мақал-мәтел айтады.



Оқушылар қайырымдылық, жақсылық жасау туралы өз пікірлерін баяндайды.



Жақсы істер, қайырымды адамдар туралы пікір алмасқан соң,оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.

«Бағдаршам»

II Мағынаны ажырату



1. «Тізбектей оқу» әдісі арқылы мәтінді оқып шығады.

«Жай ғана әжей» мәтіннің бір бөлігін тізбектей оқып шығып, «Болжау ағашына» кезігеді.

-Бұдан ары қарай не болды?

-Мәтін немен аяқталды?

II бөлімін тізбектей оқып, талдау.

-Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?

-Бұл оқиғадан не үйрендің?

-Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?

Оқушылар мәтінді тізбектей оқып шығады.

Оқушылар ары қарай мәтінді толығырақ ашу үшін өз болжамдарын айтып болжайды.

Мұғалімнің ынталандыру сөздері

Дәйексөз

Балалардың жауаптары дәйексөзбен түйінделеді.

Мұғалім тақтаға «Табиғаттағы барлық жылу - күннен, Өмірдегі барлық жылу - адамнан». М.Пришвин, деп жазып қояды. Мұғалім өмірдегі барлық жақсылық, мейірімділік, қайырымдылық адамдарға байланысты екенін түсіндіреді.

  • Өздеріңнің жауап бергендеріңдей қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын-туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір-біріне қайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытта өмір сүреді.

Мұғалім балаларға дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазуға кеңес береді.



«Менің дәйексөздерім» тапсырмасын орындайды.

« Бағдаршам»



Сергіту сәтін ұйымдастыру «Көңілді күн»

Оқушылар сергіту сәтін орындайды.

Бас бармақ



Жағдаятты талдау

Мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, жағдаяттарды шешуді ұсынады.

  1. Сен бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...

  2. Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ...

  3. Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті...



Балалар өз шешімдерін

жария етеді.



Екі жұлдыз, бір тілек

«Ойлан,тап!»ойынын орындаймыз.Шарты:ортада гүлдің ішінде жүрек жылуы сөзі жазылып тұрады. Сол сөзге сай келетін гүлдің күлтелерінде жазылған сөзді тауып, түсіндіру.

«Ойлан, тап!» ойынын орындайды.

«Бағдаршам»

Үйге тапсырма беру



Күнделікке жазу: «Менің отбасым» туралы шығарма жазу

Мұғалімнің ынталандыру сөздері

Мұғалімнің формативті бағалауы

Өз жауабы мен басқа оқушылардың жауап берулерін салыстырады.



III. Ой толғаныс



Кері байланыс

Мына қағаз бетіне барлығымыз өз жылуымызды қалдырайық. Қолдарыңды бояуға малып, алақанның іздерін қалдырамыз

  • Менің қайырымды жүрегіме рахмет!

  • Менің мейірімді жүрегіме рахмет!

  • Менің жылы жүрегіме рахмет!

  • Менің жақсылықты сезіне алатыныма рахмет!

  • Мен әрқашан қайырымды боламын!

  • Мейірімділігім менің-асыл қасиетім!

  • Менің жүрегім әрқашан мейірімге толы!

  • Менің қайырымды жүрегіме рахмет!

  • Менің мейірімді жүрегіме рахмет!







Оқушылар бүгінгі сабақ барысындағы көңіл- күйлерін көрсетеді.

.Көңілкештер

























Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі:

________Отчегарова Р.К _________Ашимбаева Д.С

«___»______2016 ж «___»________2016 ж

















Тақырыбы: «Жүрек жылуы»













Өткізген: 2 а - сынып мұғалімі

Ешекенева Азиғат Бекжанқызы

































Сынып : 2 «а»

Сынып жетекші: Ешекенева А.Б

Сабақтың тақырыбы: «Жүрек жылуы»





Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары Жүрек жылуы1-сурет «Топқа бөлу»

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары Жүрек жылуы3-сурет «Кері байланыс»





Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары Жүрек жылуы2- сурет «Шығармашылық жұмыс»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал