- Учителю
- Бас әріптен басталатын сөздер Өрмекші ,құмырсқа ,қарлығаш
Бас әріптен басталатын сөздер Өрмекші ,құмырсқа ,қарлығаш
Күні 15 .03. 16 ж Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
1. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы ұғымдарын пысықтау.
2. Оқушыларға мәтін мазмұнын түсіндіру, негізгі ойын ашу. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасау. Көп ізденуге, дәлелді сөйлей білуге үйрету.
Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, барлық тіршілік иелеріне деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.
1. Венн диаграммасы.
2. "Ой қозғау" стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, бейне жазба,оқулық.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық: Көңіл күй сыйлайық! (2 мин)
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады баршаға.
Оқушыларды топқа бөлу.
III. Үй тапсырмасын сұрау. « Екі соқа» мәтінінің мазмұның сұрау.
Венн сызбасын толтыру.
Ережені сұрау. ( Кісі аты - жөні, жер - су аттары бас әріптен жазылады)
1-топ екі соқаны әңгімелеу
2-топ еңбек туралы мақал айту
3-топ вен диаграммасы екі соқаны арқылы салыстыру
«Ой қозғау» сұрақтарға жауап алу.
-
Балалар, бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы не білесіңдер? (Ережені пысықтау)
-
Жаңа сабақ.
Жұмбақ жасыру
Инесі жоқ, жібі жоқ,
Өрмегі жоқ, тіні жоқ.
Бірақ шілтер тоқиды.
(Ө...............)
• Жанды қос тау бірге тұр,
Арасында - қыл көпір.
(Қ……….а)
Үй ішінде үйі,
Жем тасиды жиі.
(Қ……….ш)
Әр топқа ат беру
-
Балалар, бүгін біз Ы. Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімесімен танысамыз.
Үнтаспадан «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесін тыңдату
Сұрақтарға жауап алу:
-
Ы. Алтынсарин кім?
-
Ол қазақ даласында балаларға арнап не ашты?
-
Оның қандай шығармаларымен таныстық?
Мәтінмен жұмыс.
1. Тізбектеліп оқу.
2. Мәтінді рольге бөліп оқыту.
. Мәтінді талдау, сұрақтарға жауап алу.
(Оқушы жауабы дұрыс болса, 3 рет қол шапалақтау)
1) Атасы немересіне нелерді көрсетті?
2) Немересі көргендері жайлы не деді?
3) Атасы немересіне нелерді үлгі етті?
Сөздікпен жұмыс.
Нанның уағы - нанның үгіні, қиқымы
Тұзақ құру - аулау
1-топ : өрмекші туралы не білеміз?
2-топ: құмырсқа туралы не білеміз?
3- топ: қарлығаш туралы не білеміз?
-Еңбектің пайдасы бар ма?
Ойын «Өрмекшінің торы»
4. Оқулықпен жұмыс: 103 - жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқып беру, оқыту.
1) Көп нүктенің орнына өлеңдегі кісі және өзен аттарын теріп жазу.
Кісі аттары: Тарас, Пушкин, Әбділда Тәжібаев.
Өзен аттары: Днепр, Еділ, Сырдария
Наурыздың он бесі.
Сыныпта
Ээ Ээ Ээ
-
104 - жаттығу /ауызша/
А) Мәтінді оқу
Парыз /слайд, қызылорда картасы/
Ә) Кісі, жер - су аттарын білдіретін сөздерді атаңдар.
Сергіту сәті: Қарлығаш
-Еңбектің пайдасы бар ма?
8. Рефлексия. Кері байланыс.
Бекіту доп лақтыру арқылы сұраққа жауап беру
-
Ы. Алтынсарин осы мәтін арқылы бізге не айтқысы келді?
-
Бүгінгі сабағымызда нені үйрендік?
-
Қай сыныптасыңның жауабы ұнады?
- Көңіл - күйімізді бас бармақтарымызбен көрсетейікші.
9. Үйге тапсырма: 105- жаттығу.
1. "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесін оқу, түсінік айту.
2. Әңгімедегі құстар мен жәндіктерге қатысты сурет салу.
3. Кісі, жер-су аттарын білдіретін сөздерге сөйлем құрау.
10. Бағалау.
Мұғалім сөзі: «Өрмекшідей өнерлі, құмырсқадай бірлікшіл, еңбекқор, қарлығаштай қайырымды болыңдар» деп сабақты аяқтаймыз.
Алматы облысы
Қаратал ауданы
С. И. Морозов атындағы №51 орта мектеп -гимназиясы
Ашық сабақ
Тақырыбы: « Бас әріптен жазылатын сөздер.
Өрмекші , құмырсқа , қарлығаш. »
Бастауыш сынып мұғалімі Ишамбаева А.Қ
Үштөбе қаласы