- Учителю
- Қазақ тілі Киелі 7 саны 2 сынып
Қазақ тілі Киелі 7 саны 2 сынып
Қазақта 7 саны киелі сан болып саналады.
7 (топтастыру)
7 қазына 7 қарақшы 7ата
7күн 7шелпек
7 керемет 7 мүшел
Қазына дегеніміз - мол байлық.
Қазына сөзін математикада 7 санымен байланыстыра аламыз.
Ендеше, біз бүгін 7 санымен, цифрымен танысамыз.
«Ер қанаты -ат» деген қанатты сөз бар. Халқымыз төрт түлік малдың ішінде жылқыны ерекше бағалаған. Жылқының етін, қазы-қартасын жеп, қымызын ішкен, терісін пайдаланған. Жау шапса, бір-бір атқа мініп, дұшпанына тойтарыс берген.
1) 1-ден 10-ға дейін сандарды тура және кері санау.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
10 9 8 7 6 5 4 3 2 1
2) Сандардың ішінен 7 санын көрсету.
3) 7 санының көршілерін атап беру.
Тазы - иттің бір тұқымы. Тазы итпен ата-бабаларымыз аң аулаған. Тазы - артық қырым еті жоқ ит. Онымен қасқыр, түлкі, қарсақ ұстаған. Ит адамға қолқанат болып, мал күзеткен.
«Ер ел қорғаны» дейді дана халқымыз. Кең байтақ жерімізді, өзен, көл, орманымызды, көгілдір тауларымызды жаудан қорғап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ер бабаларымыздың өте болған, ол Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек батыр, Жәнібек батыр т.б.
Әйел - ол ана, жар, апа, қарындас. Ажарына ақылы сай, мінезге бай, еріне сүйеу бола білген, үйдегі балаларын мәпелеп, тәрбиелеп өсірген. Жақсы әйел - әрбір отбасының ұйтқысы, ырыс-берекесі.
Адам баласы пайда болғалы ілім-білімге ұмтылып келеді. Осының арқасында машина, трактор, радио, теледидар, ұшақтар, компьютер дүниеге келді. Сондықтан ілім-білім, ғылымды игерсең еш қор болмайсыңдар.