- Учителю
- 'Халық ауыз әдебиеті үлгілері'
'Халық ауыз әдебиеті үлгілері'
2-апта
2 күн
3-сабақ
Сабақтың тақырыбы
Халық ауыз әдебиеті үлгілері 3-сабақ
Қастек Баянбаев "Араша" мысал өлеңі
Жалпы мақсаттар
Мақсаты:сыни ойлау стратегиясы арқылы ой қиялын дамыту; стратегия барысында дарындылық қабілеттерін байқау;
Оқытудағы жаңа тәсіл: мысалды мақсатты оқуы нәтижесінде оқи білуге үйрету; тапсырмаларға бағыттауда мысал мазмұнын түсініп,түйінді ойды ашады;шығармашылық тапсырма кезінде көшбасшылықты анықтау; салыстыру тапсырмасын беруде жас ерекшелігін бақылау; өзін өзі бағалау.
Сілтеме
Жоспар. Слайд
Оқыту нәтижелері
Сұраққа нақты жауап беруді;
өз ойларына немесе пікірлеріне дәлелдеме келтіруді;
пікірлерді салыстыра білуді;
ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айруды;
шығармашылықпен жұмыс жасауды
Негізгі идеясы
Әлсізге көмек көрсету,қамқорлықты,татулықты түсіну.
тапсырмалар
1-тапсырма.Араша дегенді қалай түсінеміз?Тақырыпты ашу.
2-тапсырма.Мәнерлеп рөлге бөліп оқу,тақтаға кейіпкерлерді дыбыстау арқылы демонстрациялау
3-тапсырма
«Біле жүрейік» айдары.Кейіпкерлерді топтастыру,адамға пайдасы.
4-тапсырма
Сұрақ-жауап.Саған біреу жала жапса не істер едің?Сондай оқиға өз өміріңде кездестіме?
5-тапсырма Кері байланыс. Тапсырмалар беру.Өлең құрастыру.
Үйге тапсырма
Кішкентай буклет арқылы сюжетті диафильм құрастыру.
Мұғалімнің ойлары
Тренердің жазбалары
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбасы 3-сабақ
1- әрекет.Бұл жолы топқа оқушы мысал кейіпкерлеріне ара,шыбын,арыстан,тышқан деп бөлді.Сабаққа деген қызығушылығын оятуда,араша деген сөзді қалай түсінеміз?-деп балаларға ой тастадым.Өткен сабақты еске түсере отырып,жаңа сабақты байланыстыру.Автормен таныстыру.
Оқушылар: Араша деген сөзді талдады.
2- әрекет. Мәнерлеп рөлге бөліп оқыта отырып,тақтаға демонстрациялау әдісін пайдаланып дыбыстау арқылы рөлде ойнату.
Оқушылар :
3-әрекет. Мұғалім: «Біле жүрейік» айдарын ұсынады.Кейіпкерлердің адамға пайдалы жақтарына тоқталады Оқушылар: Оқушылар өз шығармаларындағы кейіпкерлердің жағымды,жағымсыз қасиеттерін 2 топқа бөліп қорғайды (Білім берудегі басқару және көшбасшылық модулін, Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулін басшылыққа ала отырып,сұраққа-жауап, сипаттау,топтастыру әдістерін қолданды 10-мин)
4-әрекет. Мұғалім. Сұрақ-жауап.Саған біреу жала жапса не істер едің?Сондай оқиға өз өміріңде кездестіме?
Оқушылар: Өмірмен байланыстырып, анықтаған жағымды қасиеттерді қатыстырып әңгімелейді ,өлең құрастыру ( СТО модулін,Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулін басшылыққа ала отырып топтастыру, Сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін қолданды 10-мин)
5-әрекет.Мұғалім: Сабақты қорыту Кері байланыс. Тапсырмалар беруОқушылар: Жеке оқушылар бүгінгі сабақтан не алғандарын ортаға салады.(Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі, Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулін басшылыққа ала отырып диалогтік оқыту тірек сызбасын қолдану. 5 -мин)
5 Үй тапсырмасы: шығармаларды оқу