7


  • Учителю
  • Разработка классного часа 'Күз аруы'

Разработка классного часа 'Күз аруы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Күз аруы» мерекелік сайыс.

1 «Ә» сынып оқушылары «Балауса» әнімен , өлең шумақтарын айтады.

1 жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар!

1 жүргізуші:Сіздерді «Күз аруы» атты мерекелік сайысымызда көргенімізге қуаныштымыз.

2-жүргізуші:Күз - бұл жаз бен қыстың арасындағы көпір.

Аяз бетімізді тоңдырса да, далада суық күн тұрса да, біз білеміз, күз - ол тамаша мезгіл.

1 жүргізуші: Қандай жазушыны, ақынды, суретшіні алсақ та, әр- қайсысы өз бетінше осы мезгілді көркем суреттей алады. Осы күз мерекесіне орай :

Қош келдіңіз көрермен,

«Күз аруы» кешіне.

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді ғой құт - береке

Астық толды қоймаға.

Құтты болсын мереке!

«Алтын күзді» тойлаймыз - дей отырып, бүгінгі 1- сынып арасындағы «Күз аруы» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші:

Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқасымен таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаға, - дей отырып, құрметті көрермендер, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1 жүргізуші: Әділқазылар алқасының міндеттері:

*Қыздардың берген жауабына

*Тапсырманы дұрыс орындауына

*Көрсететін өнеріне жеке баға беріп отырады.

Жоғары баға- 5, төменгі баға-3

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

1 кезең - Таныстыру

2 кезең- Үй тапмырмасы

3-кезең - Сұрақ -жауап, жұмбақтар шешу

4-кезең- Өз өнері /ән , би орындалады/

5-кезең - Ойын- «Жеміс-көкөністерді танып біл».

6-кезең - Киім үлгісін көрсету

2 жүргізуші:

Бірінші қыз - білімді,меңгерген бар ілімді.

Екінші қыз-елгезек, алады тез тіліңді.

Үшінші қыз-үлбіреп, қос жанары мөлдіреп,

Төртінші қыз өнерлі,өн бойында бар талап

Бесінші қыз салмақты - дей отырып,сайысқа түскелі отырған қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Сабырлы әрі салмақты,

Альмира біздің ардақты.

Қиялға қиялменен қарыштайды

Өнерін көрерменге бағыштайды.

1 жүргізуші:

Қазақтың қызы ғой,ол елін сүйген.

Бойында әдептілік нәрін түйген.

Анасын әрқашанда сыйлап өтер,

Дильназ қыз, орындалсын басты арманың

2 жүргізуші:

Бәріміз жақсы көретін,

Анасын әр кез сүйетін.

Келесі біздің Рената қыз

Шырқатып әнді беретін.

1 жүргізуші:

Қуантады өнерімен Сандира қыз,

Қол соғып сіз оны қарсы алыңыз,

Өнерің серік болсын талабыңа,

Бүгінгі қабыл болсын тілегіңіз.

/ортаға Сандира шығады/

Биді де билеп беретін,

Әнді де шырқап беретін.

Алдарыңызда Мирдана қыз,

Иіліп сәлем беретін.

1 жүргізуші:

Өнер қуып арулар өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген арулар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер дейміз, - дей отырып, 1-ші кезеңді бастаймыз, ол - таныстыр/қыздар өздерін таныстырып өтеді/

2 жүргізуші:

Тұз емес пе астың дәмін кіргізер,

Қыз емес пе, үйдің сәнін енгізер.

Қызға жиған жүгіндей демейміз бе,

Сұлулық пен нәзіктікті білгізер- дей келе 2-ші кезеңді бастаймыз.

/Үй тапсырмасы, күзгі салат, күз мезгілінің сурет/

1 жүргізуші:

Ал арулар, бұл сайысқа қалайсыңдар,

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Тапсырма ал,сұраққа қымсынбай кеп

Жауап берсең әрине жарайсыңдар!

/3- кезең жұмбақ шешу/

1-жүргізуші

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп,ал біреулер ән салыпты

Бүгінгі күн сайыста, бәйге алуға,

Арулар аянбай -ақ жар салыпты -дей отырып 4-ші кезеңге жол берейік. Бұл сайыста арулар өз өнерлерін көрсетеді.

1. Альмира - ән «Айдана»

2.Дильназ - би «Қамажай»

3. Рената - «Капелька» әнімен

4. Сандира - би «Қара жорға»

5. Мирдана - «Қошақан» әні

2-жүргізуші:

Жемісті мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген - дей келесі 5-ші кезеңді бастайық

Ол «жеміс- көкөністерін танып біл» деп аталады. /кесілген жеміс-көкөністерді байлаулы көзбен атап өту/

2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар , қыздарымыз келесі сайысқа дайындалғанша 1 «Ә» сынып қыздарының орындауында «Қарлығаш» биін сонымен

бірге 2 «Ә» сынып қыздарының орындауында «Сарғалдақтар» биін тамашалаңыздар

1-жүргізуші:

Сайысымыздың соңғы 6-шы кезеңі

Сымбатты сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Сымбат сәні келіскен ару қызға,

Әрдайым жұрт сүйсіне қарайтұғын - деп аруларды киім үлгісін көрсетуге шақырамыз. Бұл көрініс бойынша олардың жүріс-тұрыс, сырт келбеттері бағаланады.

2-жүргізуші:

Әділқазылар алқасы шешім қабылдағанша кезекті 2»Ә» сынып оқушыларына береміз.

Ортаға 2»Ә» сынып оқушыларын шақырамыз .Ән « Бақытты балалық» .

1-жүргізуші: Сөз кезегі әділқазыларға беріледі.

«Күз аруы»-

«Көрікті ару»-

«Ақылды ару»-

«Сымбатты ару» -

«Өнерлі ару»

номинациялары бойынша марапаттау.

2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, осымен «Күз аруы « атты сайысымызды аяқтай отырып, оқушылардың өнерлерін тамашалағандарыңызға көп рахмет айта отырып, сіздерге келесі кездескенше сау болыңыздар демекпіз!

«КҮЗ АРУЫ» САЙЫСЫ.

2014-2015 жылы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал