7


  • Учителю
  • План открытого урока по литературному чтению на тему Халық қорғаны (3 класс)

План открытого урока по литературному чтению на тему Халық қорғаны (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әдебиеттік оқу, 3 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Халық қорғаны (ел аузынан)

Сабақтың мақсаты:

1.Тарихпен ұштасып баяндалатын шығармаларды жете түсініп оқуға шабыттандыру.

2.Халқымыздың тарихи асыл мұрасы болып келген сөз мәнерін, тілін болашақ ұрпаққа жеткізу, олардың сана-сезімін, дүниетанымын кеңейтіп, ой дәлдігіне, сөз жүйелілігіне, тіл тазалығына төселдіру.

3.Елін, жерін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Әдісі: топқа бөліну, әңгімелеу, суретпен жұмыс, оқулықпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: АКТ, тест, сурет, постер, маркер, «Сиқырлы конверт»

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

Оқушылармен сәлемдесу. Оқу құралдарын түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.

«Шаттық шеңбері». «Ақ тілек» жаттығуы.

Оқушыларға шаттық шеңберінде әріптер таратылады, сол әріптерден басталатын тілек айтады. Сол дыбыстардан пәннің атын құрастырады. /Әдебиеттік оқу/

Топқа бөліну.

1)Сол әріптерде топтардың аты жазылған, сол бойынша топтарға бөлінеді

2)Топ басшысын сайлайды

3)Бағалау парағы беріледі.

І. Білу

1) Әр топ өз атауларын қорғайды. Өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтады.

1 топ - Үш бақытым

2 топ - Туған ел

3 топ - Төрт ана

2)Тест тапсырмалар

1. Қай өлеңде туған жерді анаға теңейді?

А) М.Мақатаев «Үш бақытым» Б) С.Мәуленов «Мен елімді сүйемін»

Ә) С.Сейфуллин «Туған ел» В) Ш.Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»

2. Қазақстан туындағы еркіндіктің, тәуелсіздіктің, бостандықтың, жомарттық пен қырағылықтың нышаны - .......................................

А) Күн Б) Қыран

Ә) Өрнек В) Жұлдыз

3. М.Мақатаев «Үш бақытым» деп отырғаны - ..........................

А) Білім, өнер, ғылым Б) Отан, халық, тіл

Ә) Бейбітшілік, ынтымақ, бірлік В) Әке, ана, бала

4. Туған тіл туралы жырлаған ақын.

А) Т.Айбергенов Б) М.Жұмабаев

Ә) Д.Әбілов В) М.Мақатаев

5. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» деген жол кімнің шығармасынан алынған?

А) М.Мақатаев «Үш бақытым» Б) С.Мәуленов «Мен елімді сүйемін»

ІІ. ТүсінуПлан открытого урока по литературному чтению на тему Халық қорғаны (3 класс)

1.Суретпен жұмыс

-Кімдер бейнеленген?

-Олардың қазақ батырлары екенін қайдан аңғардың?

-Ақ боз атқа мінген батырды кім дер едің?

-Қазақ батырлары неліктен атқа қонды?

2.Электрондық оқулықтан «Жоңғар шапқыншылығы» туралы таныстырылым

ІІІ. Қолдану

1. Оқулықпен жұмыс

А)мәнерлеп оқу

Ә)мазмұндау

2. Қабанбай батыр туралы презентация

3. Дәптермен жұмыс

Қабанбай батыр туралы мағлұматтарды жазып алады

4. Сөздік жұмыс

шұбырынды-қорғансыз

жасақ-әскер

ақылгөй-ақылды, ақыл беруші

жарақ - құрал, қару

жарым-бірлі-жарым, аздаған

пырақ-жүйрік ат, тұлпар

Сергіту сәті

ІҮ. Талдау. Топпен жұмыс

Мазмұнды сызбамен жұмыс. Мәтінге сүйеніп, сызбамен жұмыс жүргізеді

1топ - Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі халықтың жағдайы

2топ- Қабанбай батыр

3топ-Бұқар жыраудың теңеулері

Ү. Жинақтау

«Сиқырлы конверт» ойыны.

Кестеге сол кезеңге сәйкес нұсқаларды көрсетеді.

1.Жоңғар шапқыншылығы кезінде

2.Қазіргі уақытта

Бағалау. Бағалау парақтары бойынша жинаған баллдарына сәйкес баға қойылады.

Үйге тапсырма. 81 бет мәтінді оқу, Бұқар жыраудың жыр-өлеңін жаттау

Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек»





























































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал