7


Сын есім 2 сынып ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 11.04.16 ж.

Пән: қазақ тілі

Сынып: 2

Тақырыбы: Сын есім

Мақсаты: сын есім туралы білімін тиянақтау; сөйлемнен, мәтіннен сын есімді табу дағдысын жетілдіру; сын есімнің зат есіммен байланысын анықтау; сөздік қорын молайту; лексикалық білім, білік, дағдыларын арттыру; ой - өрісін, танымын арттыру;

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: кубизм, синквейн, өзін-өзі бағалау,сұрақ жауап.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, бағалау парағы, карточкалар, суреттер.

Қажетті құралдар: АКТ, интерактивтік тақта, кубик, сандықша, кәмпиттер.

Қолданылатын жаңа педагогикалық технология элементтері: Дидактикалық тапсырмалар, флипчарт, ойын элементтері, сәйкестендіру, схема.

І. Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин

ІІ.Психологиялық дайындық. 2 мин

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 2 мин

IV. Бекіту сабағы. 22 мин

V. Рефлексия . 8 мин

VІ. Бағалау. 6 мин

VІІ. Үй тапсырмасы. 3 мин

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

  • амандасу

  • танысу

  • түгендеу

  • сабаққа дайындықтарын тексеру.

  • Сәлеметсіңдер ме балалар!

  • Отыра қойыңдар!

  • Бүгін қазақ тілі сабағын мен өткіземін. Менің аты-жөнім Гүлдана Болатқызы.

  • Кәне, бір-бірлеріне қараңдаршы, барлық сыныптастарын отыр ма!?

  • Жақсы!

  • Қане балалар, мені көріп тұрғандар 1 шапалақ, естіп тұрғандар 2 шапалақ, сабаққа дайын оқушылар 3 шапалақ.

  • Жақсы отырыңдар. Шапалақ даусынан сендердің бүгінгі сабаққа дайындықпен келгендерің сезіліп тұр.

ІІ.Психологиялық дайындық.

- Сабағымызды бастамас бұрын, көңіл күйіміз сабақ бойы көңілді болсын деген ниетпен сендерге өлең дайындадым. Мен осы өлең жолдарың оқимын, ал сендер қимыл іс-әрекетті орындау керексіңдер!

- Келістік пе!?

- Жұп-жұппен тұрамыз!

- Ал ендеше, бастайық!

Күлім қағып қолымды,

1,2,3 деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы, жылы жүзбенен,

Мандайыннан сипайын.

Жылы, жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын.

Амандасып өзіңмен,

Құшақтап бір қысайын.

  • Көңіл-күйлерін көтерілді ме?

  • Жарайсыңдар!

  • Осы көңіл-күй сабақ бойы көтеріңкі болсын деп тілеймін!

Топқа бөлу.

- Балалар қазір қай мезгіл? (балалар жауабы

Балалар көктемде алғашқы болып қандай гүлдер гүл ашады кәне бәріміз бірге атап өтейік .

- Бәйшешек, қызғалдақ, мамыргүл,бақбақ гүл

Алдарында жатқан қағазға қараңдар! Әр балада бір гүл түрі берілген.

Қазір, әр отырған топқа мозайка беремін! Сендер мозайканы жинап, қай гүл шыққаның анықтап, сол гүлдер бойынша топқа бөліне қоясыңдар! (Мозайка таратылады, бәйшешек, қызғалдақ, мамыргүл)

Топқа бөлініп отыра қалыңдар! (әр топта гүлдің атауы жазылып тұрады)

І топ Бәйшешек

ІІ топ Қызғалдақ

ІІІ топ Мамыргүл

Міне, үш топқа бөліндіңдер! Әр топ, топ басшысын сайлай қойындар!

Сабақта өздерінді бағалау үшін, сендерге бағалау парағын таратамын. Әр оқушы, әр тапсырмадан кейін, сол тапсырма үшін сол қағазға, өзіне баға қояды. Сабақта соңында қорытынды бағасын айтып, түсіндіреді. Ал топты келген қонақтар бағалайды.

  • Келістік пе!?

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Өткен сабақта сендер қандай тақырыппен таныстыңдар?

  • Сын есім.

  • Үй тапсырмасына не берілді?

  • Сын есім ережесін қайталап келу, сөз таптарын қайталау.

  • Жақсы!».

  • Кубизм әдісі. (сол кубикта сұрақтар жазылып тұрады)

  1. Сын есім анықтамасы.

  2. Сөз таптарын ата.

  3. Сын есімге мысал келтір.

Қазір, әр топ басшысы кубикті лақтыру арқылы, сұрақ таңдап алып, топпен жауап қайтарады.

IV. Бекіту сабағы.

  • Ал, балалар барлығымыз тақтаға назар аударамыз!

  • Сабақтың тақырыбын табайық.

Схема бойынша сөзді тап.

і м с н е ы





= (сын есім)





  • Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай? (балалар жауабы)

  • Тақырыбы: Сын есім

  • Енді, сабаққа мақсат қояйық! (балалар жауабы)

  • Дұрыс айтасыңдар! Сабағымыздың мақсаты: сын есімді білу, ажырата білу, зат есіммен байланыстыр білу.

  • Өлең оқу. Іс-қимыл орындау. (дәптер ашу, күнді жазу)

Көркем жазу. Сс, Сә, Сәуір

Кітаппен жұмыс.

1-тапсырма.

157-беттегі 444-жатығуды орындаймыз. Кәне, тапсырмасын оқиық.

444-жаттығу. Керекті сөздерді пайдаланып, заттарды салыстыр.





Дәмі бойынша: лимон мен бал

Биіктігі бойынша: биік ағаш және төмен ағаш

Көлемі бойынша: үлкен және кіші

Топтағы басшылар, орындарымен ауыса отырып, басқа топты тексереді.

Флипчарт. (Интербелсенді тақтамен жұмыс).

2-тапсырма. Дұрыс жауабын жаз.

Сөздер Дұрыс жауабы Сөз таптары

кілем ------------- Сын есім

сыбдырлады ------------- Зат есім

жаңбыр ------------- Етістік

салқын -------------- Зат есім

Әр топ бірлесе отырып орындайды. Қағаздарымен ауысып, тексереді.

3- тапсырма. Синквейн әдісі.

Төрт жолды өлең құрастыру.

Тақырыптары:

І топ Қызғалдақ

ІІ топ Көктем

ІІІ топ Мереке



Сын есімдерді ата.

Сергіту сәті. (Видео)

V. Рефлексия

Шығармашылық тапсырма.

Сын есім 2 сынып ашық сабақСын есім 2 сынып ашық сабақ





Сын есім 2 сынып ашық сабақ

4- тапсырма. Берілген суреттерге мәтін құрастырып, ат қой. Сын есімдерді белгіле.

І топ Бәйшешек,

ІІ топ Көкек

ІІІ топ Көктем

VІ. Бағалау. Берілген парақтар бойынша өз-өзін бағалау.

Ал енді сабақты бағаландар. Сабақ басында берілген гүлдердің артына сабақ ұнады ма? Не себептен? Екенін жаза қойындар.

VІІ. Үй тапсырмасы.

Күнделіктерінді ашып, үй тапсырмасын жаза ғойындар.

157 беттегі 445-жатығу.

Балалар барлықтарын сабаққа барлықтарын белсене қатысқандарын үшін рахмет! Тәтті тағамдар бақыт гармонын береді.Сондықтан, әрқайсысыларын сандықшадан кәмпит ала қойындар. Осылай төртінші тоқсан бойы көңілді жүріп, оқу жылын жақсы бітірулеріне тілектеспін.

Сау болыңдар!























Ашық сабақ









Тақырыбы:

2-сынып





















Өткізген: Токебаева Г.Б.









2016 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал