- Учителю
- Қазақ тілі Тақырыбы:Дауыссыз б мен п
Қазақ тілі Тақырыбы:Дауыссыз б мен п
Пәннің аты |
Уақыты: |
Кабинет: |
Мұғалім |
Сабақтың атауы |
Дауыссыз б мен п | ||
Мақсаты |
1. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін еске түсіріп, б мен п
дыбыстарының ерекшеліктеріне, емлелік ережелеріне
тоқталу. | ||
Күтілетін нәтиже | |||
Психологиялық ахуал |
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін! Мен бәріңе Қуаныш тілеймін! Мен бәріңе Мейірім тілеймін! Мен бәріңе шуақты күн тілеймін! Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |
Қызығушылықты ояту |
«Иә-жоқ» Сұраққа жауап беру
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | |
Мағынаны тану |
Мағынаны ашу. Сызбамен жұмыс «Дауыссыз дыбыстар» Дауыссыз дыбыстар
Қатаң… Ұяң... Үнді... Қатаң, ұяң. Үнді дыбыстарды оқушылар өздері толықтырып, еске түсіріп жазады. Шешім шығару: дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс естілсе, б-ға өзгереді.
Көркем жазу: Бб Пп Балдырған бірінші партада отырады. Кітап - кітабы, жіп - жібі. Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Суреттегі заттардың аттарын атап, дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөздерді жазу. Дауыссыз дыбыстарды олардың түрлеріне қарай топтап жазу. Қызанақ, картоп, қарбыз, жапырақ, қауын, бидай.
Өзіндік жұмыс. 2-жаттығу. Мәтінді оқушылардың өздеріне оқытып шығу. Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, оларға дыбыстық талдау жасау. - Күз мезгілінің айларын айтайықшы. Қыркүйек айында қандай өзгерістер болады? Күзді неге алтынға теңейміз? Балалар үшін қандай қуанышты күн бар? | ||
Сергіту сәті |
Кел балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек? Көңілді болып жүрейік. Кел балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік! |
| |
Ой толғаныс |
Тақтада жұмыс. 4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті
әріпті қойып, көшіріп жазу. Сөйлемдердегі сөздер санын
анықтау. П дыбысына ауызша талдау жасау. | ||
Үйге тапсырма |
5-жаттығуды өздері орындап шығады. |
Күнделіктеріне жазып алады | |
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау</</p>
|
Бағалау парақшасын толтырады. | |
Кері байланыс |
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |