7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Аңдардың қысқы тіршілігі 1 сынып

Ашық сабақ Аңдардың қысқы тіршілігі 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Аңдардың қысқы тіршілігі

Сабақтың мақсаты:

а) білімдік: Оқушыларға әңгімені түсініп оқыта отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Қысқы табиғат ерекшеліктерімен таныстыра отырып, аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Топпен жұмыс жасай білуге, өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.

ә) тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, адамдардың жануарға көрсететін көмегін айта отырып, оқушыларды қайырымдылыққа баулу.

б) дамытушылық: Ойын арқылы ойлауын, сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, сұрақ қою, әңгімелесу, салыстыру.

Көрнекіліктер: Жануарлар бейнеленген слайдттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз».

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сұрақ-жауап.

І-топ. Өсімдік деген не? (тірі ағза)

ІІ-топ. Ағашты үсіп кетуден не сақтайды? (оның қабықтары)

ІІІ-топ. Үнемі жасыл түсті болып тұратын ағаштарды ата. (қарағай, шырша, арша)

  1. Схема бойынша жұмыс.



Тірі ағза тыныс алады өседі көбейеді











қурайды қоректенеді





ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Қызығушылығын ояту.

Қысқы табиғат ерекшелігін байқату үшін мәтінен үзінді айту.

Тыста аяз шытынап тұр. Аязды көтере алмаған кейбір ағаштар қарс айрылып жатыр. Қайда тығыласың? Қоректі қайдан табасың?

Қысқа жануарлар әрқалай дайындалады. Біреулері қыс бойы тәтті ұйқыға кетсе, ал қоян, қасқыр жортып жүріп, қоректерін табады.

  1. Ойын «Сандарды ретімен қой»

Шарты: Шашылған сандарды ретімен қойсақ, бүгінгі сабақта нелер туралы оқып білетініміз табылады.

1 2 3 4 5

А ң д а р

  1. Жұмбақтар шешу.

  • Аппақ-аппақ ақ мамық, жерде жатыр тапталып (қар)

  • Қолы жоқ сурет салады, тісі жоқ тістеп алады (аяз)

  • Көлдің үстінде бір айна жатыр. Ол айна қыста шығады. Көктемде сынады (мұз)





  1. Оқулықпен жұмыс.

  • Мұғалімнің мәтінді оқуы;

  • Оқушылардың жекелеп, одан кейін тізбектеп оқуы;

  • Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын талдау. Мәтін не туралы? Мәтіндегі кейіпкерлер кім? Тиін не істеді? Неліктен? Сендер олар туралы не білесіңдер? Орманда тағы қандай аңдар бар? Олар туралы не білесіңдер?

  1. Қосымша ақпарат.

  • Ал біздер жер бетіндегі жануарларға тоқталып отырмыз. Суда жануарлар бар ма? Қыста судың күйі қандай болады?

Ал ондағы жануарлар қалайша өмір сүреді екен? Ондағы балық, бақалар қыстан қалай шығады екен?

  • Балықтарда қыста ұйықтайды. Су түбіндегі балдырлардың арасына кіріп қоректенбей тұра береді. Су жылынғанда оянып, жүзіп кете береді. Бақа күзден бастап су түбіндегі тұнбаларға тығылып ұйқыға кетеді. Ұйқыдағы кейпі де өте қызық. Артқы екі аяғын бауырына жинап, алдыңғы аяқтарымен басын бүркеп алады. Сумен бірге мұз болып қатады, егер мұзды сындырсаң бақаны да бірге сындыруға болады. Мұз ерісімен ол да бірге оянады.

IV. Сергіту сәті.

</<font face="Times New Roman, serif">V. Ойын «Дауыстарын ажыратып үйренейік»

Таспадан естілген дауыстарды оқушылар көздерін жұмып отырып, ол қандай жануардың дауысы екенін ажыратып көру керек.

VI. Дәптермен жұмыс.

Оқушылар естіген дауыстардағы жануарлардың аттарын жазады.

VII. Шығармашылық жұмыс.

І-топ қоянның

ІІ-топ қасқырдың суреттерін бояу.

ІІІ-топ тиіннің

VIII. Ойын «Аңдар немен қоректенеді?»

Суреттегі азықтарды жануарлармен қосып сызу.

IX. Қорытынды: Аңдар туралы тақпақ айту. Аңдардың пайдасы (терісі - киім, құйрығы - жаға, майы - дәрілік қасиет, еті). Олардың терісі бағалы деп ретсіз аулай беруге бола ма?

Халық даналығы: қазақ халқында табиғат қорғау дәстүрі ертеден бері сақталған. Атамыз қашан да аң, құсты ерте заманнан қатты құрметтеп келген. Аң патшасы деп арыстан, жолбарыс, аюларды көп аулай берген. Қыран құс, бүркітті атқызбаған.

X. Үй жұмысы. Өздеріне ұнайтын аңның қысқы тіршілігі туралы әңгімелеу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал