7


Мың бір мақал сайысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.

Сыныбы: 7а,ә 8 сынып аралығында.

1- тур. Таныстыру.

Ұраны.

Эмблема.

Тілек.

2- тур. Тақырып бойынша әр ұяшыққа мақал-мәтел жасырамыз. Олар:

1.Отан

2.Ой туралы

3.Ана.

4.Білімділік.

Әр ұяшықта төрт мақалдан ұяшықтардың реттік саны бойынша балл көлемі де беріледі. Мысалы бірінші ұяшық 10 балл екінші ұяшық 20 балл, үшінші 30 балл, төртінші 40 балл.

1.Отан. Бірінші бағанда - Отан отбасынан басталады.

1.Жауда қалған бұлбұлдан

Отанға қайтқан ит артық.

2. Орағың өткір болса, қарық талмайды,

Отаның берік болса, жауың алмайды.

3. Бұлбұл гүлзарын сүйеді,

Абзал жан Отанын сүйеді.

4. Арың үшін алыссаң - өлмейсің.

Отан үшін отқа түс - күймейсің.

Екінші бағанда - ойың түзер бойыңды.

1.Біреудің бойы аласа

Біреудің ойы аласа

2.Көп ойнасаң бала боласың

Көп ойлансаң дана боласың.

3.Өсекке керең бол

Ойға терең бол

4.Қабырғаңмен кеңес

Омыртқаңмен ойлас.

Үшінші бағанда - Анадан алып туар

1.Атадан тағылым алмаған ұл жаман

Анадан өнеге алмаған қыз жаман.

2.Баланың ойы қияда

Ананың ойы ұяда.

3.Ата тілі ой өсіреді

Ана тілі бой өсіреді.

4.Аналы баланың өзі тоқ

Анасыз баланың көзі тоқ.

Төртінші бағанда - Білімдіден шыққан сөз.

1.Білгенің бір тоғыз - блмегенің тоқсан тоғыз.

2. Білген адам тауып айтады

Білмеген адам қауып айтады.

3. Білімдар достан бір сақтан

Білімсіз достан мың сақтан.

4. Ақылды қарттан нақыл шығады

Білімдіден ақыл шығады.





3- тур. Мың бір жұмбақ жасыр кезеңі.

Әдеттегідей әр төрт бағанда жұмбақ жасырылады. Әр бағанда төрт ұяшықтан жасырылған. Қане.

1.Ас адамның арқауы.

1.1. Үсті тас

Асты тас

Ортасында піскен ас

(таба нан)





1.2. Қардай аппақ

Балдай тәттақ

(қант)

1.3.Сылдыр сұйық, су емес

Ішсең сусын қанады

Ақ болса да қара емес

Шешуін кім табады?

(сүт)

1.4.Айналада ақ отау

Аузы, мұрны жоқ отау.

(жұмыртқа)

2.Білімдіден шыққан сөз.

1.1. Қабат қабат қаптама,

Ақылың болса аттама

(кітап)

1.2. Аппақ дала, қара дән,

Сепкен дәнін түсіруге жараған.

(әріптер)

1.3. Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр,

Өзінің кіндігінен айналып жүр

Өзіне назар салып қарасаңыз,

Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.

(глобус)

1.4. Аяғы біреу, қолы жоқ

Шиыр - шиыр жолы көп

Өзі сөйлей білмейді

Салған ізі сөйлейді

(қалам)

3. Табиғатым тылсым күшім.

1.1. Қыс болса қыр мен ойды аралайды,

Жаз бола көрінуге жарамайды

(қарлы боран)

1.2. Қанаты жоқ - ұшады.

Аяғы жоқ - қашады.

(жел)

1.3. Бір нәрсе жер мен көктің арасында,

Көрінбейді өзі түгіл қарасы да

Білінбей жер үстінде жүрсе дағы,

Пайдалы барлық тірлік баласына.

(ауа)

1.4. Жөңкейді бұлттар дүркіреп,

Жауады жауын күркіреп

Аспанның жүзі жарқ етті,

Ақ найза жерге сарт етті.

(найзағай)

4. Құстар -

1.1. Аяғы бар, басы бар,

Арқалаған тасы бар

(тасбақа)

1.2. Күндіз тірті ұшпайды,

Түнде тышқан ұстайды.

Көзі шамға ұқсайды

(жарғанат)

1.3. Бір балуан өзі күшті, қайраты мол,

Өзінен ірі затты көтерер ол

Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе.

Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.

(құмырсқа)

1.4. Шидейген ұзын сирағы,

Тастай керең құлағы

Сөйтіп жүріп көп жерге

Аспалы торлар құрады.

(өрмекші)

4 - тур. Экранға бірнеше суреттер қойып соған байланысты мақал тауып айтамыз.

1.Сәби - бала.

2.Ана - жар.

3.Көктем.

5 - тур. Алдарыңызға соңғы тур бойынша парақша берілді. Сол парақша бойынша жұмбақ жасырамыз бір - бірімізге.

1.Көліктер.

2.Адамның дене мүшелеріне байланысты.

3.Киімдерге қатысты.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал