7


Урок тема: Ертегілер елінде

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат (сахналау)

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ертегі жайлы білімдерін толықтыра отырып

сахналық көріністе рөлде ойнай білуге үйрету

Дамытушылық : Рөлдерде кейіпкерлерді ойната отырып ой-

өрісін,шығармашылық өнерін, әртістік қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Ертегілерге байланысты сюжетті суреттер,алма ағашы

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелесу,сұрақ-жауап, көрсету, ізденушілік,рөлдік

Сабақтың түрі:ұжымдық,жекелей

Сабақтың типі: дәстүрлі емес, сахналау

Сабақтың барысы: І.Кіріспе бөлім

-Ертегі дегеніміз не?

-Ертегінің басы қалай басталушы еді?

-Ертегінің соңы қалай аяқталушы еді?

-Балалар, біз қандай ертегілерді білеміз?

Тақтамен жұмыс

Мына суреттерге қарап қандай ертегі екенін айтып көрейік. Мақта қыз бен мысық, қызыл телпек,үш аю,қарлығаштың құйрығы неге айыр ертегісін сұрап шығу.

-Балалар, кеспе әріптермен берілген сөздерді оқып көрейікші.

БАУЫРСАҚ ШАЛҚАН

-Ендеше біз осы ертегіні сахналап көрейік

ІІ.Негізгі бөлім

«Бауырсақ» ертегісі

Рөлде ойнатындар:

Автор-Баян

Ата- Райымбек

Әже-Арайлым

Бауырсақ- Ақнұр

Қоян-Бексұлтан

Қасқыр-Иманғали

Аю-Расул

Түлкі-Айдана

Автор: Ертеде шал мен кемпір болыпты.Шал қарыны ашып кемпіріне былай депті

Ата:-Кемпір,ай,кемпір! Менің қарным ашты.Қаптың түбін қағып ұннан бауырсақ пісірші.

Әже: Бір уыс қана ұным бар екен.Майға бауырсақ пісірдім.Терезенің алдына суысын деп қойдым.

Автор: Жан-жағына қарап іші әбден пысқан бауырсақ қыдырып келмекші болады

Бауырсақ: Ішімнің пысып кеткені-ай.Орманға барып қыдырып келейінші.

Автор: Бауырсақ жерден-жерге секіріп,орманға қарай дөңгелей жөнеледі.Алдынан секеңдеп қоян шығады

Қоян: -Бауырсақ,бауырсақ! Мен сені жеймін

Бауырсақ: -Жемеші,мен саған өлең айтып беремін.

Қоян: -Айтып көр!

Бауырсақ:-Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым.Енді сенен де қашып кетемін.-деп ары қарай жүріп кетеді.

Автор: -Әндетіп келе жатқан Бауырсақтың алдынан сұр қасқыр шыға келеді.

Қасқыр:- Бауырсақ,бауырсақ! Мен сені жеймін

Бауырсақ: : -Жемеші,мен саған өлең айтып беремін.

Қасқыр: -Айтып көр!

Бауырсақ:-Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым,қояннан да қаштым. Енді сенен де қашып кетемін.-деп ары қарай жүріп кетеді.

Автоауырсақтың алдынан қорбаңдап аю шығады

Аю:-Бауырсақ,бауырсақ! Мен сені жеймін

Бауырсақ: : -Жемеші,мен саған өлең айтып беремін.

Аю : -Айтып көре ғой!

Бауырсақ:-Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым,қояннан да қаштым, қасқырдан да қаштым.Енді сенен де қашып кетемін.-деп ары қарай жүріп кетеді.

Автор: Бауырсақтың алдынан сылаңданып түлкі шығады

Түлкі:-Бауырсақ,бауырсақ! Мен сені жеймін

Бауырсақ: : -Жемеші,мен саған өлең айтып беремін.

Түлкі : -Айта ғой.Тыңдап көрейік!

Бауырсақ:-Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым,қояннан да қаштым, қасқырдан да қаштым,аюдан да қаштым.Енді сенен де қашып кетемін.-деп ары қарай жүріп кетейін дегенде

Түлкі: Бауырсақжан, менің құлағым естімеші еді.Тұмсығыма шығып айтшы

Бауырсақ:-Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым,қояннан да қаштым, қасқырдан да қаштым,аюдан да қаштым.Енді сенен де қашып кетемін...

Автор: дей бергенде түлкі бас салып жеп қойыпты.Бауырсақ осылайша түлкіге азық болыпты.

Жүргізуші: Кейіпкерлердің рөлін ойнаған оқушылармен таныс болайық (аттарын атап таныстырып шығады)



Шалқан ертегісі

Рөлде ойнатындар:

Автор-Баян

Ата- Райымбек

Әже-Арайлым

Қыз- Ақерке

Ағасы-Нұрдаулет

Ақтөс- Алихан

Марғау-Темірлан

Тышқан-Еркебұлан



Автор: Ертеде шал мен кемпір болыпты.Олар өз бақшаларына шалқан отырғызыпты.Бір күні шал шалқанын қазып алмақшы болып бақшаға келіпті.

Ата:-Апырай, мына шалқан дәу боп өсіп кетіпті ғой.Қазып көрейінші.Күрекпен қазу да мүмкін емес.Қой оданда мен көмекке кемпірімді шақырайын.

-Кемпір, ай кемпір! Мына шалқанды тартысып жіберші!

Әже: Жарайды

Автор: -Екеуі ары тартып, бері тартып шалқанды шығара алмайды.Сонда әже көмекке қызды шақырады

Әже:-Қызым, қызым! Келші бері

Қыз: Апа, не болды?

Әже:-Мына шалқан өсіп кетіпті.Тартысып көмектес

Қыз:-Жарайды

Автор: -Үшеулеп ары тартып, бері тартып шалқанды шығара алмайды. Қыз көмекке ағасын шақырады

Қыз: -Аға,аға! Бері келіп кетші

Ағасы: Не болды.Мені не үшін шақырдың?

Қыз:- Мына шалқан өсіп кетіпті.Тартысып көмектесіп жіберіңізші?

Ағасы:-Жарайды

Автор: -Төртеуі ары тартып, бері тартып шалқанды шығара алмайды. Ағасы көмекке Ақтөс итін шақырады

Ағасы: -Ақтөс,Ақтөс! КӘ,КӘ

Ақтөс: -Аф, аф,аф! Не болды сонша айғайлап.мені не үшін шақырдың

Ағасы:- Мына шалқан өсіп кетіпті.Тартысып көмектесіп жіберші?

Ақтөс:-Жарайды

Автор: -Бесеуі ары тартып, бері тартып шалқанды шығара алмайды. Ақтөс көмекке марғау мысықты шақырады

Ақтөс:- Марғау, а марғау! Бері келіп кетші

Марғау:- Мияу.Мені не үшін шақырдың?

Ақтөс:- Мына шалқан өсіп кетіпті.Тартысып көмектесіп жіберші?

Марғау :-Жарайды

Автор: -Алтауы ары тартып, бері тартып шалқанды шығара алмайды. Марғау көмекке тышқанды шақырады

Марғау:-Тышқан,әй, тышқан! Қасыма бері келші!

Тышқан:-Не болды мысық.Мені не үшін шақырдың?

Марғау :- Мына шалқан өсіп кетіпті.Тартысып көмектесіп жіберші?

Тышқан :-Жарайды

Автор: -Жетеуі ары тартып, бері тартып шалқанды шығарып алады. Осылайша барлығы татулықпен біріге отырып шалқанды шығарып алыпты. Шалқан бәріне қыс бойы азық болады.

Жүргізуші: Кейіпкерлердің рөлін ойнаған оқушылармен таныс болайық (аттарын атап таныстырып шығады)



ІІІ.Қорытынды бөлім

-Балалар! Ертегі сендерге ұнады ма?

-Кейіпкердің рөлін ойнаған қандай екен?

-Әртіс болу үшін бізге не керек деп ойлайсыңдар?

-дұрыс, қимылын, дауысын сала отырып ойнау керек екенбіз.Бүгінгі саяхат сабағымыз ұнаса мына алманы ағашқа орналастырайық

Рефлекция арқылы баланың көңіл-күйін анықтау





























Ертегілер еліне саяхат

Сыныптан тыс ашық сабақ



Урок тема: Ертегілер еліндеУрок тема: Ертегілер еліндеУрок тема: Ертегілер еліндеУрок тема: Ертегілер еліндеУрок тема: Ертегілер еліндеУрок тема: Ертегілер еліндеУрок тема: Ертегілер еліндеУрок тема: Ертегілер елінде































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал