- Учителю
- Урок по казахскому языку на тему 'Сөз тіркесі' (4 класс)
Урок по казахскому языку на тему 'Сөз тіркесі' (4 класс)
4 сынып
Қазақ тілі Сабақ №
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Сын есім. 52-56 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушылардың сын есім туралы білімдерін кеңейту,оның сөйлемдегі қызметін таныту. Сын есімдердің сөйлемдегі сөздермен байланысын анықтау. Негізгі және туынды сын есім түрлерін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың игерген білімді пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар' «Сын есім, сын есім түрлері кестесі.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
ІҮ. Қорытындылау, бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
-
Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер, сұрақтары, мысалы.
Сын есімТүсін дәмін
Көлемін сапасын
Пішінін
Негізгі сын есімдерге -дау, -деу, -лау, -леу, -тау, -теу, -шыл, -шіл,
-ғылт, -ғыш жұрнақтарын жалғап жаңа сөз жасау.
НЕГІЗГІ СЫН ЕСІМ ТУЫНДЫ СЫН ЕСІМ
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі)
Өлеңді мәнерлеп оқып, сын есімдерді тап.
Тырнағы өткір орақтай,
Тұмсығы имек қармақтай.
Қауырсыны құндыздай,
Қос жанары жұлдыздай.
Біз − даланың қыраны,
Жауынгердей қырағы.
Сын есім
Негізгі сын есім Туынды сын есім
Пысықтауға берілген жаттығулар орындалады - 52
53−жаттығу. Етістіктерге −ғыш, −гіш жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жаса
Жүз, өн, біл, тер, жаз.
54−жаттығу. Негізгі сын есімдерге −дау, −деу, −лау, −леу, −тау, −теу, −шыл, −шіл, −ғылт, −ғыш, −гіш, −сыз, −сіз жұрнақтарының тиістісін жалғап жаз.
Сын есімдердің мағынасы қалай өзгерді?
Екі−үш сөзді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Жасыл, боз, үлкен, биік, ескі, ұсақ, көк, ақ, сұр.
55−жаттығу. Мақалды түсініп оқы.
Сын есімдерді тауып, оларды сөз құрамына талда.
Білімсіз адамның сөзі білектей,
Білімді адамның сөзі жібектей.
. Туынды сын есімді тап.
Қарлы шыңға
Бара аласың ба?
Қарлы шыңнан
Қар аласың ба?
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Ережелерді пысықтау. 56−жаттығу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау