- Учителю
- 8 және 9 сандарына көбейту және бөлу 3 сынып
8 және 9 сандарына көбейту және бөлу 3 сынып
Күні пәні сынып
Тақырыбы: 8 және 9 сандарына көбейту және бөлу
Мақсаты: 8 және 9 сандарына көбейту кестесін меңгеру үшін педагогикалық жағдай туғызу.
Пәндік нәтиже: оқушылар 8 және 9 сандарына көбейту кестесін, оған сәйкес бөлудің жағдайларын анықтайды.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық жаттығу
Білімдерін белсендіру. Біліміңді байқа Математикалық домино
7 * 2 = 14 14/ 2 =7 7 * 5 =35 35 /5 =7
7 * 8 =56 56 / 8 =7 7 * 7 = 49 49/ 7 = 7
7 * 9 =63 63 / 9 = 7 7 *1 = 7 7/ 1 = 7
7 * 3 = 21 21 / 3 = 7 7 * 4 =28 28 / 4 =7
Алма неше теңдей бөлікке бөлінген ? Қанша үлесі алынды ? 8\2,10\3, 4\1, 6\2
Жаңа сабақ Білгенге маржан
- Енді дәптерімізді ашып, күннің жадын жазып тақырыпты жазайық.
Балалар біз осыған дейін 7 көбейту кестесін білеміз. Яғни біз
7*8 =білеміз 7+7+7+7+7+7+7+7 =56 56+8= 64
8*8=8+8+8+8+8+8+8+8=64 64/8=8
8*9= 64+8=72 72/8=9
9*8=72+9=81 81/9=9
Тез есепте
1.Қауынның массасы 8 кг-ға тең.Қауының 2\1 бөлігі неше кг құрайды?
2. Асқабақтың массасы 12 кг-ға тең.Ширек асқабақтың массасы нешеге тең?
3.Жарты асқабақтың массасы 3кг -ға тең.Тұтас асқабақтың массасы нешеге тең?
Оқулықпен жұмыс
Апельсин , лимон туралы бейне баян көрсетіледі.
Лимон. Катарактаның қалыптасу қаупін азай-тады, кіші қан тамырлардың қабырғаларын қа-тайтады. Анемияны және ревматизмді емдеуге жәрдемдеседі. Құрамында С дәрумені 100 грамда 48 мг.
Апельсин. Ағзаны тазалап, қандағы холестерин деңгейін қалыпқа түсіреді. Астың қорыты-луын жақсартады. Құрамында С дәрумені 100 грамда - 65 мг.
№ 2. Майра дүкеннен 8кг-нан 5 жәшік апельсин және 9кг-нан 9 жәшік лимон алды.Лимон апельсинге қарағанда қаншаға артық?
Ш: (9*9)-(8*5)= 41кг
Ж. лимон 41 кг артық
ә) Бақшадан Әсет 9кг-нан 8 шелек алма жинады .Ол 50кг алманы сатты.Әсетте неше кг алма қалды?
Ш: (9*8)-50 =22 кг
Ж: қалды -22кг
Сергіту жаттығу
Бір топ бала өзеннен,
Он бес балық ұстадық
Бөліскенде оларды,
Тиді әркімге 3 балық
Сынайыншы мен сені
Бала саны қанша еді ?
Кім шапшаң ?
№ 4.
1 - қатар 659 - 167 =492 481 + 369 = 850 601- 45 =556
2 - қатар 501 - 328 = 173 491 + 276 = 767 27 + 156 = 183
3 -қатар 1000-459 = 541 98+ 685 = 783 405 - 165 = 240
№ 5
11+22+33+44+66+77+88+99=440
( 350+105+250) - (111+28 +459) =107
(450+20+50) + (450-20-50)=900
( 45 +12+95) -( 91+42+19)=0
№ 6
Сынық сызықтың ұзындығын тап. Кесінділер қандай бұрышты құрайды ? Сүйір, доғал бұрыштарды ата.Олардың арасында тік бұрыш бар ма ?
Ойлан , тап.
Шығармашылық тапсырма
1.Біз тұратын үйде Қарлығаш, Мәлік, Лаура тұрады.Мен кеше Қарлығаш пен Мәлікті көрдім.Олардың біреуі 9 жаста, екіншісі 8 жаста.Бүгін мен Мәлік пен Лаураны көрдім. Олардың біреуі 10-да , екіншісі 9 жаста.Олардың қайсысының жасы қаншада екендігін анықта. Жауабы:Мәлік 9 ж.Қарлығаш 8 жаста. Лаура 10ж
2.Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе, Данияр үлкен бе ? Және неше жас үлкен ? Жауабы: Данияр Сабырдан 3 жасқа үлкен.
3.Бір қария 34 балмұздақ алған.Ол өзіне 4 балмұздақ қалдырып,әрбіреуіне 6 балмұздақтан келетіндей етіп өз немерелеріне бөліп берді.Қарияда қанша немере бар? Жауабы: 4 немере
Бекіту: Меңгере біл "Жұбын тап "
Қолғаптың сыңарын тауып өрнекті шешу
8, 9 көбейту бөлуге
Қорытынды
Біз бүгін сабақта не үйрендік ?
Не қиын болды ?
Үйге тапсырма № 7 81-бет
Бағалау