- Учителю
- Шешендік өнер 4 сынып
Шешендік өнер 4 сынып
Мектеп директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары:
М.Ғ.Бахитова __________
Тақырыбы: «Ұшқыр ой мен шешен сөз»
Мақсаты: Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған құнды тәжірибелер мен тәлім - тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын бойына сіңіру. Сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
Оқушылардың барлық пәндер бойынша алған білімдерін тексеру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаз,
Интерактивті тақта.
Әдісі: Сұрақ - жауап, топтастыру, ой - қозғау.
Сабаттың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Қатысушыларды ойын шартымен таныстыру.
2. Қазылар алқасын сайлау.
3. Қорытынды бөлім.
Құрметті оқушылар, қонақтар.
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қозғайды,- демекші, бүгінгі «Ойды болсаң, озып көр» атты интелектуалдық ойынымызға хош келдіңіздер!
Сайысымыздың мақсаттары әр түрлі ойын тапсырмалары арқылы білімдерін одан әрі тереңдеу. Алған білімдерін пысықтау.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
1 - топ. «Төле би»ауылы
2 - топ. «Қазыбек би»ауылы
3- топ. «Әйтеке би» ауылы
Бөлімдермен танысу:
1«Ұшқыр ой»
2. «Құпия сандық»
3. «Айшықты сөздер»
4. «Шешендік өнер»
5. «Сөз құрастыру»
Әділ қазы алқасымен таныстыру:
Әділдікпен баға берер сендерге,
Әділдікпен қара қылды қақ жарар,
Әділ қазы алқаларын сайлайық
Ең алғыр топты таңдап алуға,- дей келе, әділ қазылар алқасын сайлайық.
Таныстыру: Әп топ топтың аты мен ұранын айтады.
Жарайды, енді мен қазір сендерге сөз жазылған қағаз таратамын. Қай топ бірінші сол сөздерден сөйлем құраса, сол топ бастайды.
- Кәне оқиықшы, қандай сөйлем шықты?
«Ұлт болашағы - білімдінің қолында»
Ал, дайынбыз ба? Кезек 1 - топта.
1 - Бөлім. «Ұшқыр ой»
Сұрақтарға жауап беру. Әр топқа 15 - сұрақтан қойылады.
1-топ:
1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлшегі?(түбір сөз)
2.Ұяң дауыссыздарды ата.(б,в,г,ғ,д,ж,з)
3.Түйме сөзіне мәндес сөз. (ілгек)
4.Сөйлеу не үшін қажет?(сұрау,кеңесу,хабар беру үшін)
5.Қосымша дегеніміз:(Сөздің түбірге жалғанған бөлігі)
6.М.Әуезов кім? (Ұлы жазушы,драматург,ғұлама ғалым,педагог,қоғам қайраткері)
7.Ежелде қазақ жерін мекендеген тайпалардың атауы.(сақ,ғұн)
8.Әкем маған жастайымнан қазақша жыл қайыруды,күн мен ай аттарын,жыл аттарын жаттатты.Бұл қай әңгімеден үзінді? (Ұшқан ұя)
9.Оқымысты әңгімесіндегі басты кейіпкер кім?
(Әлкей Марғұлан)
10. «Менің атым Қожа»әңгімесінің авторы? (Б.Соқпақбаев)
11.Қан айналым мүшесі? (жүрек)
12.Адам денесіндегі бұлшықет саны? (650-дей)
13.Табиғат денелері. (табиғи және жасанды)
14.Тағам не үшін керек? (өмір сүру үшін)
2-топ:
1.Сөйлемдегі айтылған ойға сөйлеушінң қалай қарайтынын білдіретін сөз. (Қыстырма сөз)
2.Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? (2-ге,тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелер)
3.Зат есімнің септелуі дегеніміз?
(Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруі)
4.Жіктеу есімдіктері. (мен,біз,сен,сіз,ол)
5. Табыс септігінің жалғауы. (-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті)
6.Монолог дегеніміз.
7.Ауыз әдебиетінің түрлері.
(Айтыс,ертегілер,аңыз әңгімелер,жаңылтпаш,жұмбақтар,шешендік сөздер,мақал-
мәтелдер,эпостар,тұрмыс-салт жырлары.
8.Ф.Оңғарсынова кім? 1939ж (Ақын,Қ.Р Халық жазушысы)
9.Дүниеде не өлмейді? (Ғалымның хаты,жақсының аты)
10.Есейген,кемеліне келген шағында Халқымыздың ұлы перзенті Ш.Уалихановқа кездеседі.Онымен айрылмас дос болады. Ол Орыстың ұлы жазушыы кім еді? (Федор Михайлович)
11.Адамдардың ең алғашқы еңбек құралы.(Тас)
12.Биіктігі 35 метрге жуық Гелиостың алып мүсіні орналасқан жер? (Родос аралы)
13.Глобус дегеніміз не?
14.Ежелгі сауда керуені қатынаған жол. (Ұлы Жібек Жолы)
15.Сенің басты құқығың не? (Өмір сүру)
3-топ.
1. Біреудің назарын ауару үшін қолданылатын сөз. (Қаратпа сөз)
2.Зат есім қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. (Бастауыш)
3.Үстеу нешеге бөлінеді? (3-ке,мезгіл үстеу,мекен үстеу,сын-қимыл үстеу.)
4.Қайталама қос сөзге мысал келтір. (айғыз-айғыз,түрлі-түрлі,әлсін-әлсін)
5.Барыс септігінің жалғаулары. (-ға,-ге,-қа,-ке)
6. Диалог дегеніміз.
7.Тұрмыс салт-жырларына нелер жатады? (төрт түлік туралы жырлар,бата сөз,наурыз жырлары)
8. Бердібек Соқпақбаев кім? Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
(Балалар жазушысы. «Менің атым Қожа», « Компас», « Ағаштар неге ашуланды?»)
9. Қазақ батырларын ата. ( Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек, Қабанбай, Абылай)
10.Тарихта белгілі бір адам төңірегінде құрылған шығарманы не деп атаймыз.
11.Көшпенділерден қалған тамаша мұра. (Киіз үй)
12.Көкжиек тұстарын не арқылы анықтауға болады? (құбылнама)
13.Ғарыш айлағы қайда орналасқан? (Байқоңырда).
14.Пайдалы қазбалардың неше түрі бар? (3-еу,жанғыш,кенді,кенге жатпайтын айдалы
қазбалар)
15.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды ата.(тұздар,мәрмәр,гранит,әктас,құм,саз және тб)
ІІ сайыс «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)
1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз - мороз)
2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар - снег)
3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп - буква)
Әрі қарай кезектесіп оқи береді.
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш - линейка)
5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық - кошка)
7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз - лук)
8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі - лиса)
9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап - книга)
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,
ІІІ сайысты бастаймыз
«Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)
1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)
1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)
IV. «Шешендік өнер»
V. «Сөз құрастыру»
Ойынымыздың соңғы айналымы «Талапкер» деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек.
1. ... өріп тараған,
... қараған.
Құрт пен майын жинаған,
... сыйлаған.
2. ... қошақан ,
... қалмайды.
Сүп-сүйкімді момақан,
... аумайды.
3. ... бала әрқашан,
Қуантады ... .
Құлыным деп анасы,
... баласын.
«Кім жылдам?» (Сандар сөйлейді, сандардың орнына әріптерді қою арқылы білім туралы мақал-мәтел оқи аласыңдар)
Аа-1 Әә-2 Бб-3 Вв-4 Гг-5 Ғғ-6 Дд-7 Ее-8
Ее-9 Жж-10 Зз-11 Ии-12 Йй-13 Кк-14 Ққ-15
Лл-16 Мм-17 Нн-18 ң-19 Оо-20 Өө-21
Пп-22 Рр-23 Сс-24 Тт-25 Уу-26 Ұұ-27
Үү-28 Фф-29 Хх-30 һ-31 Цц-32 Чч-33
Шш-34 Щщ-35 ъ-36 Ыы-37 Іі-38 ь-39
Ээ-40 Юю-41 Яя-42
1 15 37 16 - 25 20 11 3 1 13 25 37 18 25 20 18.
3 38 16 38 17 - 25 1 26 24 37 16 17 1 13 25 37 18 14 8 18.
Әр топтың құрастырған өлеңдерін оқытқызу.
Ән. «Ертегілер»
Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.
Марапаттау.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.