- Учителю
- М. Дулатов 'Қоян'
М. Дулатов 'Қоян'
Сабақтың тақырыбы : М.Дулатов « Қоян»
Сабақтың мақсаты
Білімділік : М.дулатовтың өмірі және шығармаларымен таныстыру , әңгіме мазмұнын түсіндіру , қыс мезгіліндегі жануарлардың тіршілігі туралы білім беру.
Дамытушылық : оқушылардың ойлау қабілетін , сөздік қорын молайту , шығармашылық дағдыларын арттыру .
Тәрбиелік : Салауатты өмір салтын сақтауға , табиғатты қорғауға тәрбиелеу .
Әдісі : сын тұрғысынан ойлау стратегиясы ( сэнквейн , ой қозғау , эссе , автор үстелі , автормен тілдесу )
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі : үнтаспа , суреттер , М.Дулатов суреті , « қысқы ойындар» суреті )
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
-
Балалар, бүгін ауа- райы қандай ?
-
Жақсы , ашық
-
Ендеше бүгінгі сабағымызда біз де сондай жақсы , көңілді отырайық , ол үшін бір- бірімізге жақсы тілектер тілейік .
ІІ . Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын топтарға берілген тапсырмалар арқылы тексеру .
1- топ. « Шынықсынденеміз» өлеңін жатқа сұрау
2- топ. « Денсаулық - зор байлық» эссе жазу
3- топ. Автормен тілдесу .
Үй тапсырмасын сұрақтар беру арқылы бекіту
1. Қысқы ойындарды ата ?
2. Ойындардың денсаулыққа қандай пайдасы бар ?
3. Денсаулық туралы мақал - мәтелдер білеміз бе ?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
А) « Ой қозғау»
Далада жүр шапқылап
Керемет тым саққұлақ
Тек есектен басқа да
Оған ұқсас жоқ құлақ .
( Қоян )
ендеше бүгін біз М.Дулатовтың « Қоян» мәтінімен танысамыз .
-
М.Дулатов кім балалар
Ассоциация жасау арқылы оқушылардың ойларын тұжырымдау . Ендеше осы шығармалардың ішіндегі қоян мәтінімен бүгін танысамыз . Ал енді барлығымыз қоян туралы не білетінімізді , не көргенімізді ортаға салайық .
Оқушылардың ойларын жүйелеу .
Қоян өте қорқақ аң . Ол жауларынан қашып құтылады . Қоян азық жинамайды . Күн суытқанда сұр тонын тастап ақ тонын киеді . Қоян туралы халық қағидаларында да айтылған . қоянның бүйрегі майлы болса , қыс аязды болады .
б) қызығушылықты ояту « Болжау» әдісі .
Тақтаға үш бейне суреттелген плакат ілінді . Оқушылар суретке қарап ойларын айтып дәлелдейді .
Шын мәнінде не болды деп ойлайсың ? Оған қандай дәлел бар ? Не болды ?
оқушылар өз ойларын дәлелдеген соң мұғалім мәтінді үш бөлімге бөле отырып мазмұнын ашады . әр бөлім сайын оқушы ойы таңдалады .
В) Сергіту сәті « Сұр қоян» өлеңін қимылмен көрсету .
Г) Шығармашылық жұмыс ( музыка үнімен орындау )
1- топ . 1 . « Қоян» 5 жол өлең құрау .
2 . Әңгімеден жүк тартқандардың сыртқы бейнесін суреттейтін жолдарды тауып оқу
2 - топ . 1 . « қыстың қамын , жаз ойла» эссе жазу ( автор үстеліне шығу )
2 . мәтіннен бозарып атқан таңмен бірге басталған тіршілік жөнінде айтылған тұсты жауып оқу
3 - топ . 1 . Әңгіме мазмұнына сай сурет салу
2 . Әңгімедегі қоянға қатысты тіркестерді тауып оқу .
оқушылардың жұмыстары тыңдалып , талданады .
!Ү . Сабақты қорыту. Әр топқа сұрақ беріледі
1 - топ Қоянның құлағы неге ұзын ?
2 - топ Қоянның алдыңғы аяқтары неге қысқа ?
3 - топ қоянның терісі қыста неге ақ , жазда нег сұр болады ?
Оқушыларға жаппай сұрақ беру
1 . қоян қандай мақсатпен жолға шықты ?
2. Автор әңгіме мазмұны барысында не айтпақшы болды ?
Әңгіме кейіпкері қоянмен кездесу
« еріншек , жалқау болмай , еңбекқор , білімді болыңдар . Мен сияқты қорқақ болмай , батыл болыңдар !» - деп қоштасады .
Ү . Оқушыларды бағалау.
Бағалау парағын жинап , бағалау .
ҮІ. Сабақты аяқтау.