7


  • Учителю
  • План урока: Қызықты математика

План урока: Қызықты математика

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Қайталау

Мақсаты:

  1. Оқушылардың есептер шығару, теңдіктер құрастыру, өрнектерді салыстыру, сандар құрамын анықтай білу дағдыларын бекіту;

  1. Логикалық ой - өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;

  2. Оқушыларды ұйымшылдыққа,, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, карточкалар, интерактивті тақта.

Сабақтың типі: пысықтау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық дайындық

Күннен жылу аламын

Жүрегіме саламын

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін!

ІІІ. Қызығушылықты ояту

Математикалық бой жазу сұрақтары

1.Төртбұрыштың неше бұрышы бар / 4 /

2.Қосуға кері амал / - /

3.Бір аптада неше күн / 7/

6. Оқу жылы қай айда басталады ? /қыркүйек/

7. Шеңберде бұрыш бар ма ? / жоқ/

8. 3 алма көп бе, әлде 3 алмұрт көп бе ? /бірдей/





ІҮ.Жаңа сабақ

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

  • Қыс дегенде көз алдарыңа не елестейді?

  • Дұрыс (Қар, мұз, аққала, ақшақар, Аяз ата, шырша , боран, аяз, шана, сырғанақ, шаңғы т.б)

  • Балалар біз қазір бірінші ненің тапсырмасын орындаймыз?

  • Дұрыс айтасыңдар! Аяз атаның

Ү. Аяз атаның тапсырмасы: (слайд)

«Кім жылдам?» ойыны

3+2 3+1 6-2

6-4 5-2 7+0

10-1 8-8 4+4

8+2 9-1 10-5

ҮІ. Ақшақардың тапсырмасы

2, 6, 1, 9, 4, 7, 0 9, 4, 2, 10, 5, 3, 1

1-қатардағы сандарды өсу ретімен, ал 2-қатардағы сандарды кему ретімен жазады.

ҮІІ. Аққаланың тапсырмасы

Салыстыр:

4*6 5+1*8 4-3*2+1

2*3 9-2*7 10-6*3+2





ҮІІІ. Сергіту сәті (слайд)

ІХ. Шыршаның тапсырмасы: (слайд)

Сандар құрамын анықтау.

1-қатар - 8 саны

2-қатар - 9 саны

3-қатар - 10 саны

Х. Логикалық тапсырмалар

3 қоянда қанша құлақ ( 6)

2 тауықта неше аяқ/4аяқ/, ал 2 қойда ше?/8аяқ/

20 саусақ көрінсе, неше қол болғаны?/2 қол/



Қазда бар екі аяқ 5 алманың үшеуін

Тауықта бар екі аяқ Досың сұрап алады

Екеуін қосып санасақ Айтшы сонда нешеуі

Болады сонда қанша аяқ ( 4) Өз қолыңда қалады ( 2)



Бір-бірімен жарысқан

2 аю, 1 арыстан,

4 қоян, 3 түлкі

Бәрі нешеу ойлан сен ( 10 )



ХІ. Тест жұмысы



1. Қай сан 5-тен кейін тұрады?

а)5 ә)4 б)6 в)8

2. 5-санының алдында қай сан тұрады?

а)4 ә)3 б)6 в)7

3. 6 мен 8 сандарының арасында қай сан тұрады?

а)6 ә)10 б)8 в)7

4. Қосу белгісін тап:

а) + ә)- б)> в)<

5. «Тең» белгісін тап:

а)< ә) > б)= в)-

6. Өрнектің екінші қосылғышы неге тең? 4+2=6

а)4 ә)6 б)3 в)2

7. Айырманың мәні нешеге тең? 8-3

а)8 ә) 3 б)5 в)4



ХІІ. Сәйкестендіру тесті

5+3 3

4-2 7

6+3 10

9+1 2

10-7 8





ХІІ. Қорытынды

- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Несімен ұнады?

ХІІІ. Мадақтау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал