7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу Бүршік 3 сынып

Әдебиеттік оқу Бүршік 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

«СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«ШОЛАҚҚОРҒАН» ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ







Бекітемін

Бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасар

_______________Ж.Бекпенбетов

«12 » ақпан 2015жыл

















Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Бүршік

Сыныбы: 3 «Ә»













Бастауыш сынып мұғалімі

Қойбақова Риза





















ШОЛАҚҚОРҒАН - 2015



Әдебиеттік оқу

Тақырыбы:

Бүршік.Бекболат Әдет.

Сағаты:

1

Сабақтың мақсаты:



Мәтіннің мазмұнын түсініп оқуға, кейіпкер туралы ой айтуға мүмкіндік беру.



Пәндік нәтиже

Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын табиғат құбылыстары арқылы кеңейту.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі

Ойын түрлері арқылы ізенімпаздық қабілеттерін,есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Көрнекілігі:

Көктем мезгілінің суреттері, ағаштардың бүршік жаруы

Қолданылатын әдістер

Топтық, жұптық

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі,бейнелеу

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату



Үй тапсырмасы

«Бозторғай-дала сәні» мәтінінің мазмұнын сұрау.

Бозторғай қандай құс.Сипатта

Қазақстанда неше түрі кездеседі?

Бозторғай неше жұмыртқа салады?

аңшылық өнерде бозторғайға қатысты қандай ырымдар бар екен?

І.Қызығушылығын ояту

«Ретін тап» ойыны.

1.Жапырақ, сабақ, гүл, тамыр,тұқым, жеміс.

2.Қыс, күз, көктем, жаз.

3.Айран, құрт, сүзбе, сүт.

4.Сабақ, таңғы ас, қоңырау, түскі ас, үзіліс.

5.Күн,бүршік, көктем, жапырақ.

Соңғы аталған сөздер қатарын дәптерге жазып алып, тізбектей айту арқылы топтарға бөлу.

Осы атаулардың ең кішісі қайсысы?

Күн,бүршік, көктем, жапырақ.

Суреттер көрсету.

-Мына суреттердің қайсысы бүршік деп ойлайсыңдар?

-осы бүршік туралы өте қызық әңгімені оқып көрелік.



ІІ. Мағынаны ашу



«Араласып кеткен оқиғалар» жаттығуы арқылы мәтінді топтар бөліп алып, оқиды.

-Бүршік жарық дүниенің есігін қандай көңіл күймен ашты?

-Айналадағы әдемілік пен өмірдің жасырын сырларын Бүршік қалай түсінеді?

-Бүршіктен пайда болуынан табиғаттың қандай заңдылық байқалды?

-Бүршіктен басқа көктемде оянатын қандай тіршілік иелерін атар едім.

Жануарлар, шыбын-шіркей,жәндіктер. Сергіту жаттығуын орындаймыз.



Сергіту жаттығуы

Бүршік тітіркенді

Бүршік шіміркенді.

Бүк түсіп, бүрісіп жатты,

Бүршік көзін ашты.

ІІІ.Ойтолғаныс

-Балалар, бүршік ағаштың көктем келуіне байланысты алғашқы белгісі екен.Бүршіктен кейін қандай өзгеріс болады?

-Жапырақ.

-Ал, жапырақтың түсінің жасыл болуы неге байланысты?

-Өйткені, күн жылуының әсерінен жапырақта хлорофилл деген зат алмасу процесі жүреді.Сондықтан жапырақ жасыл болады.

-Ендеше, сендер қысқаша «Көктемдегі ағаштардың оянуы» тақырыбына мәтін құрастырыңдар.

Топтар мәтін құрастырады. Мәтінді оқиды.



Бекіту

-Ал, балалар, бүршіктің көзін ашуы, жануарлардың оянуы қай мезгілге байланысты екен?

-Ендеше, сабағымызды әдемі өлеңмен аяқтайық.

Көктем келді, құс келді,

Ойнаймыз біз саз илеп.

Біздің көлге түстенді,

Былтыр кеткен қаз-үйрек.

Көк көйлегін киді жер,

Шешіп ап қар ішігін.

Емірене сүйді жел,

Тал-теректің бүршігін.

Бағалау

Оқушыларды бағалау.

- Балалар, сабақ ұнады ма?

Қандай әсер алдыңдар?







Үйге тапсырма





Бүршік мәтінін оқу.Көктемгі бүршіктің пайда болуын бақыла.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал