7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему Тұңғыш қазақ ғарышкері. Бас әріппен жазылатын сөздер 1 сынып

Открытый урок на тему Тұңғыш қазақ ғарышкері. Бас әріппен жазылатын сөздер 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш қазақ ғарышкері.Бас әріппен жазылатын сөздер.

Сабақтың мақсаты:а/Оқушыларға бас әріппен жазылатын сөздер туралы түсінік беру;мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап бере білуге жетелеу;

ә/Оқушылардың сөздік қорларын,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

б/Қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, ойындар.

Сабақтың өтілу барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Балалардың сабаққа дайындығын пысықтау.

ІІ.Өткен сабақты тиянақтау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

-Ерте,ерте, ертеде.Ешкі жүні бөртеде.Бас әріп және кіші әріп екеуі дос болыпты.Олар ойнаса да, қуанса да,ренжісе де бірге екен.Күндердің бір күнінде бас әріп пен кіші әріп ойын үстінде ренжісіп қалады.Бас әріп кіші әріпке өзінің үлкен екенін дәлелдей түседі.Ал кіші әріп болса, еркелеп бас әріптің үлкендігін мойындар емес.Сонда бас әріп кіші әріпке былай дейді:

-Мен сенен үлкенмін,оның үстіне ең басты әріп мен боамын.Өйткені ме болмасам,ешкім де өз атын жаза алмайды.

Кіші әріп бас әріптің бұл сөзіне түсінбей таң қалады.

Оқулықпен жұмыс.

-Ал, балалар, олай болса бас әріппен жазылатын сөздермен танысайық.Ол үшін алдымен тұңғыш ғарышкер туралы өлең оқимыз.

220-жаттығу.

а/Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.

ә/Өлеңді оқушылардың оқуы.

б/Өлеңді талдау.

-Өлеңде кім туралы айтылған?

-Тоқтар Әубәкіров кім?

-Тағы қандай ғарышкерлерді білесің?

-Өлеңнің бірінші шумағын көшіріп жаз.Әубәкіров,Тоқтар,Гагарин сөздерінің астын сыз.Бұл сөздер неліктен бас әріппен жазылған деп ойлайсың?

-Сонымен, кісінің аты-жөні бас әріппен басталып жазылады екен.

Сергіту сәті.

«Мені ұмытпасын» дидактикалық ойыны.

Ойын мақсаты: оқушыларға кісі атын жаздыру арқылы бас әріптің жазылу емлесіне дағдыландыру.

Шарты:Оқушылар өз отбасында неше адам бар соны емлеге сәйкес дұрыс және жылдам орындауы қажет.Кім бұрын орындаса сол жеңімпаз аталады.

Дәптермен жұмыс.

221-222-жаттығулар.

ІҮ.Қорытынды.

Қосымша тапсырма.

Төмендегі сөздердің ішінен бас әріппен жазылатын сөздердің астын сыз.

Айгүл,Орындық, Қанат, Сәуле, Кітап, Нан, Жұлдыз, Гүл, Орман, Жанар,Айдос.

Ү.Үйге тапсырма.Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал