7


  • Учителю
  • Ертегілер Әдебиеттік оқу Бес ешкі

Ертегілер Әдебиеттік оқу Бес ешкі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер. Бес ешкі.

Сабақтың мақсаты: Халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегілер жайлы түсінік беріп, түсініп оқуға, ойланып сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету; сөздік қорын, тіл байлығын дамыту; адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, сурет, сызба.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.Бәрін ұғып алыңдар, ертегіге зер салыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Қорқытты қандай сауалдар көп ойландырады? (Ажал жайындағы ой қатты толғандырады, адамдар неге өледі?) Қорқыт түсінде не көрді?(ажал) Ол қандай сөзді байқаусызда айтып қалады? (Өгізшесі байлауын үзіп кеткенде. Өліп қалайын, бірақ іздеп тауып аламын.)

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Сүлеймен патша қандай бұйрық береді?

Үкі інілері Байғыз бен Жапалақты қайда жасырды?

Құстарды қыру міндеті кімге жүктелді?

Жапалақ Байғыз інісіне қандай опасыздық жасайды?

Ертегіде қандай құстардың аты аталады?

Ертегі кейіпкерлері арқылы адамның бойындағы қандай мінездерді байқауға болады?

Бұл ертегінің қай түріне жатады?

ІҮ . Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Ертегі дегеніміз не? Қандай ертегі білесіңдер?

Ү. Жаңа сабақ: 1. Ертегілер халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып есептеледі. «Ертегі» деген аты ертедегі, ерте кездегі деген сөздерден туған. Қазақ ертегілерінің бәрі әдетте «Ертеде бір бай болыпты», «Ертеде бір хан болыпты», «Ертеде бір кемпір мен шал болыпты» деп басталады.

2. Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?













«Бес ешкі» ертегісін оқысақ, ертегінің үшінші түрін оп - оңай табамыз.

3. Ертегіні түсініп оқу.

4. Сөздік жұмыс: Аят оқы - құран оқы, Иманыңды айта бер - құдайыңа сыйына бер, Шықшыты - жақ сүйектің шығыңқы келген төменгі тұсы, Бас сауғалау - өз басын алып қашу; өз басына азаттық сұрау; Зауал - сазайын тартқызу, жазасын беру.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Ертегі қалай басталады? Кедейдің далада боранда қалған малына не кез болады? Кедей малын қалай шақырады? Олар өз бастарын қорғау үшін не істегендерін қалай айтады? 2. Ұлып соққан қарлы боранда малдардың жасаған әрекеттерін тауып оқы.(ешкілері тасқа келіп ықтайды, тоқтысы көкпектің түбіне...,қамыстың арасындағы құдыққа күмп етеді...,). Қасқырдың өлейін деп жатып өкінген сөзін тап. Кедей малдарын қалай шақырғанын тауып оқы. Өзіңнің малыңды қалай шақырасың? 3. Диалогті рөлмен оқу.

ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Адалдық, шыншылдық дегенді қалай түсінесің? Суретпен жұмыс: Суреттен нені көріп тұрсың? Ертегі саған ұнады ма? Несімен ұнады ? Бұл ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсың?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: ертегіні оқу, әңгімелеу. 34-35 бет

2. Бағалау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал