7


  • Учителю
  • Морфология туралы түсінік (4 сынып)

Морфология туралы түсінік (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Морфология туралы түсінік

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Морфология-сөз бен оның формалары тұралы тіл білімінің бір саласы.

Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі бір мағынасы және қызметі болады. Мысалы, жолдастыққа деген сөз мынадай төрт бөлшектен тұрады: жол-дас-тық-қа. Бірінші жол бөлшегі "салған із" немесе "сапар" деген мағынаны білдірсе, оған -дас қосымшасы қосылған жолдас сөзі "серік" деген мағынаны беріп тұр. Бұл сөзге -тық қосымшасы жалғанып, адамдар арасындағы қатынас мағынасын білдіретін сөз жасалған. Соңғы -қа бөлшегі бұл сөзге жаңа мағына үстеп тұрған жоқ, басқа сөзбен байланыстыру қызметін атқарып тұрғанын түсіндіру, сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Жалпы мақсаттар

Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау

ББ кестесін толтыру

Қызығушылықты ояту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Морфология

Грамматика ғылымы тілдің грамматикалық құрылысын зерттегенде өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді жәнесөйлемді алады. Тексеру объектілерінің осындай ерекшеліктеріне қарай грамматика ғылымы морфология жәнесинтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді. Морфология - сөз және оның формалары туралы ілім. Морфология сөздің жасалу, түрлену, өзгеру жүйелерін, сөздің бөлшектенуі мен олардың әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметтерін зерттейді.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш

Бойымызға жинап күш.

Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс



Түбір мен қосымша.

Сөздің мағына беріп бөлінбейтін ең түпкі бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері - жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді: жол - із немесе сапар, сау - сүт алу, мектеп -оқитын орын, көр - көзбен байқау.

Осы түбірлерге жалғанған -дас, -тық (жолдастық де-ген сөзде), -ын, -шы (сауыншы деген сөзде), -тер, -дің (мектептердің деген созде), -ін, -ген (көрінген деген созде) болшектері қосымша деп аталады. Демек, түбірге жалғанған сөз бөлшегін қосымша деп атайды.

Қосымша жеке түрғанда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы -дас, -тық, -ын, т. б. қосымшаларда ешбір мағына жоқ. Кей қосымша түбірге қосылғанда сөзге жаңа мағына қосады.

1.Мақал - мәтелдердегі түбірлерді ажыратыңдар.

1) Ел ағасыз болмас,

Тон жағасыз болмас

2) Ақылды адам елге қарайды,

Ақылсыз адам өрге қарайды.

3) Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды.

4) Жолдасын таппаған ер азады.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын толтыру.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал