- Учителю
- Открытый урок қазақ тілі
Открытый урок қазақ тілі
Қазақ тілі
Сыныбы: 3
Тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер
Мақсаты: 1.Оқушыларға тұрлаусыз мүшелерді меңгерту;
2.сөйлем мүшелерін ажырата білуге, сөйлемнің мәнін терең ұғынып, мағынасын аша білуге үйрету, сыни тұрғыдан ойлауын, тілдерін дамыту;
3.өз көзқарастарын дәлелдей білуге, пікірлерін еркін айтуға, ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Пайдаланған әдіс: Жұппен, топпен, ой қозғау, сұрақ-жауап, талдау, іздену, салыстыру;
Көрнекілік: интербелсенді тақта, стикерлер, смайликтер, түрлі-түсті маркер, ватман, үлестірмелі тапсырмалар, оқулық, дәптер.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, сурет, музыка.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу;
Ә) Психологиялық дайындық; Шаттық шеңбері.
О, достарым, келіңдер,
Қуанып қазір қол соғам.
Мынау менің жүрегім,
Одан бәрі басталар.
Мынау менің басым,
Осы бәрін басқарар.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым.
Жалықпаймыз, саспаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Б) Топтарға бөлу. Топ басшыларын-спикерлерді сайлау.
2. Үй тапсырмасын тексеру; Белсенді тақтадағы берілген тапсырмаларды өзара топта постер қорғау арқылы өз білімдерін тиянақтау;
1-тапсырма:
1-топ: Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Олар қалай жасалады?
2-топ: Бастауыш дегеніміз не? Ол туралы не білеміз?
3-топ: Баяндауыш дегеніміз не? Ол туралы не білеміз?
4-топ: Қай кезде бастауыштан кейін сызықша қойылады? Мысалмен дәлелде.
Оқушылар өздеріне жүктелген тапсырманы тақтаның алдында қорғайды.
3. Жаңа сабақ: « Есептейік, ойнайық, Сөзді таппай қоймайық!» демекші көбейту кестесін тексеру арқылы «Миға шабуыл» жасап, 2-тапсырманы орындау. Жаңа сабақтың тақырыбын оқушыларға ашқызу.
4 9 16 25 30 28 24 18 54 42 35 24 18 36 48 56
Т Ұ Р Л А У С Ы З М Ү Ш Е Л Е Р
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Тұрлаусыз мүшелер» екеніне көз жеткіздік. Олай болса сабағымызды одан әрі жалғастырайық.
3-тапсырма: «Мағынаны тану» 2 бағандағы сөйлемдерді салыстыра отырып, тақырыптың ережесін, мағынасын оқушылар өздері табу керек.Ережемен жұмыс. -Тұрлаусыз мүше дегеніміз бастауыш пен баяндауыштың ойын әрі қарай толықтап, анықтап, пысықтап тұратын сөйлемнің мүшелерін атаймыз.
4. Дәптермен жұмыс.
А) Бүгінгі күннің жадын жазу;
Ә) Тақырыпты жазу;
Б) Көркем жазу: Сіз деген-әдеп, Біз деген- көмек.
5-тапсырма: Топтық жұмыс. Әр топтан бір-бір баладан тақтаға шығып, өздеріне ұнаған қарды таңдап, қардың артындағы тапсырманы топпен орындау; Мысалы: 1. Сызба арқылы сөйлем құраңдар.
2.Сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелерді қосып жаз:
Жел соқты. Жапырақтар сарғаяды. Айгүл барды. Балалар ойнады.
3. Адасқан әріптердің орнын тап және сөйлем мүшесіне талда.
ИБЛЫ ЗҮК РЕТЕ ҮТСІТ. ЛІМАҒҰМ ЫДШЫОҚУРАЛ ТАҚАМДЫ.
4. Оқулықпен жұмыс: 80 бет. 2-жаттығу. Сұрақтарға жауап жазып, олардың қандай мүшелері екенін анықтау, талдау.Мысалы: Азат ( нені?) тазалады. Оқушылар (неге?) қатысты. Қайсар (қандай?) велосипед сатып алды. Әлия (немен?) сурет салды.
6. Сергіту сәті: «Мен шымшық, сен шымшық!» ойынын ойнату;
7. Шығармашылық жұмыс: Оқулықтағы 5-жаттығу бойынша:
1-топ: 4-жол өлең құрастыру;
2-топ: Суретін салу;
3-топ: Шағын әңгіме құрастыру. Эссе жазу.
4-топ: Мақал-мәтелдер айту, жұмбақтар айту.
4.Жаңа сабақты қорытындылауда ВЕНН диаграммасы бойынша аяқтау;
5. Оқушыларды бағалау: Бағалау парағы арқылы топ басшылары бағалайды;
6. Рефлексия: Оқушылар сабақ бойы қандай күйде болғанын, сабақтың ұнағаны, ұнамағаны жайында стикерге жазып, кері байланысқа ілу, қыстыру.
7. Үйге тапсырма: 81 бет. 4-жаттығу. Ережемен жұмыс.