7


Дауыссыз н мен ң

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз н мен ң

Сабақтың мақсаты: а/Оқушыларды н мен ң әріптерінт айыра білуге

дағдыландыру.

ә/Ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу;

б/Ойлау,сөйлеу, есту қабілеттерін дамыту;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, топшамалар, сызбалар.

Сабақтың өтілу барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Балалардың сабаққа дайындығын пысықтау.

ІІ.Өткен сабақты пысықтау.

Ережелерді пысықтап өту.

ІІІ.Жаңа сабақ.

1-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазу.

Мен достарыма көмектесуге дайынмын.Арманның бетінде оймақтай мең бар.Көмір-пайдалы кен.Кең далада мал жайылып жүр.Шың басында аппақ бұлттар қалқиды.Оның айтқаны шын еді.

Қарамен жазылған сөздерді салыстыру.Мағыналарының екі түрлі болуын түсіндіру.Осы сөздерге мысалдар келтіру.

Дәптер мен жұмыс.

2-жаттығу.

Сөздерді көшіріп жазып, мағыналарын түсіндіру. Н,ң әріптерінің астын сызу.

Қауын, жауын, жауынгер, сәнқой, көнгіш, сенгіш.

Таңғыш, шаңғы, мәңгілік, әңгелек, үңгір, ертеңгі.

Өздері қалаған бірнеше сөзді қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.

Сергіту сәті.

3-жаттығу.

Мәтінді мәнерлеп оқы.Н әрпімен аяқталған сөздерді тап.

Мәтін бойынша сұрақтар:

Шөмеле деген сөзді қалай түсінесің?

Мәтіндегі адам аттарын апта күндеріне айналдыру.

Апта күндеріне ұқсас тағы қандай есімдер білесің?

өз бетінше орындау.

4-жаттығу.

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөздердікөшіріп жазу.

Жа..ғақ, мо..шақ, а..шы, тү..гі, көле..ке, сауы..шы,ә..гіме, ә..ші.

Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру.

5-жаттығу.көп нүктенің орнына н,ң әріптерінің тиістісін қойып, өлеңді мәнерлеп оқу.қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Шымбұлақта.

Бора..датып,

Құйы..датып құлдилай,

Бірде қарғып,

Бірде орғып ылдилай,

Шы.. басынан

Жөнелгенде төме..ге,

Нағыз шебер,

Ша..ғыға ерік бере ме?

ІҮ.қорытынды.

Ү.Үйге тапсырма.

6-жаттығу.Өлеңді оқу. Мен, мең, кен, кең, сен, сең сөздерін пайдаланып, өлең құрастырып көру.

ҮІ.Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал